«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


  12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МҦҒАЛІМНІҢ МАҚСАТЫ



Pdf көрінісі
бет4/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
 



12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МҦҒАЛІМНІҢ МАҚСАТЫ 
 
Сарбозов А.Ж. 
«Информатика» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Шоңғалова Қ.С. 
«Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана 
жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі 
орын – мұғалімдердікі», - деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев. 
Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім 
нәрімен сусындаған оқушы. Ал білім негізі бастауыш сыныптан бастап 
қаланатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға сапалы 
білім берудің тиімді жолдарын іздестіру ӛзекті мәселелердің бірі болып отыр. 
Оқушылардың ӛз - ӛзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, 
ӛтілетін сабақтың оқу - материалдарын терең ұғына білуге баулыу, ой - ӛрісін 
дамытатындай логикалық ой тастау - мұғалімнің шеберлігіне байланысты. 
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп 
тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті.Осы міндеттерді 
орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды ӛзгерістер 
ӛрістеуде.Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі 
құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. 
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын 
алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа 
әлемдегі–Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім 
берудің сапасын жаңарту мен әлемдік білім стандартына сәйкес ұлттық білім 
беру жүйесін құру екендігі қажет» - деп атап кӛрсетті. ХХІ ғасырда 
Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12 жылдық білім беру 
жүйесінің енгізілуі уақыт талабы болып отыр. Қоғамымыздың әлеуметтік–
экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты 
бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап, жаңаша 
талап қоюды қажет етеді. Бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы елдердің барлығы 
жалпы білім берудегі жаңа жүйені ұсына отырып, соның ішінде кӛпжылдық 
білім беру бүгінгі күннің айқын талабы екені кӛрінуде. Демек, 12 жылдық 
жалпы білім беру жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңа жүйесімен білім мен 
тәрбиенің ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеп, оны ұтымды түрде білім 
беруге енгізу кӛкейкесті мәселеге айналып отыр. 
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, 
соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі 
маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына ӛзіндік үлес 
қоса алатын, ӛзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті 
тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет.Себебі, ел 
тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана ӛркениет алға дамымақ. 



12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, ӛз 
пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген 
шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, ӛзін-ӛзі танып, 
келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, 
мәдени, саяси, ӛміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-
педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. 
12 жылдық мектепке кӛшудің педагогикалық-психологиялық негіздері 
Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындалған 
тенденциялары әр халықтың гүлденіп ӛркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік 
ӛзгерістердің 
білімге 
байланыстылығын, 
жалпы 
білім 
саласының 
маңыздылығын 
дәлелдейді. 
Әрбір 
мемлекеттің 
интеллектуалдық, 
экономикалық, парасаттылық және мәдени қарымы білім саласының күйіне 
және оның прогрессивтік даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екендігін 
педагогика ғылымы мен білімінің даму тарихы айқындайды. Осы тұрғыдан 
алғанда егемен Қазақстанның ғылымы мен білімінің стратегиясы білім беру 
жүйесінің ұлттық білім мен тәлім-тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік 
білім кеңістігіне кірігумен анықталады [1]. 
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов «Жалғыз 
сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, 
дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. 
Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні - қараң, 
келешегі - тұман,»- деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа кӛрсеткен. 
Ал, А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы 
ӛздігінен алуы керек. Мұғалімнің басты қызметі - оқушы ұзақ жолды қысқарту 
үшін және сол жолдан қиналмай ӛтуі үшін керек білімді кешіктірмей, кезінде 
беріп отыру үшін балаларға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бет 
алысын діттеген мақсатына қарай түзеп отыру. Егеменді еліміздің ӛсіп келе 
жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, ӛзіне-ӛзі сенімді, 
интелектуалды деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп 
тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның 
дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп ӛмірі балаға 
жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. 
Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, 
күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер 
ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы –бастауыш мектеп [2]. 
Бастауыш саты- білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып 
табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға 
талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан оның сипаты мен 
мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты 
талданып отыр. Ӛйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, 
белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда 
жүзеге 
аспақ. 
Оқушының 
рухани 
күш-қуаты 
мен 
ерік-жігерінің, 
шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш 
мектептің негізгі міндеті- жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын 



қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын 
қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып 
табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға- Ұстаз. Тек 
мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады [3]. 
Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі 
ӛзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашылық тұлға 
қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. 
Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат 
баласының ӛз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін, 
тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін 
жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. 
Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты 
алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз 
тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, 
еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан ұстаз болу - 
жүректің батырлығы! 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
«12 жылдық білім беру» журналы 2-2016ж.
2. 
С.Әбенбаев, Ж.Әбиев «Педагогика» Астана-2009ж. 
3. 
«12 жылдық білім беру» журналы 4-2016ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет