«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ



Pdf көрінісі
бет8/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 
МЕН БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ КӚЗІМЕН 
 
Шарипова Д. 
«Математика» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі:Абдрахманова М.Т. 
 
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі асқақтаған күмбездер де, ғимараттар 
да,экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. 
Коғам талабына сай сол қоғамды кӛркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең 
маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен 
техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де ӛзгеріп отыратыны белгілі. 
Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа кӛзқарас, 
жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек 
білім арқылы келеді. 
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру саласы ӛркениетті 
әлемнен ӛзіне лайық орын алу үшін адамзат тәжірибесіндегі озық үлгі, тиімді 
үрдістерді ӛз білім беру жүйесіне енгізе отырып, дамудың жаңа сатыларына 
кӛтеріліп келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық 
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында: 
«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шаралардың 
маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен 
технологияларды енгізу. Кәсіптік- техникалық білім берудің озық 
мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық 
білім беру жүйесіне таратып,барлық білім беру мекемелерін солардың 
деңгейіне тарту қажет. Екіншіден, «Педагогтар құрамының сапасын 
арттырудың маңызы зор»,- деп атап кӛрсетіп, Қазақстанды әлемдік деңгейдегі 
білім орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойып отыр. 
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін 
ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең 
негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық 
қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз ӛзінің дамуының 
ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен 
мазмұнын айқындап берді. 
Қазақстан 
Республикасы 
Тәуелсіздіктің 
20 
жылында 
еліміздің 
экономикалық және әлеуметтік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғырту 
мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру 
жүйесіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақстанның алғашқы құқықтық 
құжаттарының бірі Тәуелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. 
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім 
моделін жасау.Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең 
негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рӛліне, әлеуметтік 
жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани 
жан-дүниесінің баюына, саяси кӛзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен 


20 
белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасауына, мүмкіндік 
беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы жаратылыстану мен гуманитарлық 
ғылымдар бойынша ой-ӛрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, 
кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, 
басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба 
алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рӛл атқаратын, 
қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс.
Білім беру аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны 
реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда 
қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-
ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі ӛзгертуге бағытталған 
біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа 
үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті 
факторлар: 
-Қазақстан 
Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып 
қалыптасуы; 
-экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін 
дамыту; 
-ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр. 
Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика 
жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-
қайшылықтарсыз емес. Мұның ӛзі мамандардан кәсіби икемділік пен 
ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен ӛзін-ӛзі басқару, ӛзін-ӛзі 
ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді 
Елбасымыз білім беру жүйесін жаңғырту бағытында алдымызға ұлан-
ғайыр міндеттер қойды. Оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен 
технологияларды енгізу уақыт талабы екенін ұғынатын мезгіл жетті. Сонда ғана 
қазақстандық білім беру жүйесі одан әрі ӛркендеп, халықаралық стандарттарға 
теңесетін болады. Елбасы Қазақстан халқына арналған Жолдауында оқу 
үдерісіне осы заманғы әдістеме мен ақпаратты технологияны енгізу қажеттігін 
атап кӛрсетті. Бүгінде оқу-әдістемелік базаны кредиттік технологиясыз кӛзге 
елестетудің ӛзі қиын. Оқу үрдісіне оқытудың интерактивті технологиясын 
енгізу, оның ішінде, қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану, инженерлік-
техникалық мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту, 
электронды 
оқу 
залдарының 
санын 
кӛбейту, 
ғылыми-зерттеулерді 
ұйымдастыру кеңінен жалғасып келеді [1]. 
Алға қойылған мақсат 12 жылдық білім беру жүйесіне кӛшу бүкіл білім 
беру жүйесін жаңалауды, оны оқушылардың жас, жеке дара психологиялық 
және шығармашылық қабілеттеріне лайықтауды қажет етеді. Баланың бойында 
оның ӛміріне қажетті іс әрекет тәсілдері мен технологияларын қалыптастыруға 
негізделген оқытуды ұйымдастырудың амал тәсілдерін, формалары мен 
әдістерін айқындау қазіргі таңда кезек күттірмейтін кӛкейкесті мәселелердің 
бірі.


21 
12 жылдық білім берудің мақсаты: 
• Ӛз ойын еркін айта алатын; 
• Ӛзін кӛрсете білетін; 
• Ӛзін - ӛзі дамыта алатын; 
• Жоғары білімді; 
• Ұлттық тілді; 
• Тарихты жетік меңгерген; 
• Бәсекеге қабілетті; 
•Отандық, әлемдік мәдениеті бойында қалыптасқан – тұлғаны 
қалыптастыру болып табылады. 
Бұл мақсат - міндеттерді іске асыру үшін білім беру жүйесі оқытудың жаңа 
технологияларын дұрыс ұйымдастыруы қажет.Білім беру жүйесі қызығы мен 
қиындығы мол күрделі сала. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру 
тәрбиелеу әр бір ұстаздың оқу тәрбие үрдісіндегі басты міндеті. Кейбір 
мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса, кейбіреулері жаңашыл 
мұғалімдердің тәжірибесін қолданады. Қандай әдісті пайдаланса да мақсат-
бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру. Осы орайда 
оқушылардың білімін жетілдіріп, дамыту жолында болашағы бар
шығармашылықпен 
жумыс 
істейтін 
тәжірибелі 
мүғалімдер, 
жаңа 
технологияның тиімді әдіс тәсілдерін жас ұрпаққа бойына сіңіре отырып, 
жұмыс істеуде [2]. 
Мемлекетіміздің ата заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы ӛзін 
демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретірде орнықтырады. 
Оның басты қазынасы адам және адамның ӛмірі, құқықтары мен 
бостандықтары» деген қастерлі сӛзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет 
құрамыз деген заманда әрбір адам ӛз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі 
саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне 
адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. 
Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұжырымдамасы білім 
болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне 
енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл 
жол деп айтуымызға болады.Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни 
экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол сол елдің білімінің 
дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер 
қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін 
абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі мемлекет 
тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат. Олай болса 
еліміздің болашағы болып табылатын жас мамандарға білім беретін ЖОО-дың 
білім жүйесін дамыту заман талабы, деп айтуымызға болады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Е.Сағындықұлы «Педагогика». Алматы -1999. 
2. 
ҚР- ның білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы, Астана 2010ж. 


22 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет