«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»



Pdf көрінісі
бет6/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
 
 
 
 
 
 
 
 


11 
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІМ БЕРУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ 
 
Балтабаева И.Қ. 
«Биология » мамандығының 1 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Хамитова К.К. 
Мемлекет басшысы қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашақ-қа 
бастар жол» Жолдауында «Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл 
шаруашылығын дамыту жалғаса береді. Біз жалпы ұлттық идеямыз – 
мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға 
айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда 
бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер тӛгуіміз керек» деген болатын. 
Болашақтың бүгінненде нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға 
апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, ӛсіп- ӛркен-деуі, 
әлемде ӛзіндік орын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасының жайына 
байланысты екенін ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа 
Жолдауында ерекше атап ӛткен болатын.Қазақстан Республикасы жалпы білім 
берудің жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңіне қадам басты. Білім берудегі басты 
мақсат жан- жақты дамыған, білімді, ӛмір сүруге бейім, ӛзіндік ой – толғамы 
бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.ХХІ 
ғасыр – білім ғасыры. «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған мемлекет 
тоқырауға ұшырайтыны сӛзсіз, барлық нәрсе мектептен басталады» деген 
Елбасы сӛзінде үлкен мән бар.Егемен еліміздің 2011-2020 жылдарға дейінгі 
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сай
Қазақстандық білім беру жүйесінің маңызы міндеті- білім беру мазмұны 
мен құрылымын жаңғырту, яғни жаңа мазмұнда білім беру моделін 
қарастыру[1,28-б].
Білім беру моделі деңгейі - экономикалық және ғылыми техникалық 
процестің ең негізгі кӛрсеткіші, ал сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға 
негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті 
етіп, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бір 
қабілетін кемеліне келтіріп, жан-жақты тұлға тәрбиелеу деген сӛз.Оқу мен 
тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі білім беру болып табылады. 
Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат – жан- жақты білімді, ӛмір 
сүруге бейім, ӛзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары,бәсекеге қабілетті 
жеке тұлғаны тәрбиелеу.Әлемдік қауымдастық қатарында ӛзіне лайықты орын 
белгіленген бізің мемлекетіміз үшін жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу 
қажеттілігінен 12 жылдық білім беру жүйесіне кӛшу талап етіліп отыр [2,12б]. 
Білім саласын арттыру бағдарламасының міндеттері мынандай болуы тиіс: 
 Басқару құжаттарын әзірлеу жүйесін дамыту; 
 Білім сапасын диагностикалау; 
 Оқытудың әдістемелік жүйесін жақсарту; 
 Білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік формасын енгізу; 
 Білім сапасына мектептің күллі қызметкерлерін жұмылдыру; 


12 
 Білім сапасын арттыру мақсатында жаңа технологияларды қолдану; 
 Ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру; 
Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтің жауапкершілігі аса зор.
Сондықтан қазіргі заман талабы мұғалімнен кәсібей білімді, білікпен 
дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығуды және білім беру 
қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогикамен 
психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді [3, 3-4б.]. 
Осыған орай, қазір педагогикалық ұжым білім сапасын арттыру, болашақ 
білімді азамат қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіптік шеберлігін, құзыр- 
лылығын кӛтере түсу мақсатында мектеп оқу- тәрбие ісінегі шаралардың, 
әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістерін 
кеңінен қолданып жүр. Сонымен қатар озық нәтижелер бойынша іс- тәжірибе 
тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апта0лықтар, 
оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, 
конференциялар ұйымдастырылып ӛткізу жүйесі жалғасын тауып келеді.Білім 
сапасын арттыру бағытындағы бағдарламада мына мәселелер қамтылған: 
 Жеке тұлғаны, яғни шығармашылықпен жұмыс істейтін дарынды тұлға
қалыптастыру үшін ауылдағы 2-5 жас аралығындағы барлық сәбилерді 
тегін бала- бақшамен қамтамасыз ету; 
 ШО пен МАД топтарын оқу әдістемелік және ақпараттық-техникалық
құралдармен жабдықтау; 
 Бастауыш сынып кабинеттерін жаңа үлгімен жасақтап, әр пән бойынша
кӛрнекіліктермен толықтыру: 
 Мектептің барлық пән кабинеттерін күнделікті сабаққа қажетті техника- 
лық құралдармен қамтамасыз ету; 
 Дарынды оқушылардың жұмысын жолға қою, әрбір оқушыны дарынды 
лыққа жетелеу; 
 ШО, МАД және орта буын мен негізгі саты арасындағы сабақтастық 
жүргізілу формаларын әрбір мұғалімдерге міндеттеу; 
 Барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету; 
 Педагог мамандардың сабақ беру шеберлігін арттыру мақсатында 
біліктілігін кӛтеру үшін қайта даярлау курстарында оқыту; 
 Оқушыларды ойлай білуге және әр түрлі проблемаларды ӛздігінен шеше 
білуге тәрбиелеу; 
 Ізгілікті таным білімге негізделген сӛздік қорларын кӛбейту; 
 Сабақ үрдісінде жаңа технологияларды қолдану; 
 Пәндері тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу; 
 Математика пәні бойынша сағат санын молайту; т.б 
Білім беру қызметінің негізгі бӛлігі білім сапасын арттыру бағытына 
негізделген. Бұл қызметтін жоспарында жұмыс бағыты мынадай ұстан-ымдар 
бойынша атқарылады: 
 Тұлғаны дамыту; 
 Педагог мәртебесін кӛтеру; 


13 
 Оқытып-үйрету әдістері; 
 Іздестіру жұмыстарына бағыттайтын ынтымақтастық; 
 Оқушы позициясы; 
 Жаңа ақпараттық технология; 
 Бәсекеге қабілеттілік; 
Білім сапасы, негізінен оқу материялын игертіп қана қоймай, сонымен 
бірге оқушылардың интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыдан дамуына, 
педагогтардың қарым-қатынасын ізгілендіруге он ықпал етеді [4,3-4б].
Мектептегі 
оқу 
үрдісі 
оқушылардың 
ізденпаздығын, 
танымық 
белсенділігін шығармашылық әлеуметін дамытуына жол ашу болып табылады. 
Оқу үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан оқушының ӛзіндік жұмысы, дербес іс 
– әрекеті мұғалімнін басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын, 
белсенділігін, ӛз ықпалымен жасайтын ерікті де керек етеді. Осыған 
байланысты кейбір педагогтар мен психологтар пікірі де әсер етеді.
Еліміздің білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасында:
«Жылдам ӛзгеріп отыратын заманда алынған білімнін, кәсібей 
дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, ӛзін-ӛзі іске асыруға, ӛз- ӛзін 
дамытуға және ӛз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер 
қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты кӛрсетілді [5,10-
11б]. 
Тәуелсіз Қазақстан әрдайым дамудың жаңа жолын іздеп, ұзақ мерзімді 
жоспарды басшылыққа алып келеді.Бұл нағыз қажеттілік деп білемін.
Болашақ жас ұрпақтардың қамын ойлаған кезде ғана артта қалып 
қоймаймыз.«Білім басы-бейнет, соңы- зейнет» дегендей, еліміз білім беру 
саласы ӛркениетті әлемнен ӛзіне лайықты орын алу үшін адамзат 
тәжірибесіндегі озық үлгі,тиімді үрдістерді қолдана отырып ел басымыз 
айтқандай бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығудың даңғыл жолы 
ашылуда. 
Болашақ ұстаз ретінде тәуелсіз елімізді ӛзге елдермен терезесі тең, керегесі 
кең, алдағы күндерге сеніммен қарап, нық қадам баса алатын, кӛшбасшылыққа 
дайын, рухани жағынан бай ұрпақ тәрбиелеп, оларға «Ұлы Ӛмір» атты үлкен 
жолға бағыт бағдар бере алатындай білімді де, білікті ұстаз болып, ӛз үлесімді 
қосар едім. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
«Мектеп» Жарқынбек Тӛлтебай №12 (153) 3б
2. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б 
3. 
Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту 
тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б. 
4. 
«Қазақстан мектебі» Бектенғалиева Сәния 2012 жылы 10-11 б 
5. 
«Биология және салауаттылық» 2013жылы 12б 


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет