«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ



Pdf көрінісі
бет52/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
 
Сәкен Д.С. 
«Математика» мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі:Ұзақова Б.З. 
 
Білім - тоқтаусыз, толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр адамның дамуы оның 
қызуғышылығының жан-жаққа назар аударуы. Бұл - әр адамның ӛзін-ӛзі 
жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан ӛзіне сыни 
баға бере алуы, айналаны ӛзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның 
интеллектуалдық, рухани күші артып, тұлғалылығы қалыптасады [1]. 
Білім жүйесі - аса күрделі және жауапты сала екендігін, оны реформалауда 
қателіктер жіберілсе, бірнеше ұрпақтың тағдырына, мемлекетіміз бен 
ұлтымыздың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан 
білімнің сапасын арттыру үшін бүкіл білім жүйесінде қысқа мерзім ішінде күрт 
ӛзгерістер жасаудың қауіпті екенін әрқашан ескеру қажет. 


144 
Қазіргі 
білім 
жүйесінің 
басты 
кемшілігі 
білім 
мазмұнының 
шашыраңқылығы. Жаңа технологиялардың жетіліп ӛндіріске енуіне сәйкес, 
білім берудің дер кезінде жаңарып, жетіліп, қоғаммен бірге бейімделіп отыруға 
қабілетсіздігі және де консервативті, орталықтандырылған, жабық және 
шектеулі түрде болуында деп есептеймін. Оның үстіне, соңғы он бес жылдың 
кӛлемінде мектептердің оқу-материалдық, кадрлық базасының моральдық та, 
материалдық та жағынан барынша ескіріп, құлдырап кетуі білім сапасына 
орасан зор зиянын тигізгені белгілі. 
Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы 
«инновациялар» енгізілуде. Азды-кӛпті мемлекеттік реформалар жүргізіліп, 
оқыту әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде. Білім беру саласына 
енген жаңалықтарға мына ӛзгерістерді жатқызамыз: 
 оқу-тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуын; 
 білімнің қоғамдағы орны, және сол жүйені қаржыландыру деңгейін; 
 тәрбие және білім жүйесі құрылымын; 
 білім 
беру 
мазмұнын, 
яғни 
оқу 
жоспарларындағы 
және 
бағдарламаларындағы ӛзгерістерді; 
 мектептің ішкі ұйымдастырушылық әрекеттерін айтуға болады. 
Мектептің мемлекет алдындағы жауапкершілігі жоғары болуы қажет. 
Ӛйткені жасбаланың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастырып, білім 
нәрінен сусындатар, ӛзінің дәстүрінен алшақтатпай, туған тілін, салт-дәстүрін 
қажетті деңгейде үйрету-басты міндет. Осындай мақсат, міндеттерді үнемі 
ұстанып отырған мектептің жетер жетістігі, бағындырар биігі зор болмақ және 
сол мектептің түлектері де еліміз үшін тигізер пайдасы мол болмақ [1.б.242]. 
Осыған 
байланысты, 
Қазақстан 
Республикасының 
білім 
беру 
стратегиясындағы басты концепция - ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім 
үлгісінің негізгі мақсаты-адамның ең негізгі құндылық ретінде мойындау және 
солтұрғыда қалыптастыру, оның қоғамдағы орны мен рӛліне, әлеуметтік 
жағдайына, мәдени-рухани дамуына ерекше мән беріп, соларқылы оның рухани 
жан дүниесінің жетілуіне, әлеуметтік-саяси кӛзқарастарының, шығармашылық 
еркіндігі мен белсенділігінің, әлеуметтік мәдениетінің, кәсіби іскерлігінің 
қалыптасуына жағдай туғызу. Яғни, келешек маман білікті әрі білімді, ең 
алдымен рухани тұрғыда кемелденген, ұлттық ділі мықты, әлеуметтік 
мәдениеті қалыптасқан, халық, ұлталдындағы жауапкершілік сезімі жоғары 
дара тұлға болуы тиіс.
Бүгінгі күні мектептерде оқушы білімін бағалаудың тәсілі ретінде тестілеу, 
бақылау жұмыстары және де «5» баллдық жүйесі кең қолданыс табуда. Алайда 
бұл әдістер - оқушылар жетістігін бағалау технологиясының бірі ғана. Қазіргі 
уақытта оқыту нәтижесін бағалаудың басқа да әдіс-тәсілдері бар. Оқушылар 
білімін бағалаудың жаңадан ойлап табылған тәсілдерінің бірі-портфолио. 
Портфолио - оқушының жеке жетістігін жинақтау және бағалау тәсілі. 
Американдық және еуропалық білім беруде протфолио «оқушы жұмысының 
жетістігі мен озықтығын кӛрсететін коллекция» ретінде анықталады. 
Портфолионы мектепте пайдалану идеясы ӛткен ғасырдың 80-жылдары АҚШ-


145 
та пайда болды. Бұл әдістеме оқушылардың қызығушылық аясын анықтауға
олардың ӛз бейініне сәйкес мектептердің жоғары сатысында сауатты түрде 
таңдау жасауға мүмкіндік береді. 
Портфолионың қолданыстағы бағалау жүйесінен басты айырмашылағы 
неде? Бағалаудың 5 балдық дәстүрлі жүйесі мен тестілеу негізіне, білімдегі 
кемшіліктерді анықтаса, портфолио оқушылардың үйірме, олимпиада, жарыс, 
шығармашылық 
конкурстар, 
сабақтардағы 
жетістіктерін 
кӛрсетеді. 
Портфолионың негізгі мақсаты: оқушылардың білім алу процесі бойынша 
есебін ұсыну, оның оқудағы жетістігін бақылау, маңызды білім нәтижесін кӛру, 
оқушы жетістігін сапалық және сандық жағынан бағалау. Оқушының 
портфолиосы-сертификатталған жеке білім жетістіктерінің портфелі. Оған 
жататындар: диплом, грамота, оқушының мектепте және одан тыс белсенділігі 
мен табысын растайтын басқа да ресми құжаттар. 
Еліміздің оқу-білім саласына жаңадан жүргізіліп отырған үлкен 
саясатының бірі - ол ел азаматтарының үштілді меңгеруі. Бұл жалпы білім 
бертін орта мектептің алдына жеткеншектердің мектептен қазақ, орыс және 
шетел тілін меңгеріп шығу міндетін қойып отыр [2.б.112]. 
Осыған орай, жалпы білім беретін орта мектептерге ағылшын тілін 2 және 
5-сыныптан тереңдетіп оқытуға арналған арнайы бағдарламалар құрылды. 
Шетел тілін 2-3 түрлі деңгейде тереңдетіп оқыту үшін біртұтас тұрақты 
академиялық оқулықтардың орнына, дидактикалық талаптарға жауап бере 
алатындай ӛзгермелі, яғни кӛпдеңгейлі оқулықтардың болғаны абзал деп 
ойлаймын. Бастауыш сыныптарда негізгі білім дұрыс қаланған болса, әр 
түлекке болашақта тілдерді тереңдетіп оқу жеңіл болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Н.Д.Хмель, Г.Т. Хайруллин, Б.И.Муканова. «Педагогика» Алматы. 2005ж. 
242б. 
2. 
С.Әбенбаев, Ж.Әбиев «Педагогика» Астана. 2009ж. 112б 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет