«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ЕЛ МӘДЕНИЕТІ ТІЛДЕН БАСТАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет24/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

ЕЛ МӘДЕНИЕТІ ТІЛДЕН БАСТАЛАДЫ 
 
Ғалымжанова А. 
«Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Акылбекова Э.А. 
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген екі қазақтың бірі оны ұлттың 
рухына, халықтың қазына-байлығына балайтыны бар. Талас жоқ, бәрі дұрыс. 
Халықтың қасиетті тілімізге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес. Кейбіреулерін 
атап ӛтейік: «Тіл – халықтың жаны, ділі, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы», 
«Тіл – атадан қалған асыл мұра», «Тіл – асыл ойдың бұлағы», «Тіл – ел 
басқарудың құралы», «Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры», «Тіл – елдігіміздің 
іргетасы», «Тіл – білім, тәрбие тұғыры», «Тіл – татулық тірегі», «Тіл – 
тәуелсіздік тұғыры», «Тіл – достықтың мерейі», «Әдеп басы – тіл», «Тілді 


67 
қорлау – халықты қорлау», «Тілі ӛлген ел – тірі ӛлген ел», «Тіл - ӛлшеусіз 
қазына, ӛрісі кең әлем», «Ұлттың қуаты – тілінде» [1]. 
Бұл тәрізді халықтың жүрегінен шыққан, ана тіліне деген мейірім, 
махаббат сезімін білдіретін қанатты сӛздер кӛп-ақ. «Халықтікі» деп 
отырғанымыздың себебі – кӛбісінің авторы белгісіз, ұмыт болған. Бірақ олар – 
ел қамын жеген, тіл тағдырына бейтарап қала алмаған халық перзенттері. Және 
бұлар ойланып-толғанып барып, ақиқатқа кӛзін жеткізіп барып айтылған ой-
тұжырымдар. Бұл тәрізді ой-тұжырымдардың баршасы – ел аузынан түспей, 
ғасырлар ӛтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сӛздер. 
Сӛзіміз дәйекті болу үшін бірер дерек келтіре кетейік: мәселен, «Тәрбие 
басы – тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сӛзді ХІ 
ғасырдың ұлы филологі – Махмут Қашғари айтса, «Әдеп басы – тіл» деген 
тағылым-ӛсиет ХІІ ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі – Ахмет Йүгнәкийдің 
есіміне қатысты. 
Бұлардың баршасы - ӛз кезінде айтыла салған әсіре қызыл сӛз емес, ойшыл 
да ақылман бабаларымыздың ӛмірден алынған, жүрегінен қайнап шыққан, 
құдіреті күшті ана тіліміздің қадір-қасиетін терең түсінуден туындаған қанатты 
сӛздер. 
Үзілмей келе жатқан даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да 
кӛріп отырмыз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл да абзал 
қасиеттерін тап басып танып, қанатты сӛзге айналдырып жіберген 
зиялыларымыз да баршылық. Олардың бір айырмашылығы: тіл туралы айтқан 
ой-тұжырымын нақтылы деректермен дәлелдеп, сипаттап айтады. Мысалы, 
заманымыздың әйгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовтың: «Әрбір халық жер 
бетінде мәңгі-бақи жасау үшін келеді» деген пікірі бар. Осы пікірге унисон 
айтылған Ғабеңнің де тілге байланысты «Тіл – мәңгіліктің мәңгілігі» деген 
пікірі бар [2]. Және бұл пікір мынандай жағдаятта дүниеге келгенін кӛреміз: 
«Ана тілі дегеніміз – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан (және жасай да 
бермекші - Ә.Ә.) халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да 
танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек ӛгей ұлдары ғана 
менсінбейді, ӛгей ұлдары ғана аяққа басады. Ана тілін ұмытқан адам ӛз 
халқының ӛткенінен де, болашағынан да қол үзеді» (Ғ.Мүсірепов). 
Тағы бір мысал. «Тіл – халықтың жаны» деген қанатты сӛздің жәй айтыла 
салған әсіре қызыл сӛз емес, ӛмірлік мәні зор философиялық кредо екендігін 
дәлелдейтін ой-тұжырымды біз жазушы Дүкенбай Досжаннан естідік. Ол: 
«Менің жаным - қазақ тілінде» деп алып, соны дәлелдейді. Ана тіліміздің 
жаршысы, ар-намысы, ұйытқысы саналатын қаламгерлер қауымының жаны ӛз 
тілінде болса, онда халқының жаны да сол тілде болғаны ғой. Сол Д.Досжан 
әңгімесін мынандай салыстыру арқылы ӛрбітеді: «Ертеде былай дейтін: «Пәлен 
жерде Ӛтеген» деген сұрапыл күш иесі дәу тұрады. Оны жеңу ӛте қиын. 
Ӛйткені, оның жаны кеудесінде емес, басқа жерде. Оны ӛлтіремін десең, биік 
дарақ басына іліп қойған сандық бар, сандық ішінде балапан кептер бар, әлгі 
сандықты атып түсірсең, кептер ұшып шығады, кептерді атып түсірсең, сонда 
ғана әлгі дәудің жаны шығады» - дейтін. Мына ӛмір де айна қатесіз. Біздердің, 


68 
қазақ тілінде жазатын жазушылардың жаны ана сүтімен сіңген ұлттық 
тілімізде. Қазақ тілі, әсіресе, бұл – қаламгерлердің жаны, ана тілі ӛлген күні 
олардың да күні бітеді» - деп, жазушы ӛзін алып күш иесі дәуге, кеудесіндегі 
жанын – ақ кептерге балайды. 
Бұл ой-тұжырым негізінде символика жатса да, ана тіліміздің табиғаты мен 
тағдыр-тауқыметін дұрыс кӛрсетіп тұрған шындық. 
Бұл тәрізді қанатты сӛздерді хан да айтқан, қара да айтқан және қарақан 
басының қамы үшін емес, халқының қасиетті тілінің тағдыры үшін қабырғасы 
қайыса отырып айтқан ғой.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы, қадір-қасиеті елбасын да аз 
ойландырып, аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар, елбасының 
уәли ауыздан шыққан: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – 
бәріміздің анамыз, ӛйткені ол – ұлтымыздың анасы», ал кейінгі (2005) 
Қазақстан халықтарына арналған жолдауында айтылған: «Біз барша 
Қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің 
мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін, одан әрі дамытуға бар күш-
жігерімізді жұмсауымыз керек» (Н.Назарбаев) деген уәжінде қазақ тілін
Қазақстан халықтарының басын біріктіруіне ұйытқы болуын уағыздап 
отыр.Міне, елбасының осы сияқты ұлағатты ой-тұжырымдары Мемлекеттік 
мәртебеге ие болса да, діттеген биігінен кӛріне алмай келе жатқан қазақ тілін 
жай мадақтау үшін ғана емес, оның зор болашағына деген сенімін, тарихтың 
талғауымен (тәлкегімен) кӛп ұлттың ӛкілдері қауышып, қауымдаса ӛмір сүріп 
келе жатқан Қазақ жерінде соларды дүрліктірмей, дүрдараз қылмай, тас-түйін 
болып бірігіп, бейбіт ӛмір сүруіне ұйытқы болатын аса биік миссиясының 
барлығын да аңғартып отыр. «Ана тілі - бәріміздің анамыз, ӛйткені ол – 
ұлтымыздың анасы» деген қанатты сӛздің мән-мағынасы бәрінен де терең.
Ӛйткені ұлт болу – этникалық дамудың ең жоғары сатысы, шарықтау шегі. 
Оны ұйыстырушы, ұйымдастырушы факторларға ортақ табиғи мекен, ортақ 
ӛмір-тіршілік кӛздері, ортақ мәдениет, ортақ дәстүр, ортақ психология және тіл 
жататыны белгілі. Тілдің «ұлт анасы» болуын оны сүйіп ӛскен ұл-қыздарымен 
қатар, әр алуан себептермен осы ұядан тәркіленіп, алыстап кеткендерді, не ӛз 
қағынан жеріген киіктей, «ана тілі» деген құдіретті күшті мойындамай жүрген 
нигилистерді, не қоғам дамуының әсерінен бұл ұлттық құндылықты бағалай 
алмай жүрген «жаңа қазақтардың т.т. ӛз құзырына алуы деп түсінген жӛн. 
Елбасының ана тіліміз табиғи болмысы мен болашағы туралы бұдан басқа 
да айтқан пікір-тұжырымдары баршылық. Біле білсе, олар елімізде жүргізіліп 
отырған мемлекеттік тіл саясатының негізгі де ӛзекті мәселелерін баяндайтын, 
ана тіліміздің бүгіні мен алдағы болашағын болжалдайтын бағдарламаның 
қысқа жобасы іспетті: «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде!». 
Ана тіліміздің табиғи болмысы қадір-қасиеті, алайда бұл келтірілген 
қанатты сӛздер сипаттамасымен ғана шектелмесе керек. Ана тіліміздің 
атқаратын барша қоғамдық-әлеуметтік қызметтерінің ішінде шоқтығы биік 
тұрған, аса елеулі тағы бір қызметі – оның ұлттық мәдениетіміздің негізі, 
ұйытқысы болу қызметі. Осыған орай, әңгімеміздің негізгі мақсаты «Ел 


69 
мәдениеті тілден басталады» деген қанатты сӛздің тіл құдіретіне қатысты мән-
жайын айқындай түсуге байланысты. 
Әрбір халықтың ӛз ана тілі бар. Ол – жеке адамның ойлап тапқан 
туындысы емес, барша ұлтқа ортақ, соның тӛл перзенті. Сондықтан да болар, 
ана тілінің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау-жұрнағы сол 
ұлттың әрбір шынайы азаматына танымал, мәдени-әлеуметтік ӛмірде ӛзіндік 
мәні бар киелі ұғым. 
Ана тілін әркім-ақ қолданады, бірақ ол жеке адамның қарақан басы үшін 
жасалған дүние емес. Әдетте, бұл сауалға лингвистика ғылымының: «ана тілі – 
этникалық қауымдастық мүшелерінің ӛзара түсінісіп, байланыс жасауға қажетті 
қатынас құралы» - деген жауабы дайын тұратыны белгілі. 
Бұл да – шындық. Бірақ ана тілінің атқаратын қызметі тек сол ғана ма? 
Тілдің коммуникативтік қызметтерінен басқа ерекше атауға тұрарлық 
эстетикалық және коммулятивтік қызметтері тағы бар емес пе? Тілдің 
эстетикалық қызметі белгілі этникалық қауымдастықта қалыптасқан 
кӛркемӛнердің (сурет, сәулет, бейне, музыка т.б.) небір ғажайып үлгілерін тіл 
арқылы бейнелеп жеткізуде, табиғат пен қоғамдық ӛмірдегі небір ғажайып 
құбылыстарды сӛздің құдіретті күшімен әсірелеп танытып, адамның жан 
дүниесіне эстетикалық ләззәт сыйлаудан айқын байқалса, бұрынғы ӛткен ата-
бабаларымыздан ұрпағына рухани мұра болып қалған мол қазына – ақыл-
парасат, аталы сӛз, даналық пен ӛсиет-тағылымдардың баршасы тіліміздің 
коммулятивтік қызметі арқылы үзілмей жалғасып отырады. 
Тіліміздің бұл екі саладағы, ӛзара астарлас әрі тығыз байланысты 
қызметтері ұлттық мәдениетіміздің ғасырлар бойы дамуындағы үзілмес ӛзегі, 
қайнар бұлағы болып саналады. Тілдің осы бір абзал қызметі тәркіленген 
қауымда ұлт мәдениетінің сақталуы да мүмкін емес, ол да жоғалады. Ал, 
мәдениетсіз қауым – ол есте жоқ ескі замандардағы жабайылардың бір тобыры 
ғана. 
Осы орайда елдігіміздің негізі – ұлттық мәдениетімізге, ал ұлттық 
мәдениетіміздің негізі – ана тілімізге тікелей байланысты екендігіне ерекше 
кӛңіл аударған жӛн. 
Біз әдетте: «тіл – мәдени мұраның үзілмес ӛзегі», «тіл – мәдени қазынаның 
қайнар бұлағы» деген ұғымдарды жиі қайталаймыз. Сондағы мақсат: 
Мемлекеттік тілдің абыройын арттырып, мәртебесін кӛтере түсу үшін ғана 
емес, сонымен қатар «ана тілі» атты сирек кездесетін, тіпті бір жойылса, қайтып 
тіріле қоймайтын феноменнің ең алдымен ұлттық мәдениетімізге тікелей 
қатыстығын, оның бұл салада атқарып келе жатқан абзал қызметі бар екенін 
бүгінде егемен ел, тәуелсіз мемлекет болып, айы оңынан, жұлдызы солынан 
туып отырған қазақ қауымының есіне салып, оның осы бір ерекше қасиетін, 
жауапты міндетін дұрыс бағалай білуге шақыру. 
Ана тіліміздің ұлттық мәдениет саласында атқарып келген қызметтерін 
ғылымда «оның коммулятивтік міндеттеріне жатқызады» дедік. Олардың ең 
бастысы – этникалық қауымдастықтың басып ӛткен барша ӛмірі мен бүгінгі 


70 
болмысының арасын үзбей жалғастырып, рухани кӛпір болуы. Демек, тілдің 
бұл қызметі - халықтың тарихи санасы мен жадын білдіреді деген сӛз. 
Ұлттық мәдениетті, әдетте, «материалдық (заттық) және рухани мәдениет» 
деп екіге бӛліп қарау дәстүрі бар. Тіл бұлардың екеуіне де қатысы бар және ӛзі 
де ұлттық мәдениеттің үлкен бір саласы болып саналады. Ұлттық мәдениетке 
әсіресе тіл негізінде дамитын рухани мәдениетімізге халқымыздың ғасырлар 
бойы қалыптастырған бай ауыз әдебиетінің сан алуан үлгілері, небір дүлдүл 
ақын-жырауларымыз бен шешен де ділмар дана бабаларымыздың кейінгі 
ұрпаққа қалдырған бай мұрасы, ертегі, қисса, әңгімелері мен мақал-мәтел, 
тағылым-тәрбиелі, аталы сӛздері жататыны белгілі. 
Міне, осыншама мол рухани дүниеміз ана тіліміздің жоғарыда кӛрсетілген 
коммулятивтік қызметі арқасында түгелдей қағазға хатталмаса да, 
халқымыздың жадында сақталып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. 
Осыншама мол дүниенің болашақ ұрпаққа қалай және қай қалпында 
сақталып, қандай жолдармен жетіп отырғаны бүгінге дейін кӛп сӛз бола 
бермейтін. Ӛйткені кешегі партакратиялық идеологияның ұстанған принципі 
бойынша ӛткендегінің бәрі, әсіресе оның ӛзекті саласы саналатын рухани 
дүниесі бүгінгі күннің талабына сай келе бермейтін қажетсіз мұра ретінде 
кӛбісі беті ашылмай, ашылса да, оқырман қолына жетпей, архивтердің 
сӛрелерінде жылдар бойы шаң басып жатқаны баршаға белгілі. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
М.Балақаев «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» Алматы - 1965 жыл 
2. 
Б. Абалкова, А. К. Игібаева «Интерактивті әдіс арқылы тіл мәдениет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет