211
- Жоғары сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен,
оқулық және әдебиет кейіпкерлерімен
таныстыра отырып, тілді тез меңгеруге
және ӛздерін еркін сезінуге кӛмек тигізу.
Оқыту барысында тыңдау, сӛйлеу, оқу, жазу дағдылары біртіндеп дамиды.
Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда жүреді, оқушы мұғалімнің,
достарының айтқанын тыңдап түсіне алады. Сӛйлеу кӛбіне жұптық, топтық
жұмыстар кезінде іске асады.
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту – басты
мәселе. Шетел тілін меңгеруде кӛп қиыншылықтар кездеседі. Бұл
қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.
Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызуғушылығын тудырып дамытуды
және жемістің нәтижесін кӛруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел
үн қосу керек деп білемін, Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс.
Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді
қолдана
отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау кӛру
қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет
тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде
тілді дұрыс үйрету ауызша сӛйлеу сауатты жазу, мәнерлеп оқыту ӛте маңызды.
Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған.
Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық
мәдениетін білуге кӛп кӛңіл бӛлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік
мақсаты – шетел тілінде сӛйлеуді үйрету, айланыста
бола алу мен ортақ тіл
табысып, қарым – қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиеләк мақсаты –
ӛзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде ӛз пікірін айта алу
және қорғауға үйрету [2].
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру үшін
сабақтарды мынадай жолдармен ӛткізуге болады:
1. Сабақта кең кӛлемде кӛрнекті құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп ӛткізу;
3. Сабақта оқушылар ӛздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын
арттыру. Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуге арналған тиімді тәсілдерді
пайдалану.
Дамушы аспект шет тілін оқытуда ӛз ойыңды
жеткізудің әдіс- тәсілдерін
қолдана алудың қажеттілігін, яғни адамдардың сӛздерді қалай айта алуын,
пәндерді номиналдауын, қолданушы сӛздерді, ана тілін шет тілімен салыстыру
және теңестіру, тілді сезіне білуін, тілдік шешімдерді, оның барлық түрдегі
ерекшеліктерін есте сақтауды, логиканы (сараптау,
синтездеу, теңестіру,
ақылды шешім табу), сенсорлық қабылдауды, мотивтік ортаны дамыту, мінез,
еңбек сүюшілік, ерік, мақсаттылық, белсенділік, оқи ала білу арқылы тілдесе
білуді, дамытуды қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде үзіліссіз тілді оқыту жүйесін
жаңартудың қажеттілігі жӛнінде кӛп айтылады. Мектеп және жоғары оқу
орындарында оқытудың жаңа тұжырымдамалары жасалуда,
мамандарды
212
дайындауда тілді оқытудың жаңа үлгілері пайда болуда, сонымен қатар
оқытушы кадрларды дайындау және қайта дайындау саласында да, жеке
тұлғаның қалыптасуында да осы сияқты ӛзгерістер шет тілін оқыту мақсатын
түсінуге қатысы бар [3].
Қорыта келе, білімнің ӛзі, нақты шеберлік пен дағдыдан және оқу орнынан
тыс жерлерде адамның білімді де шынайы іскер дайындықта болуын шеше
алмайды. Кейінгі уақыттарда білім алудын мақсаты тек білім мен біліктілік
қана емес, сонымен қатар жастардың қоғамда ары қарай дамуына ӛте
қажетті
адами қасиеттерін, сӛйлеу дағдыларының қайнар кӛздерін анықтау сияқты
келелі мәселелер күн тәртібінде кеңінен қойылуда. Ағылшын тілін оқушыларға
жоғары деңгейде игерту үшін, мұғалім әрбір сабақта жүйелі түрде оз
дәрежесінде, түрлі әдіс – тәсілдерді, ойындарды қолдану арқылы ӛткізсе ғана
үлкен жетістіктерге жете алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы – Алматы.
2. «Мектептегі шетел тілі» әдістемелік журналы.
3. Хабаршы 2009 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: