«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЖӘНЕ СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет85/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   115
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЖӘНЕ СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ 
ҦЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫН ТҤРІНІҢ ОҚЫТУ-ТӘРБИЕЛЕУ ҤРДІСІ 
 
Қойбағар М Ж. 
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Құлтанов Д.
Кӛне тарихы бар біз қарастырып отырған дәстүрлі халық мәдениетінің бір 
саласы ұлттық халық ойындарын қазіргі жас ұрпақ ӛміріне енгізу, сонымен 
қатар, бұл мәселені бүгінгі уақыт талабына сай кӛзқараспен қайтадан зерделеу 
Қазақстан ғылымының ӛзекті тақырыптардың бірі болып табылады. 
Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасып, бүкілдүниежүзілік саяси 
аренадағы орны айқындалып жатқан сәтте, қазақстандық әр жеке адамның 
әлеуметтік дамуы мен ұлттық санасының ӛсуіне, денсаулығын сақтау 
мәселесіне терең ден қойылуда. 
Осы орайда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға бағыт-бағдар беретін 
негізгі құжаттарға Қазақстан Республикасының Конституциясы [1], 
«Қазақстан–2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы [2], Білім беру 
туралы Заңы [3].
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған Мемлекеттік бағдарламасы болып табылады [4]. 
1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру 
және спорт заңында «Дене тәрбиесі дені сау, дене бітімі және рухани жағынан 
жетілген, моралдік жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, 
адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық 
ғұмырлығы мен ӛмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс» екендігін 
атап кӛрсетеді [5].
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңарту процесі ұлттық спорт ӛнерін 
және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі тәрбие ісіне кеңінен пайдалануға 
қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық күрес ӛнерін қайта 
жаңаруына байланысты бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажеттілігі нақты сезілуде. 
Оның ӛзі ұлттық спорттағы күрес түрін жаңа айқындамалармен толықтыра 
түсетін асакүрделі педагогикалық проблема болып табылады.
Мұндай проблема жасӛспірімдердің алдында дене тәрбиесіне спорттық 
күрестің ұлттық түрлерін пайдалануға, жалпы адамгершілік құндылықтарды 
бойына сіңірген, рухани дүниесі бай, жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу 
міндетін қойып отыр. Елімізде дене тәрбиесі мен спорт бағыттарында 
Қ.І.Адамбеков, А.О.Аяшев, Б.У.Алимханов, Қ.А.Құланов, Ж.Божиг сынды 
ғалымдар ӛз еңбектерінің негіздері ретінде жасӛспірімдердің дене тәрбиесі 
дайындығын дамытуға арнаған. 
Қазақтың ұлттық ойындарының жастарға тигізетін тәрбиелік мәні зор және 
дене тәрбиесінің баға жетпес құрамы. Ұлттық ойындар тек ойын сауық 
жағынан ғана емес, ол – спорт, ол – ӛмір сүру үшін тәрбие құрамы, сонымен 
қоса ұлттық ойындар ерлікті, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты тағы басқа 
мінез ерекшеліктерін қалыптастырады. Дене тәрбиесі сабағында ұлттық 


234 
ойындар бала денесін шынықтырып, рухани жағынан ой-ӛрісін кеңейтеді. [6]. 
Ұлттық ойындарды пайдаланумен студенттердің денсаулығын жақсарту 
жолында қан айналымын, тыныс органын, зат алмасу процесін және жүйке 
жүйелері жұмысын нығайтуда маңызы зор. Қазақтың ұлттық ойындары дененің 
шынығуына, тұлғаның дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. «Бала жасынан 
ойнаған ойындарының әсерінен болашақ жұмысшы ғана тәрбиеленіп қоймай, 
мүсінді, дені сау, қоғамның қиындығына тӛзімді азамат шығады» - деп атақты 
педагог А.С.Макаренко айтқандай, дене қозғалыстарын жүйелі қалыптастыру, 
Отанның болашақ азаматтарын жан-жақты тәрбиелеуге әсерін тигізеді
Ұлттық ойындар жіктемелері педагогикалық процесті ұйымдастыру 
формаларының бірі болып табылады. Ұлттық ойындар педагогиканың дәстүрлі 
әдістері болып саналады. Кӛркемдік-эстетикалық және дене тәрбиесінің 
бӛлінбейтін бір бӛлігі саналатын ұлттық ойындарда адам ӛмірінің бейнесі, 
тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік, батылдық 
туралы кӛзқарастары жатыр.
Ұлттық ойындарда жылдамдық, шеберлік, әдемі әсем қимылдар, 
шығармашылық ойлау қабілеттері кӛрініс тапқан. Ӛз ӛміріміздің серігі 
болғандықтан, ұлттық ойындар іс-әрекеттерінен үлгі-ӛнеге үйреніп, ӛзінше ой 
түйініп, патриоттық сана қалыптасады. Ұлттық ойындардың тәрбиелік 
мүмкіндіктері жасӛспірімдердің патриоттық сезімдеріне игі әсерін тигізеді [7]. 
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Олардың 
барлығы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондықтан да 
аса құнды мәдени игіліктердің бірі – қазақтың ұлттық ойындары болып 
табылады. Бүгінде ұлттық ойындарды халық педагогикасының құрамды бір 
бӛлігі деп тегін айтпаса керек. Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына 
сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. Халқымыздың 
алтындай перзенттерінің бірі, заманымыздың аса кӛрнекті жазушысы 
М.О.Әуезов «Біздің халқымыздың ӛмір кешкен – ұзақ жылдарында, ӛздері 
қызықтаған алуан ӛнері бар ғой. Ойын деген – менің түсінуімше, кӛңіл кӛтеру, 
жұрттың кӛзін қуантып, кӛңілін шаттандыру ғана емес, ойынның ӛзінше бір 
ерекше мағынасы болған» - деп тегін айтпаса керек. 
Халықтық педагогиканың ең бір кӛне тиімді құралдарының бірі ойын 
болғандықтан, сол арқылы бала қоршаған ортаны ӛз бетінше зерделейді. 
Сӛйтіп, ӛзінің ӛмірден байқағандарын іске асырып, айналасындағы адамдардың 
іс-әрекетіне еліктейді. «Ұяда не кӛрсең-соны ілірсің» - деген дана халқымыздың 
сӛзіне сүйене келе, халықтың мәдени – мұрасына қанық болып ӛскен бала - ӛз 
отанының патриоты. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Кӛкпар», 
«Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. 
жасӛспірімдердің еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. 
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-
ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін 
ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, 
ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі 
болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты, ұлттық салт-сананы 
сіңіру арқылы, рухани байи түседі


235 
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса кӛрнекті жазушы М.Әуезов: 
«Біздің халқымыздың ӛмір кешкен ұзақ жылдарында ӛздері қызықтаған алуан 
ӛнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше кӛңіл кӛтеру, жұрттың кӛзін 
қуантып, кӛңілін шаттандыру ғана емес, ойынның ӛзінше бір ерекше 
мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Қазақ халқының 
тарихы кӛне жырларының эпостары мен лиро – эпостарының қай-қайсысын 
алып қарасақ та, олардың ӛне бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдеп-
ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Сонымен қатар, осы 
жырлардың негізгі кейіпкерлері ойын үстінде кӛрінеді. Сол ойын арқылы 
шынығып, ӛзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі [8]. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылы 30 тамыз. 
2. «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты». Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына 
жолдауы. 2012 жылы 14 желтоқсан. 
3. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Астана, Ақорда, 2007 
жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ 
4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы. // ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 
желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген. 
5. Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы заңы. 
2014 
6. Асарбаев. А. Дене шынықтырудың этнопедагогикалық мәселелері. // Ұлт 
тағылымы. 2001. № 6. – Б. 43 – 47. 
7. Құралбекұлы А., Әкімбайұлы С. Оқушылар дене шынықтыруының 
этнопедагогикалық негіздері. –Алматы: 2000. -450 б. 
8. Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері., -Алматы., 2000. б. 51. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет