Bloom`s Taxonomy
1) Жинақтау
1) Create
2) Бағалау
2) Evaluate
3) Талдау
3) Analyze
4) Қолдану
4) Apply
5) Түсіну
5) Understand
6) Білу
6) Remember
Әр деңгейге жеке-жеке анықтама беріп, тоқтала кетсем:
Жинақтау (құрастыру, шығармашылықпен орындау, жоспарлау,
дайындау) – таным мен ойлаудың жоғары деңгейі. Жаңа үлгідегі әртүрлі
тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе
балама шешім ұсыну.
Бағалау(ұсыныс жасау, таразылау, сұрыптау, таңдау) –таным мен
ойлаудың жоғары деңгейі. Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат
бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау. Оқу материалының
маңызын анықтау, ол туралы ӛзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей
алдыңғы категориялардың оқу нәтиежелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Талдау (бӛліп шығару, талқылау, баға беру, тәжірибие жасау, тестілеу,
салыстыру, сынау, диаграммамен кӛрсету)–таным мен ойлаудың жоғары
деңгейі. Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу.
Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді
анықтау.
Қолдану(жасап кӛру, кӛрсетіп беру, практикада қолдану, жазып кӛрсету,
идеяларға жүгіну) - таным мен ойлаудың орта деңгейі. Жаңа білімдерді,
әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық
тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда
материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Тҥсіну(түсіндіру, жеткізу, тұжырымдау, аудару, сӛзбен қайта құрастыру,
сипаттау, анықтау,ерекшелігін анықтау, салыстыру, мәлімдеп беру, )- таным
мен ойлаудың орта деңгейі. Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру,
түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілермен идеяларды түсінетіндігін
кӛрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |