Мәңгілік ел идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр деген болатын.

Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын.

Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Қазіргі кездегі жаһандану үдерісі, қолжетімді ақпараттар легі жастардың бойында ақпараттарды електен өткізе білу, теріс пиғылды идеологияларға қарсы тұра білетін иммунитетті қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені қазіргі таңда жат пиғылды ағымдардың ықпалына еріп, экстремистік әрекеттердің қатарын толықтырушылар осы жастар болып отырғаны белгілі. Жастардың мұндай әрекетке баруының басты себебі ретінде олардың білім, сауаттылық деңгейінің төмендігін айтуға болады. Экстремистік идеялар халықты өзінің ертеден келе жатқан бай рухани құндылықтары мен салт-дәстүрінен бас тартқыза отырып, мәдени, тарихи, рухани санасын жойып жіберуді көздейді. Мұндай идеология кез келген мемлекет секілді Қазақстан қоғамының да ішкі тұрақтылығына елеулі қатер төндіреді.

Бұған қарсы тұра білудің жолы жастардың діни сауатын арттыру, оларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді бойларына сіңіріп, дәріптеу, оларды еліне, жеріне, дәстүріне, дініне жанашыр азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дəстүрлі ұлттық тəрбие мен рухани құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мəдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тəрбиелеу - алда тұрған басты міндеттердің бірі.

Елбасымыз жариялаған Мәңгілік ел идеясының көздегені де осы болатын, яғни, төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету.

Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Мемлекеттің осы бағытта атқарып жатқан ізгі жұмыстары аз емес, солардың бірі осы - Мәңгілік ел идеясы.