«Мәңгілік ел» немесе «Рухани жаңғыру» философиясы Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Әлемнің бағыты, болашағы тұманды болып тұрған сәтте, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ.
Рухани жаңғырудың негізi — халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы — ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты.
Рухани жаңғырy – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес.
Қазір білектінің емеc, білімдінің салтанат құрған уақыты. Табысты болудың кілті – білімде. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім беру — Елбасы саясатының басты және негізгі бағыттарының бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылуы, елімізде жоғары деңгейде бірқатар университеттердің ашылуы, зияткерлік мектептер жүйесінің қалыптасуы білім беру саласындағы жетістіктің нақты көрсеткіші бола алады.
Ежелден ұлы дала қойнауын мекен еткен халқымыз қашан да көзі ашық, көкірегі ояу болған. Заман ағымынан қалмай, басқалардың оң өзгерістерін бойына сіңіріп, өзге елдермен терезесін тең ұстауға тырысқан. Дана Абай айтқандай, дүниеден өз тетігін тауып, қаланған. Демек, бабалардан мирас болып, қанымызға сінген ұлттық – рухани тамырымыздан нәр алып, заман талабына сай қоғамдық санамыздың өзгеруі заңды құбылыс. Жаһандану үдерісі барысында өткен тарихымызды ұмыту, өткенімізден қол үзіп қалу адасудың басы болмақ. Дегенмен, дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар екенін ескеріп, кері тартпа көзқарастардан арылудың маңызы зоp.
Елдің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Осы тұрғыда ұстаздарға қойылатын талап та жоғарылады. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, алған білімін шынайы өмірмен ұштастырып, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, эконoмика кеңістігіне шығуға, яғни қaтаң бәсекe жағдайында өміp сүруге тәpбиелеуі керек. Ол нaғыз ұстaздың ғана қoлынан келедi.
Ел дамуы білім мен бірлікте. Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстанның бүгіні мeн бoлaшағы – хaлқымыздың ынтымақ – бірлігінде, ырыс – құтты тірлігіндe». Бізге керегі бірлік пен ұлтаралық татулық. Бірлік бар жерде тірлік бар, даму бар. Қонақжай халқымыз қай кезде де тілің басқа, дінің басқа деп алалап, өзектен теппеген. Керісінше, өзгені өзіндей көріп, төрінен орын берген.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы мәселелердің барлығы дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асуына әр біріміздің өз міндетіміз бар екенін түсінеміз. Әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміздің болашағы жарқын боларына сеніміміз мол.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Рухани жаңғырудың негізі — халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы — ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты.
Рухани жаңғырудың бірнеше бағыттарын атап өтсек:
Ұлттық бірегейілікті сақтау.
Ұлттық жаңғыру — ұлттық сананың кемелденуі. Бірінші, Елбасымыз айтқандай «жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу.» Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі — ұлттық болмыстың өзегін сақтау, өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту.
Бәсекелік қабілет
Ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықтағы бағасы, өзгелерден сапасымен ұтымды дүние ұсынуға қабілеті. Заман талабына сай тұтас халық қана емес,жеке адамның өзі бәсекелік қабілетін арттырып, табысқа жетуге мүмкіндік алады.
Прагматизм
Өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, сол байлықты үнемдей отыра қолдана білу. Болашақты жоспарлай отыра, ысырапшылдық пен даңғойлық қасиеттерге жол бермеу. Білім алуға, мақсатқа жетуге, кәсіби тұрғыдан жетілуге деген ынта ықылас, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану мінездің прагматизмі. Заманауи әлемдегі бірден-бір үлгі.
Білімнің салтанат құруы
Біздің қанымызда бар қасиет — білімді болуға ұмтылу. Табысты болудың басты факторы — білім. Жыл өткен сайын, біз жүрісі жылдам дамыған дәуірге аяқ басып келеміз. Сондықтан, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт биік табыстарға жетеді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында Тәуелсіз Қазақстанның дамуының жарқын үлгісін және нақты қадамдарын анықтап көрсетіп берді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, ұлт сүйгіштік, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып саналады. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.
Кезінде әлемді билеген Шыңғыс ханның баласы Жошы:
— Ұлы мәртебелі әлем әміршісі хан қандай болу керек ?-деп сұрапты. Сонда Шыңғыс хан: «Хан халқының көңілін табу үшін ақылды, ал халқы ханның көңілін табу үшін тақымды болу керек» — деп жауап беріпті. Шыңғыс ханның дәріптеп айтып отырған ханы, бүгінде өз тәуелсіздігін алып, жетекші елдердің қатарына ілігіп, өз ойын ашық айта білетін демократиялы елдің азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп отырған — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты көрсеткендей. Еліміздің қай салада болмасын қарыштап дамуы үшін Елбасының халыққа арнаған жолдауларының көмегі көп.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпы ұлттық идеясы- болашақ табыстардың негізі екені баса айтылады. Сондай-ақ, ең бастысы- еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін білімділік пен ұлттық идеясы жарияланған болатын.
Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп,осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, елдің руханияты мен жасалған басты қадамдардары нақтылытын болады.Даму үстінде шарықтаған жеріміздің мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенуге болады. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Болашағы мен бағыты анық, рухы өр» ел боламыз. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
Тарих өткен шақпен, адами жадымен және әлеуметтік еспен байланысты болғандықтан, бұған төл тарихты тану арқылы қол жеткізуге болады. Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Келешек қамына алаңдайтын болсақ, әуелі білім мен ғылымды дамытудан бастау керек екені сөзсіз. Бұл ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген ұғымды білдіреді. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс деп түсу керек.