Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет183/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   243
2 мәтін  
Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр. Орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау дсген оймен, 
себет ала шыққанмын. Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады. Қалың ну арасынан бір алаңкай 
көрінді.  Соған  таяндым.  Мұндай  жерден  ылғи  да  бір  құбылыстар  ұшыратуға  болады.  Бүгін 
солардың  бірінің  үстінен  түстім.  Сондағы  құмырсқа  илеуіне  бір  қара  қарға  аунап  жатыр.  Бұл 


 
 
не?  Әлде  жараланып,  илеуге  жығылған  соң,  құмырсқалар  талап  жатыр  ма?  Байқаймын,  олай 
емес.  Қарға  біресе  бір  жамбасына,  біресе  екінші  жамбасына  аунап  түседі  де,  күнге  аунаған 
тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды. Құмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап баққан 
тәрізді. 
Қара  қарға  онымен  қоймай,  құмырсқаларды  тұмсығымен  іліп  алып,  қанатының  астына 
тығады.  Қарға  бірнеше  минут  осылайша  құмырсқа  илеуінде  жатты  да,  бір  бұтаққа  барып 
қонды.  Содан  соң  шаңды  бұрқырата  әбден  сілкініп  алды  да,  қауырсындарын  тарақтап  болып 
ұшып кетті. 
Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа 
илеуін  осылайша  емхана  ретінде  пайдаланады.  Ал  құмырсқа  илеуіндегі  қышқыл  қансорғыш 
насекомдарды жойып жібереді. 
3. Мәтін стилін анықтаңыз 
A) Публицистикалық     B) Ауызекі сөйлеу      C) Ғылыми     D) Көркем әдебиет 
E) Іс қағаздар 
4. Авторды таңғалдырған жағдай 
A) Саңырауқұлақтың жоқтығы  B) Қарғаның адамнан қорықпағандығы 
C) Құмырсқалар илеуінің көптігі  D) Қарғаның илеуді ем ретінде пайдаланғаны 
E) Қарғаның құмырсқа илеуінен ұшып кетуі 
5. Мәтін не туралы? 
A) Құмырсқалардың достығы туралы   B) Ормандағы өсімдіктер туралы 
C) Орман тіршілігі туралы    D) Құмырсқа илеуінің емдік қасиеті туралы 
E) Ормандағы құбылыс туралы 
6. Қорытынды бөлімінің мазмұнына қатысты тақырып таңдаңыз 
A) «Құмырсқа илеуі»   B) «Қансорғыш жәндіктер»    C) «Құстар достығы» 
D) «Қара қарға»   E) «Емдеу орталығы» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет