Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет184/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   243
3 мәтін  
Тау етегі. Жалпақ аңғардың теріскей беті сірескен қалың қарағай. Күнгей беті тақырлау. Өрге 
тырмысып,  жотаның  төбесіне  қарай  өрмелеген,  таспадай  тартылған  жалгыз  аяқ  жолдың 
жағасында бармақтай-бармақтай шілтиген кішкене кекшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен 
алысқа, көкпеңбек аспанға телміреді. 

Сонша қадалып, қайда қарап тұрсыңдар? - деп сұрады гүлдерінің желкесіне өрмелеп шығып 
алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ құмырсқа. 

Бір  қиырға  созылып,  бел-белестерден  асып  кетіп  жатқан  жалғыз  аяқ  соқпақтың  қайда 
барып тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмыз. 

Оның сендерге не қажеті бар? Мына өсіп тұрған жерлеріннің өзі қандай әсем, жаннат секілді. 
Шөбі де қою, құйқадай ұйысқан. 

Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан 
жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз. 

Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойындар. 

Е, неге, біз де жол тауып алайық та. 

Гүлдер  ұшпайды,  орнында  тұрып  тұқым  себеді.  Сол  тұкымы  келесі  жылда  көктеп,  ұрпагы 
тарайды.  Ал  гүлдің  ұшқаны  -  өлгені.  Шаңға  көміліп,  жүргіншілер  табанының  астында 
жаншылып жатады. 
  Құмырсқаның  сөзінен  шошыды  ма,  әлде  иланды  ма,  бармақтай  гүлдер  таласып  дау 
айтпастан бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді. 
Жұлдыздар төніп, 
Қадала жерге қарайды. 
Жарығын төгіп, 
Бақытқа соны балайды.  
Үмітке теліп, 
Телміртіп тұрды талайды 
Алайда  гүлдер  қызыл  қанат  көбелек  ұшып  кеткен  кеңістіктен  көз  алмайды.  Әлдеқандай  бір 
жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла алар емес. 


 
 
7. Мәтіннің тақырыбына лайық атау 
A) Қызғаншақ құмырсқа    B) Гүлдер айтысы    C) Қызық қанат көбелек 
D) Арманшыл гүлдер  E) Орындалған арман  
8. Гүлдердің армандауына себеп болған не? 
A) Жел    B) Жұлдыздар   C) Қарағай   D) Құмырсқа   E) Көбелек 
9. Құмырсқа мен гүлдердің диалогынан гүлдердің қандай қасиеті көрінеді? 
A) Даукестігі     B) Мақсатшылдығы    C) Арманшылдығы 
D) Қайрат-жігері   E) Талапшылдығы 
10.  Құмырсқаның:  «Қолдан  келмейтін  әрекеттің  қамын  жеп,  босқа  әуреленбей-ақ  қойыңдар» 
деген сөздері қандай мақсатпен айтылған? 
A) Қол ұшын беру үшін    B) Көңілін көтеру үшін   C) Босқа үміттендірмеу үшін 
D) Қанаттандыру үшін   E) Жігерлендіру үшін 
11. Мәтіннің стилі 
A) Публицистикалық   B) Ауызекі сөйлеу   C) Ғылыми   D) Ресми іс қағаздар 
E) Көркем әдебиет 
12. Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтел 
A) Жақсы сөз - жарым ырыс   B) Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді 
C) Арманның үлкен, кішісі болмайды   D) Таң атпаймын десе, күн қоймайды 
E) Жол мұраты – жету 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет