қүйрығына май жағып, ақ матаға орап, биік тау құздарына немесе адам аяғы
баспайтын жерге арулап жерлейтін салт та болған.
Бүркіт
аң ала алмай, ауырып мазасызданғанда "көз тиген" деп ырымдайды.
Ондайда бүркітті "қырсық шалды" деп, жанып тұрған оттың үстіне тұз шашып,
бытырлаған дауыс ырғағымен оңнан солға қарай айналдырып, емдеген.
Құсбегілікке байланысты барлық құрал-жабдықты жинастырып, оларды
адыраспан, арша сияқты қасиетті өсімдіктермен аластап, бәле-жаладан
тазартады. Қазақ құсбегілері бүркіттің пірін Әулие Жалайыр Шора
Ата деп
біледі. Аңызға сенсек, Жалайыр Шора құс атаулының "тілін" білген,
қырандардың мекені мен шабытты өрісін, қонағы
мен ұясын, неге шабатынын,
нені алатынын білген екен. Тіптен, төбеде ұшып өткен құстың жасын,
қырандығын ажырата алған. Құс атаулының: "Үша берсем қанатым талады,
Жерге түссем Жалайыр Шора алады", - деп, зар қаққаны
туралы ел аузында аңыз
бар.
құсбегілері қыран құсты сатып, қалап алғанда бүркіттің құйрық қауырсынын,
қанатын майлап, иығына шоқ үкі тағып, ақсарбас малын сойып,
тілеу тілеп,
шашу шашып, сүйінші сұрайтын жақсы салт бар. Ауыл ақсақалдары мен кәнігі
адамдарға сынатып, "бүркіттің құйрығын майлау" тойын жасайды. Ондайда
ауқаттылар
жағы ақсарбас атаса, қарт құсбегілер өздерінің ескі құс
жабдықтарын көрімдік ретінде сыйға тартады. Ертеректе күзде саят уақыты
басталардан бұрын аушы құсқа арнап қүрбандық берген: әркім өзінің шама-
шарқына қарай тарту ұсынады, ауқаттылар қой сойып, бүркіт торын
"қандайды" (торға қан жағады). Қазақ халқы үйге қыран құс келгенде Қызыр
Бабаның ерекше сыйлығы деп, сонымен бірге үйге бақ-береке
келді деп шын
жүректен қуанып, жақсылыққа жорыған. Сондай-ақ қазақтарда бөгде біреу
бүркітімен ауылға келсе, құсының иығына үкі тағатын немесе ақ шүберектен
ақтық тағатын архаикалық ғұрып бар.
Достарыңызбен бөлісу: