Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


Мәтінде кездеспейтін дәстүр



Pdf көрінісі
бет40/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   243
11.Мәтінде кездеспейтін дәстүр 
A. Көңіл айту- 
B. Сүйінші сұрау 
C. Шашу шашу  
D. Жоқтау 
E. Көрімдік алу 


12.Мәтінде кездесетін қазақ наным-сенімдері мен ырымдарының реті  
1. Үйге бақ-береке келді деп ырымдаған 
2. «Көз тиді» деп ырымдаған  
3. Бәле-жаладан тазартады деп сенген  
A. 2,1,3 
B. 2,3,1 
C. 3,1,2  
D. 3,2,1  
E. 1,2,3 
4-мәтін 
Мысқалдан батпанға дейін 
Халық өлшемдері — ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты 
салаларының бірі. Ата-бабаларымыз өлшем негіздерін жасаған және оларды 
салмақ өлшемі, көлем өлшемі, ұзындық өлшемі, қашықтық өлшемі, уақыт және 
мезгіл өлшемдері деп бірнеше түрге бөлген. 
Салмақ өлшемін халық былайша жіктеген: мысқал - 1 гр, қадақ - 750 ір, келі - 1 
кг, пұт - 16 кг, батпан - 100 кг. Бұл өлшемдермен бірге халық салмағынан жер 
ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз 
өрнектерін қолданған. 
Көлем өлшемдері бір заттың немесе малдың санын, көлемі мен мөлшерін
аумағын шамамен белгілейді. Мысалы, бір шымшым, бір шөкім, бір уыс, қос уыс, 
бір тілім, бір түйір, бір қолтық, бір шүйке, бір құшақ, бір қап, бір шелек, бір 
қасық, бір тамшы, бір арқа, бір шана, бір арба, бір табақ, бір шоқ, бір топ, бір 
қарын, бір сандық, бір қалта, т.с.с. мал саны мен көлемін де осылай шамамен 
ажыратады. Яғни, бір отар, бір қара, бір табын, бір үйір, он шақты, жиырма 
шақгы... Заттың көлеміне, аумағына кейде бармақтай, шынашақтай, 
жұдырықтай, құмалақтай, етектей, алақандай деген теңеу сөздер де қолданыла 
береді. Сұйық заттарға мөлшер сөзі қолданылып, оны мөлшерлеп есептейді. 
Халық қалыңдық өлшемін де ұмытпаған. Мұны олар көбіне жылқы қазысының 
жұқа, қалыңына қарай айтқан. Айталық, пышақ сырты, қылыш сырты ( 3-5 мм 
шамасы), шынашақ, елі, бармақ (1-2,5 см), екі елі, сере, табан (7-10 см) т.с.с. басқа 
заттардың қалыңдығы да көбінесе елімен, яғни саусақ қырымен өлшенеді. Оны 
елі дейді. 
Ұзындық және қашықтық өлшемі мүлде екі ұғымды, екі түрлі өлшемді білдіреді. 
Ұзындық өлшемдері бір заттың (таяқтың, арқанның) ұзындығын анықтайды 
және ол екі елі, үш елі, тұтам, сынық сүйем (14-15 см), сүйем (17-18 см), қарыс, 
кере қарыс (20-22 см), кез (50 см), аршын (75 см), құлаш (1,80-2 м) болып 
өлшенеді. Балтасап, кебіс басындай деген балық өлшемдері де бар. 
Қашықтық өлшемдері жердің қашықтығына (ауылдың ара қашықтығына) 
қолданылатын өлшем екені белгілі, бұл өлшем түрлері былайша аталады: адым 
(қадам) (1 м), таяқ тастам жер (10-15 м), әудем дейтін жер (100 м), дауыс жететін 
жер (250-3^0 м), шақырым (1 км), иек астында, бір төбе астында (1-5 км), қозы 
көш жер (5-6 км), көз ұшында (6-7 км), тай шаптырым (4-5 км), құнан шаптырым 
(8-10 км), ат шаптырым (25-30 км), күндік жер, айшылық жер, т.б. Бұл межелер 
ауыл ішінде казір де айтылады. 
Ел ішінде тереңдік, биіктік өлшемдері де бар. Бұған терең, тайыз, биік, аласа 
деген сөздер қолданылады. Бір айта кетерлік жайт, жоғарыдағы аталған 
өлшемдер бір-бірінің орнына жүрмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет