20.Мәтінде жауабы жоқ сұрақ A. Салмақ өлшеміне қатысты қандай айшықты сөздер қолданылған?
B. Халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне қандай өлшемдер жатады?
C. Халық өлшемдерінің қандай түрі бірінің орнына бірі қолданылған?
D. Халқымыз малдың санын, көлемі мен мөлшерін қалай өлшеген?“
E. Халық көлем және мазмұн өлшемдерінің қай түрлерін қолданған?
1445-нұсқа 1-мәтін Сын Атақты суретші шәкіртіне барлық суреттерін қала орталығына апарып, көрме
ұйымдастыруды ұсынады. Суреттердің қасына қызыл қалам қалдырып,
“ұнатпаған жерлер бар болса, жондеуді өтінемін” деген жазу жазуды сұрайды.
Бірнеше күн өтіп шәкірт суреттерін көруге барса, суреттердің шимайланып
тасталғандығын керіп қапаланады. Ұстазына ренішін айтады. Ұстаз мұны
көңілге алмай, суреттерді қайта салуды ұсынады. Шәкірт суреттерді қайтадан
салып, бұл жолы суреттердің қасына түрлі-түсті бояуларды және өткендегідей
жазу қалдырады. Бірнеше күннен соң келіп қараса, суреттерге ешкім ешқандай
түзету жасамапты. Оқушы қуанып, ұстазына барады. Ұстаз күлімдеп былай
дейді: «Бірінші көрмеде суреттеріңді түзетуге мүмкіндік бергеніңде, өмірінде бір
сурет салмаған адамның өзі «әйтеуір сын болсын» деп шимайлап кетті.
Екіншісінде адамдардан шығармашылық талап еттің, шығармашылық - білімді
қажет етеді. Адамдар білмеген соң тақырыпқа сын айтуға қорықты. Жасаған
жұмысыңның қайтарымын жұмысты түсінбейтін адамдардан ешқашан ала
алмайсың».