Мәңгілікпен үндесу


Әуезовке деген іңкәрлік бүкіл шығармаларыңыздың алпыс екі тамырында бүлкілдеп тұр десе де болғандай



бет14/32
Дата06.01.2022
өлшемі94,39 Kb.
#14578
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Әуезовке деген іңкәрлік бүкіл шығармаларыңыздың алпыс екі тамырында бүлкілдеп тұр десе де болғандай.

Мұхаң – кешегі және бүгінгі қазақ әдебиетінде дара тұрған тұлға. Тым әріге бармай-ақ, оның құдіреті туралы Сізбен бір-екі ауыз пікір бөлісейін.

Ең алдымен, Мұхаң уызға жарып өскен жан. Ана сүтімен бірге Абай шығармаларын бойына сіңірген.

Екінші үлкен артықшылығы – кемел білім алған. Ол Ленинград университетінде оқыған кезде императорлық Санкт-Петербург университетінің бекзат профессурасы әлі сонда болатын. Дәл осы кезде аталған университеттің шығыстану факультеті, ешбір әсірелеусіз, араб, парсы, түркітану саласы бойынша дүниедегі ең мықты ғұламалар жиналған ғылыми орталық еді. Әуезов алған кемел білім оның шығармашылығының берік іргетасы болды.

Үшіншіден, оның ата-бабасы қолынан қаламы мен кітабы үзілмеген нағыз зиялылар еді. Әуезов феноменіне жауап іздеген кезде, міне, осындай генетикалық факторды да естен шығармаған жөн.

Менің Н.А.Анастасьевқа «Әуезовті» жаздыруым да ұлы жазушының біз байқамаған қырларын байқасын, көрсін, жазсын, танытсын, толықтырсын деген ниеттен туындады. Меніңше, ол өз миссиясын түгелдей орындап шықты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет