Мәңгілікпен үндесу


Түрік дүниесінен шыққан жалғыз Нобель сыйлығының лауреаты Памук туралы пікіріңізбен келісу қиын



бет17/32
Дата06.01.2022
өлшемі94,39 Kb.
#14578
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Түрік дүниесінен шыққан жалғыз Нобель сыйлығының лауреаты Памук туралы пікіріңізбен келісу қиын.

Нобель сыйлығы оған саясат үшін, армян геноцидын алғаш мойындаған түрік жазушысы болғаны үшін берілгені анық. Оның үстіне сыйлық «Стамбул. Город воспоминаний» атты алашұбар жанрда (естелік, эссе, очерк, әңгіме) жазылған ортақол хикаяттар жинағына берілді.

Бірақ Памуктың «Черная книга», «Меня зовут Красный», «Снег», «Музей невинности» атты романдары творчестволық әлеуеті мол, қазіргі әлем әдебиетіндегі, оның ішінде ағылшын тілді әдебиеттегі жаңа тенденциялар мен трендттерді еркін меңгерген талантты постмодернист жазушы екендігін көрсетті. Ол ағылшын тілінде де еркін жазады. АҚШ-тың ең беделді оқу орындарының бірі Колумбия университетінде қызмет істеді. Сізге «Меня зовут Красныйды» оқып шығуға кеңес берер едім. Мүмкін пікіріңіз өзгерер».

Герағаң мен Мұхаңды бір-біріне рухани тұрғыда жақындата түскен тағы бір құдірет – олардың музыкаға деген іңкәрлігі. Мүйізі қарағайдай академиктеріңіздің өзі пікір таластырудан қаймыққан жазушы Асқар Сүлейменовпен қанды көйлек дос болған Бельгер одан Еуропаның классикалық музыкасының қыры мен сырына терең бойлауды үйреніп, Моцарт, Бетховен, Бах, Гайдн, Малерді жақсы көріп, ерекше сүйіп тыңдайтын болды.  Бұл қасиет Мұхтар Құл-Мұхаммедтің де жанына жақын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет