Маған Сіздің не жазсаңыз да «әдептен озбай, жүректен қозғайтыныңыз» ұнайды.
Ғабең туралы толғаныстарыңыздағы ұлы жазушыға деген үлкен құрмет, Әбең туралы жазбаларыңыздағы «айтпаса атасы өлетін» ақиқат сөз, Асқар туралы жолдардан дүниеден ертерек озған айнымас адал досқа деген іңкәр сезім анық сезіледі.