Мәңгілікпен үндесу
02.05.2017
6 2 305
Шарапаты тиіп, жақсылығын көрген, кісілігі мол азамат жайында өткен шақпен сөйлеу қашанда қиын. Дүние салғаннан кейін оның жарқын бейнесін сағынып, рухына тағзым етуге ниет етіп, қолыңа қалам алғанда «осы сөздерді көзі тірісінде айтуым керек еді» деген жабысқақ ой жаныңды кеміріп, өзегіңді өкініш өртей бастайды.
Пенделік алданыштың көбелегін қуып жүріп, біз тіршілікте көп дүниеге мән бермейді екенбіз-ау! Көңіліңді жыландай арбаған ұлылықтың сәулесін сонау аспандағы жымыңдаған жұлдыздардың арасынан іздеп, адамгершілік пен ізгіліктің шуағын шашқан абзал жандардың ортамызда да жүргенін ұмытып кете беретініміз бар. Асқар таудың етегінде тұрып, саясынан пана тапсақ та Құдайдың жерге жіберген елшісіндей болып жаратылған, «болмыстың құшағындағы талай құпияны адамдардың жүрек қазынасына айналдырған» (Әбіш) алыптарымыздың қадірін біле алмай келеміз. Халқына рухының тазалығымен, жүрегінің адалдығымен қызмет еткен Герағаң (Бельгер) әдебиеттегі бағасын алмай кеткен сондай алыптарымыздың бірі болды…
Достарыңызбен бөлісу: |