МЕХАНИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ Геометрия, алгебра және математикалық логика кафедрасы
Бекітілген
факультеттің Ғылыми кеңесінде
« ____»________ 2011, №____ Хаттама
Факультет деканы_____________У.С.Әбдібеков
Силлабус ТОПТАР ЖӘНЕ САҚИНАЛАР ТЕОРИЯСЫ «Математика» мамандығында оқитын 3 курс студенттері үшін, көктемгі семестр, 3 кредит.
Хисамиев Зариф Гарифуллинович
Телефон: 285-02-73 жұмыс
e-mail: khisamievz@mail.ru
каб.:414
Пререквизиттер: «Топтар және сақиналар теориялары» курсын меңгеру үшін мектеп курсының көлемінде алгебра және геометрия пәндерінде кездесетін мәліметтерді жақсы игеру талап етіледі.
Постреквизиттер: «Топтар және сақиналар теориялары» курсы “ Математика ” мамандығы үшін алгебралық құрылымдар, криптография, теориялық информатика мен ақпараттарды қорғау пәндерін табысты игеру үшін қажетті математикалық дайындықтың негізгі тарауларын қарастыратын басты пәндердің бірі болып табылады. Бұл курста оқытылатын мәліметтер механика-математика факультетінде оқытылатын барлық пәндер үшін қажетті курстардың бірі болып табылады.
Курстың мақсаттары.
«Топтар және сақиналар теориялары» курсын оқытуда студенттердің негізгі дискретті алгоритмдерді жете меңгеру мен оны табысты қолдану мақсат етіп қойылған.
Студенттерге алдынғы пункте аталған нысандармен іс жүзінде жұмыс істеуді үйрету , әдістерін қолданып, есеп шығару және әдет қалыптастыру және математикада және теориялық информатикада кездесетін негізгі дискретті нысандармен табысты жұмыс істеуге үйрету.