Пәннің мақсаты
|
Оқытудың күтілетін нәтижелері (ОН)
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы қабілетті болады:
|
ОН қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)
|
студенттерде ғылым ретінде дін психологиясы, оның тарихи дамуы және діни және дінге сенбейтін адамның проблемаларын әдіснамалық түсіну бойынша кең ауқымды білім қалыптастыру, деструктивті тәуелділермен психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптерімен, мақсаттарымен, міндеттерімен таныстыру.
|
1. пән білімін, негізгі категориялары мен түсініктерін көрсету; дін психологиясының түсінігі, принциптері мен құрылымы туралы білімді қалыптастыру;
|
1.1 дінтану ғылымы контекстіндегі пәннің маңыздылығын анықтау;
1.2 пәннің негізгі ұғымдары және категорияларын пайдалану;
|
2. дін психологиясының негізгі парадигматикалық кезеңдерін ажырату; қазіргі психологиялық білім контекстінде дінді зерттеудің негізгі әдіснамалық мәселелерін анықтау;
|
2.1 діндерді критерийлерге сәйкес жіктеп, діндердің психологиялық тұжырымдамаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын байланыстыру;
2.2 діндердің таралу тарихындағы маңызды кезеңдерді және психологиялық ұғымдардың ерекшеліктерін анықтау;
|
3. одан әрі теориялық зерттеулерді жоспарлау және нақты діни жағдайларда жеке тұлға мен әлеуметтік топтың мінез-құлқының эмпирикалық психологиялық моделін құру; діни негіздегі терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша дінтанушының рөлін талдау;
|
3.1 дінтанушы психологтардың жұмысын талдау, дінді зерттеудің әдіснамалық мәселелерін түсіндіру;
3.2 әлеуметтік топтар мен тұлғаның мінез-құлқының эмпирикалық психологиялық үлгілерін ажырату, дінтану зерттеулерінің мәнін анықтау;
|
4. алынған білімді әлеуметтік және жеке құбылыс ретінде діннің табиғаты мен қызметіне қатысты әртүрлі көзқарастарды ескере отырып, нақты психологиялық деректерді талдауда қолдану; белгілі бір діни топтарға тәуелсіз психологиялық зерттеулер жүргізу, діни рәсімдер кезінде олардың психологиялық әсер ету әдістері мен психологиялық жағдайын талдау.
|
4.1 дін мен діни бірегейлікті қалыптастыру арасындағы өзара байланысты анықтау;
4.2 дін психологиясы пәнінің маңыздылығын талдау:
|
Пререквизиттер
|
VS 1201 Дінтануға кіріспе, IR 1202 Дін тарихы
|
Постреквизиттер
|
FenR 4304 Дін феноменологиясы
|
|