Кіріспе Пән бойынша мағлұмат: «Механика» физика курсының университте оқылатын бірінші курсы. Сондықтан онда физикалық теориялардың моделдік сипатына, физикалық шамаларды және ұғымдарды анықтауға, физикалық шамаларды өлшеуге, өлшем бірліктерді таңдаудың жалпы мәселелеріне және бірліктер жүйесіне ерекше көңіл аударылады.
Кейбір мәселелер ғылыми жетістіктердің бейнесі ретінде зерттеудің қуаты және көрнекілігі ретінде баяндалады. Курстың өзіне 30 сағат дәріс, 30 сағат практикалық сабақ,15 сағат зертханалық жұмыс, ОЖСӨЖ – 75 сағат, оған зертханалық жұмыстар кіреді. Сонымен, курсқа 5 кредит енеді.
Курстың мазмұны: Материялық нүктенің кинематикасы. Материялық нүктенің динамикасы. Ньютон заңдары. Күш. Масса. Импульс. Импульс күші, инерция моменті. Импульстың, иимпульс моментінің сақталу заңы. Күш жұмысы және қуат. Кинематикалық және потенциалдық энергия. Толыфқ энергияның сақталуы. Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Қаттыдененің механикасы. Денелердің серпімділік қасиеті. Үйкеліс күштері. Тыныштық сырғанау және домалау үйкелісі. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші және дененің салмағы. Салмақсыздық.
Бірінші, екінші және үшінші ғарыштық жылдамдықтар. Планеталардың қозғалысы. Кеплер заңдары. Инерциалық емес санақ жүйесіндегі қозғалыс (ИЕСЖ). Инерция күштері. Арнаулы салыстырмалық теориясының (АСТ) элементтері. Сұйықтар мен газдардың механикасы. Ламинарлық және турбуленттік қозғалыс. Рейнольдс саны. Стокс формуласы. Магнус эффектісі. Тербелістер мен толқындар. Өшетін және мәжбүр тербелістер. Резонанс. Автотербеліс. Біртекті серпімді ортада тербелістің таралуы. Энергия ағыны. Умов векторы. Толқындардың интерференциясы. Тұрғын толқындар. Акустика. Акустикадағы Доплер эффектісі.