«Механика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



бет3/61
Дата29.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#111598
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
УМКД механика

Курстың мақсаты: Механикалық қозғалысты оқып үйренуге қатысты негізгі эксперименттік фактілерді студенттерге хабарлау, сонымен бірге бақыланатын физикалық заңдар мен заңдылықтарды жалпылау және оларды ашуға үйрету.
Курстың міндеті: Жалпы физика курсы, нақтырақ механика, экспериментке сйенеді. Сондықтан курстың басты міндеті - бақылаудың, эксперименттің, ой қорыту және тәжірибені жалпылау болып табылады.
Курстың келесі міндеті - механикадағы моделдік мағлұматтарды студенттердің пайдалануына үйрету. Бірақ теориялық білім практикалық есептерді шығарусыз пайдасыз. Сондықтан курстың негізгі міндеті - есептерді шығару.
Пререквизиттер: Механика курсын меңгеру үшін студенттерден мектеп физика курсынан, жоғарғы математиканың негіздерінен, яғни туындыларды, интегралдарды есептей алу, дифференциялық теңдеулерді шешу, векторлық талдаудың негіздерін меңгеру: векторлардың үстінен әрекет істеу, векторлардың скалярлық және векторлық көбейтінділері жөнінде білу, квадрат және куб теңдеулерді шешу.
Постреквизиттер: Механика курсын меңгерген кезде алынған білім классикалық механиканы, Арнаулы салыстырмалық теория және электродинамиканы, молекулалық физиканы, кванттық механиканы, математикалық физиканың әдістерін оқыған кезде пайдаланылады.
Оқытудың әдіснамасы: Механика пәніне оқыту – дєріс, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар және ОЖСӨЖ түрінде өткізіледі. Оқу процесінде студенттер белсенді қатынасады деп есептелінеді. Студенттердің білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексеруге жєне бақылуға басты көңіл аударылады.


Сабақ мазмұны мен кестесі

Бірінші апта


1 кредит сағат
1 дәріс
Тақырып: “Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы”
Дәрістің мазмұны: “Физика пәні. Механика және оның құрылымы. Механикадағы физикалық модельдер. Механикалық қозғалыс. Санақ жүйесі. Координататр жүйесі. Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыс. Қозғалыстың кинематикалық сипаттамалары: жол, траектория, орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу. Қозғалыстың орташа жылдамдығы, лездік жылдамдық. Орташа үдеу және лездік үдеу”


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет