В. Динамика тарауы бойынша тексеру сұрақтары 1. Ньютонның бірінші заңы қалай айтылады?
2. Қандай физикалық шама тыныштық күйдің немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың өзгеруін сипаттай алады?
3. Дененің инерттілігі деп оның қандай қасиетін айтамыз? Қозғалмайтын дененің инерттілігіне қандай мысалдар келтіруге болады?
4. Қозғалатын дененің инерттілігінің қандай мысалдарын білесіңдер?
5. Қандай физикалық шама дененің инерттілігін сипаттайды?
6. Массаның қандай өлшем бірліктері бар?
7. Массаның аддиктивтік қасиеті деген қандай қасиет?
8. Белгілі дененің массасы оның Жер нысанында, Ай бетінде немесе ашық ғарыштық кеңістікте тұрғанына байланысты бола ма?
9. Ньютон механикасында күш ұғымының қандай мәні бар?
10. Ньютонның ІІ заңы қалай айтылады?
11. Күштің қандай өлшем бірліктері бар?
12. Күштің векторлық шама екенін қалай дәлелдеуге болады№
13. Қорытқы күш деген қандай күш?
14. Суперпозиция принципі деген қандай принцип?
15. Суперпозиция принципін пайдаланып декарттық координаттар жүйесінде берілген үш скалярлық теңдеулерді бір векторлық теңдеумен алмастыруға болатыны қалай дәлелденеді?
16. Нъютонның үшінші заңы қалай айтылады?
17. Екі дененің өзара әсері уақыттан тәуелді болатын жағдайда Ньютонның үшінші заңын қалай түсіну керек?
18. Қарсы әсер мен әсер тең болатын жағдайлар кездесе ме?
19. Горизонталь жол үшінде арбаға жегілген ат тұр. Ньютонның үшінші заңы бойынша аттың арбаны тарту күші арбаның атты тарту күшіне тең. Арбаны қозғайтын қандай күш?
20. Көлбеу жазықтықтың бойымен ат жегілген арба төмен қарай жүргенде, арбаны қозғайтын қандай күш?
21. Қозғалмайтын блокқа салынған жіптің ені ұшында массалары әртүрлі екі жүк бар. Санау жүйесін анықтап, әр жүк үшін Ньютонның екінші заңын жазғанда, есептеуші формулаға әсер және қарсы әсер күштері неге кірмейді?
22. Дененің импульсі деп қандай физикалық шаманы айтамыз?
23. Дененің импульсінің қандай өлшем бірліктері бар?
24. Күш импульсі деп қандай шаманы айтады?
25. Материялық нүкте үшін импульстің сақталу заңы қалай оқылады?
26. Қандай жағдайда берілген дененің бір немесе екі өзара перпендикуляр бағыттардағы импульсінің құралдары сақталуы мүмкін?
27. Жүйе 10 материялық нүктеден тұрады. Әрбір нүктеге қанша ішкі күштер әсер етеді? Барлық ішкі күштердің саны қанша?
28. Тұйық жүйе үшін ішкі күштердің геометриялық қосындысы нөлге тең екені қалай дәлелденеді?
29. Материялық нүктелер жүйесінің импульсінің сақталу заңы қалай оқылады?
30. Тұйық емес жүйеде кейбір бағыттарда импульс сақталуы мүмкін. Ол қандай бағыттар?
31. Импульстің сақталу заңы Ньютонның үшінші заңының салдары екені қалай дәлелденеді?
32. Жүйенің массалар центрі деп қандай нүктені айтамыз?
33. Массалар центрінің координаттарын анықтауға мүмкіндік беретін қандай аналитикалық формулалар бар?
34. Массалар центрі мен симметрия центрінің араларында қандай байланыс бар?
35. Денені бірнеше симметриялық бөліктерге ажыратуға мүмкіндік болса, оның массалар центрі қалай анықталады?
36. Массалар центрі мен ауырлық центрінің арасында байланыс бар ма?
37. Жүйенің массалар центріне сәйкес нақты материялық нүкте болмауы мүмкін бе?
38. Массалар центрінің үдеуі туралы қандай тұжырым жасауға болады?
39. Галилейдің салыстырмалылық принципі деген не?
40. Галилей түрлендірулері қалай жазылады?
41. Галилей түрлендірулерін пайдаланып, жылдамдықтарды қосу заңы қалай тұжырымдалады?
42. Үдеудің түбегейлі шама екендігі қалай дәлелденеді?
43. Ньютонның екінші заңы Галилей түрлендірулері тұрғысынан қарағанда инвариант заңы екені қалай дәлелденеді?
44. Импульстің сақталу заңы Галилей түрлендірулері тұрғысынан қарағанда инвариант заң бол ма?
45. Бүкіләлемдік тартылыс заңы Галилей түрлендірулері тұрғысынан қарағанда инвариант заң болатыны қалай дәлелденеді?
46. Кеплер заңдары қалай оқылады?
47. Кеплер заңдарын пайдаланып, бүкіләлемдік тартылыс заңын қалай шығарып алуға болады?
48. Гравитациялық тұрақтының сан мәні және өлшем бірліктері неге тең?
49. Гравитациялық тұрақтыны анықтауда Кавендиш қандай тәжірибе жасады?
50. Гравитациялық тұрақтыны анықтау үшін жасалған Рихард-Жьли тәжірибесі қалай іске асырылды?
51. Жер нысанының массасын анықтау үшін Жьли тәжірибесі деп аталатын қандай тәжірибе бар?
52. Жер нысаны үшін бірінші ғарыштық жылдамдық қалай анықталады?
Оның сан мәні неге тең?
53. Жер нысаны үшін екінші ғарыштық жылдамдық қалай табылады? Оның сан мәні неге тең?
54. Жер нысаны үшін үшінші ғарыштық жылдамдық қалай қорытылады? Оның сан мәні неге тең?
55. Қандай жылдамдық төртінші ғарыштық жылдамдық деп аталады?