Д. Инерциялық емес санау жүйесіндегі қозғалыс тарауы бойынша тексеру сұрақтары 1. Қандай санау жүйелері инерциялық емес санау жүйелері (ИЕСЖ) деп аталады?
2. Ілгерілемелі қозғалыстағы ИЕСЖ тұрғысынан қарағанда байқалатын инерция күші қандай өрнек арқылы анықталады?
3. Бұрыштық үдеумен айналып тұрған Е ИЕСЖ тұрғысынан қарағанда байқалатын инерция күші қандай өрнек арқылы табылады?
4. Центрден тепкіш инерция күші өрнегімен анықталғандағы радиус-вектор қандай радиус-вектор?
5. Центрден тепкіш инерция өрнегімен анықталғандағы радиус-вектор қандай радиус-вектор?
6. Гелиоцентрлік бойлық және геоцентрлік вертикаль ұғымдарын түсіндіріңдер.
7. Астрономиялық бойлық және шын вертикаль ұғымдарын түсіндіріңдер.
8. Еркін түсу үдеуінің геоцентрлік бойлықтан тәуелділігінің өрнегі қандай?
9. Еркін түсу үдеуінің астрономиялық бойлықтан тәуелділігінің өрнегі қандай?
10. Кариолис күші қандай өрнек арқылы анықталады?
11. Қандай жағдайларда Кариолис күші байқалмайды?
12. Циклон және антициклон терминдерін түсіндіріңдер?
13. Солтүстік – шығыс және оңтүстік – шығыс пассаттары қалай пайда болады?
14. Координат өстеріне қатысты инерция моменттері қандай өрнектермен анықталады?
15. Центрден тепкіш иенрция моменттері қандай өрнектермен анықталады?
16. Бас инерция остері деп қандай остерді айтады?
17. Айналу өсі горизонты бұрыш жасайтын куэрге ауырлық күшінің әсер ететін моментінің өрнегі қандай?
18. Гироскоптың моменттің симметриялы куэр үшін қандай өрнегі бар?
19. Гироскопты қалай қолдануға болады?
20. Гироскоптық моменттің жалпы өрнегі қандай?
Е. Қатты дененің механикасы тарауы бойынша тексеру сұрақтары Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы деп қандай қозғалысты айтамыз?
Қандай дененің айналмалы қозғалысы деп қандай қозғалысты айтамыз?
Массалар центрінің координаттарын табудың қандай әдістері бар?
Ілгерілемелі қозғалыстағы қатты дене үшін Ньютонның екінші заңының өрнегі қалай қорытылады?
Күштің айналу өсіне қатысты моменті неге тең?
Қандай жағдайларда күш моменті нөлге тең болуы мүмкін?
Қатты дененің инерция моменті қандай өрнекпен анықталады?
Сақинаның симметрия өсіне қатысты инерция моменті неге тең? Қалай табылады?
Жұқа цилиндрдің симметрия өсіне қатысты инерция моменті неге тең? Қалай табылады?
Тұтас цилиндрдің симметрия өсіне қатысты инерция моменті неге тең? Қалай қорытылады?
Қалың қуыс цилиндрдің симметрия осіне қатысты иенрция моменті неге тең? Қалай қорытылады?
Шыбықтың ортасынан өтетін перпендикуляр өске қатысты инерция моменті неге тең? Қалай қорытылады?
Шыбықтың ұшынан өтетін перпендикуляр өске қатысты инерция моменті неге тең? Қалай қорытылады?
Штейнер теоремасы қалай оқылады?
Күш моменті векторының бағыты қандай ереже арқылы анықталады?
Импульс моменті векторының бағыты қандай ереже арқылы анықталады?
Айналмалы қозғалыс үшін Ньютонның екінші заңының векторлық өрнегі қалай жазылады?
Импульс моментінің сақталу заңы қалай оқылады?
Қозғалмайтын өстен айналатын қатты дененің кинетикалық энергиясы қандай өрнек арқылы табылады?
Айнымалы қозғалыстың кинетикалық энергиясының өзгеруі неге тең?
Кент теоремалары қалай оқылады?
Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстардың кинетикалық және динамикалық өрнектері арасындағы ұқсастықтары кестесін жасаңдар.
Қатты дененің тепе-теңдік шарттары қандай?
Көлбеу жазықтықтан сырғанамай домалайтын шардың горизонталь учаскеге шығу кезіндегіжылдамдықтары мен ‰деуі қалай қорытылады.