«Механика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



бет48/61
Дата29.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#111598
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Байланысты:
УМКД механика

Жұмысқа жіберу сұрақтары
1.Жұмыс істелетін қондырғы мен жұмыстың істеліну барысын түсіндіру.
2. Гук заңын тұжырымдау.


Жұмысты тапсыру сұрақтары

  1. Деформация құбылысы мен оның түрлері.

  2. Юнг модулінің физикалық мағынасы.

Сұйықтың ішкі үйкеліс коэффициентін Стокс әдісімен анықтау


Керекті құрал жабдықтар: сұйық құйылған шыны цилиндр, микрометр, масштабты сызғыш, секундомер.


Жұмыстың мақсаты: ішкі үйкеліс коэффициентін анықтау әдісімен танысу және эксперименттің талаптарын қанағаттандыратын шарттарды іздеуге дағдыландыру, оларды тағайындау.


Жұмысқа жіберілер алдында студенттердің білуге тиісті сұрақтары:

  1. Ішкі үйкеліс дегеніміз не?

  2. Қандай жағдайларда үйкеліс күші Стокс формуласымен анықталады?

  3. Сұйықтың ішіндегі шардың қозғалысын сипаттаңыз?

  4. Ішкі үйкеліс коэффициенті қандай шамаға тәуелді?



Теориядан қысқаша түсінік
Дененің қозғалыс жылдамдығы аз болғанда ортаның кедергісі іс жүзінде тек ішкі үйкеліс күшімен ғана сипатталады. Стокс заңы бойынша, тұтқыр сұйықта баяу, бір қалыпты ілгерлемелі қозғалған қатты шарға әсер ететін кедергі күш мынаға тең:
, (1)
Мұндағы - ішкі үйкеліс немесе тұтқырлық коэффициенті, - шардың радиусы, - шардың жылдамдығы. Кішілеу қатты шар тұтқыр сұйықта вертикаль төмен түскенде, оған үш күш әсер етеді: төмен бағытталған ауырлық күші ( ), жоғары бағытталған кері итеруші Архимед күші ( ) және жоғары бағытталған кедергі (ішкі үйкеліс) күші. Екі бағытталған күштердің қорытқы күшінің әсерінен шар үдей қозғалады. Бірақ шардың қозғалыс жылдамдығы артқан сайын (1) формулаға сәйкес кедергі күші артады. Бара–бара шардың жылдамдығы белгілі бір -ге жеткенде Архимед күшімен кедергі күші ауырлық күшін теңгереді. Осының салдарынан шар тұрақты жылдамдықпен бір қалыпты қозғалады. Мұндай қозғалыста: . Шардың тығыздығын , ал сұйықтың тығыздығын деп белгілейік, сонда:

Осыдан :
Бұл жұмыстың мақсаты тұтқырлық коэффициентін анықтау. Ол үшін биіктігі 60 см, тұтқыр сұйық (глицерин) толтырылған вертикаль шыны құралы қолданылады. Шыны түтіктің бойында сақина тәріздес екі белгі бар. Сұйықтың деңгейі жоғарғы белгіден 10-12 см жоғары болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет