«Механика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


С. Механикалық тербелістер тарауы бойынша тексеру сұрақтары



бет56/61
Дата29.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#111598
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
УМКД механика

С. Механикалық тербелістер тарауы бойынша тексеру сұрақтары
1. Механикалық тербелістер деп қозғалыстың қандай түрлерін айтамыз?
2. Гармониялық тербелістер деп қандай тербелістерді айтамыз?
3. Гармониялық тербелістің графикалық моделі қандай?
4. Қандай тербелмелі жүйе математикалық маятник деп аталады?
5. Қандай тербелмелі жүйе серіппелі маятник деп аталады?
6. Қандай тербелмелі жүйе физикалық маятник деп аталады?
7. Қандай тербелмелі жүйе аударылмалы маятник деп аталады?
8. Қандай тербелмелі жүйе бұралғыш маятник деп аталады?
9. Соңғы бес сұрақтар үшін жүйелердің тербеліс периоды қандай
өрнектер арқылы табылады?
10. Бір түзудің бойымен бағытталған периодтары тең екі гармониялық тербелістің қорытқы амплитудасы қандай өрнек арқылы табылады?
11. Бір түзудің бойымен бағытталған периодтары тең екі гармониялық тербелістің қорытқы бастапқы фазасы қандай өрнек арқылы табылады?
12. Қорытқы тербеліс амплитудасы периодтары жеке тербелістердің амплитудаларының қосындысына тең болу үшін тербелістердің бастапқы фазаларының айырмасы неге тең болуы қажет?
13. Қорытқы тербеліс амплитудасы периодтары тең жеке тербелістердің амплитудаларының айырмасын тең болу үшін тербелістердің бастапқы фазаларының айырмасы неге тең болуы керек?
14. Бір түзудің бойымен бағытталған периодтары тең емес екі гармониялық тербелістер соғу беретіні белгілі. Соғу жиілігі неге тең болады? Соғудың циклдік жиілігі неге тең ?
15. Өзара перпендикуляр гармониялық тербелістер (тербеліс периодтары бірдей болғандағы) қосылғанда пайда болатын қорытқы тербеліс траекториясының өрнегі қандай?
16. Тербеліс траекториясы І және ІІІ ширектерде жататын түзу сызық болу үшін бастапқы фазалар айырмасы неге тең болуы керек?
17. Тербеліс траекториясы ІІ және ІV ширектерде жататын түзу сызық болу үшін, бастапқы фазалар айырмасы неге тең болуы керек?
18. Тербеліс траекториясы эллипс болуы үшін, бастапқы фазалар айырмасы неге тең болуы керек?
19. Қандай жағдайларда тербеліс траекториясы шеңбер болады?
20. Өшетін тербеліс периоды мен өшпейтін гармониялық тербеліс периодының арасында қандай байланыс бар?
21. Логарифмдік декремент деп қандай шаманы айтады?
22. Логарифмдік декремент арқылы кедергі коэффициентін қалай табуға болады?
23. Кез келген мезеттегі өшетін тербеліс амплитудасы қандай өрнек арқылы табылады?
24. Мәжбүр тербеліс қандай дифференциалдық теңдеуге бағынады?
25. Мәжбүр тербелістің бастапқы фазасы үшін қандай өрнек алынады?
26. Бастапқы фазаның мәжбүрлеуші күштің циклдік жиілігінен тәуелдігінің графигі қандай?
27. Резонанстың амплитуда қандай өрнек арқылы анықталады?
28. Резонанстық амплитуданың мәжбүрлеуші күштің циклдік жиілігінен тәуелділігінің графигі қандай? Бұл графиктен қандай тұжырымдар жасауға болады?
29. Графиктегі статикалық амплитуда Астат деп белгіленген амплитуда қандай амплитуда?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет