Д. Механикалық толқындар. Акустика тарауы бойынша тексеру сұрақтары Металл сым бойымен тарайтын көлденең толқынның пайда болу жемісін түсіндіріңіздер.
Қума толқын тараған кездегі ортаның бөлшектерінің тербелуін бейнелейтін суретті салып, сәйкес тұжырым жасаңдар.
Көлденең толқынның таралу жылдамдықтарын қандай өрнектер арқылы есептейді?
Қума толқынның таралу жылдамдықтары қандай өрнектер арқылы табылады?
Жазық толқынның теңдеулері қандай?
Толқын ұзындығы деп қандай шаманы айтамыз?
Толқын ұзындығымен толқын санының арасында қандай байланыс бар?
Толқындық теңдеулердің қандай түрлері бар?
Толқын фронты деп нені атайды?
Тұрғын толқындар қалай пайда болады?
Бір жағы ашық трубада пайда болатын тұрғын толқын ұзындығымен трубаның ұзындығының арасында қандай байланыс бар?
Толқын интерференциясы деген қандай құбылыс?
Қай жағдайларда толқын көздері когерентті болады?
Тербеліс периодтары тең екі толқын бірін-бірі күшейту үшін, толқын көздерінің арақашықтығы мен ұзындығының арасында қандай байланыс қажет?
Тербеліс периодтары тең екі толқын бірін-бірі әлсірету үшін, толқын көздерінің арақашықтығымен толқын ұзындығының арасында қандай байланыс болуы керек?
Толқынның интенсивтігі деп қандай шаманы айтады?
Қандай толқындар дыбыс толқындары деп аталады? Шалғай дыбыстар, әсіре дыбыстардың жиілігі неге тең?
Әсерлесуші қысым қандай өрнек арқылы табылады.
Толқынның интенсивтігі мен әсерлеуші қысымның арасында қандай байланыс бар?
Қалыпты есту табалдырығы үшін әсерлеуші қысым негетең?
Қандай физикалық шама дыбыстың қаттылығының деңгейі деп аталады?
Зақымдалу қанша децибел?
23. Дыбыс қабылдаушы қозғалмайтын дыбыс көзіне қарай жақындағанда қабылданатын дыбыс толқынның жиілігі қандай өрнек арқылы
24.Дыбыс қабылдаушы қозғалмайтын дыбыс көзіне қарай жақындағанда қабылданатын дыбыс толқынның жиілігі қандай өрнек арқылы табылады?
25.қозғалмайтын дыбыс көзінен алыстағанда қабылданатын дыбыс қысымының жиілігі қандай өрнек арқылы есептеледі?
26.Қозғалмайтын қабылдаушы жанындағы дыбыс көзінің шығаратын дыбысының жиілігі қандай өрнек арқылытабылады?
27.Қозғалмайтын қабылдаушыдан алыстап бара жатқан дыбыс көзінің шығаратын дыбысының естілу жиілігі қандай өрнек арқылы табылады?
28.Қабылдаушы мен дыбыс бір түзудің бойымен салыстырмалы қозғалыста болса, дыбыс жиілігі қандай өрнек арқылы табылады?
29.Кез келген бағыттағы салыстырмалы қозғалыстағы қабылдаушы мен дыбыс көздері үшін Доплер құбылысының өрнегі қандай?
30.Дыбыстың шағылуы деп қандай құбылысты айтамыз?
31.Шағылу заңдары қалай айтылады?
32. Дыбыстың сынуы деп қандай құбылысты айтамыз?
34.Сыну заңдары қалай аталады?
35.Толық ішкі шағылу құбылысы орындалу үшін қандай шарт қажет?
36.Қандай құбылыс толқынның жұтылуы деп аталады?
37.Шағылу, сыну және жұтылу коэффициенттері неге тең? Олардың арасында қандай байланыс бар?
38.Шалғай дыбыстар дегеніміз не?
39.Әсіре дыбыстар дегеніміз не?