Механиканың физикалық негіздері



бет12/49
Дата21.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51510
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
57. Ағын түтігі
Сұйықтықтың қозғалысы ағын деп аталады. Сұйықтың тұтас орта ретінде қарастырылып, ағында үзіліссіз орналасқан болады. Ағын сызықтарымен шектелген сұйықтың бөлігі ағын түтігі деп аталады.
58. Үзіліссіздік теңдеуі
Үзіліссіздік теңдеуі:Сығылмайтын сұйықтың ағын түтігінің көлденең қимасының ағын жылдамдығына көбейтіндісі осы ағын түтігі үшін тұрақты шама болып табылады.
59. Бернулли теңдеуі
Бернулли теңдеуі — гидромеханиканың негізгі теңдеулерінің бірі. Бұл теңдеуді швейцариялық ғалым Д. Бернулли (1700 — 1782) өзінің 1738 жылы Страсбургте жарық көрген “Гидродинамика” деген еңбегінде тұжырымдаған.

60. Тұтқырлық
Тұтқырлық – сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерінің бірі. Мысалы, машиналарды майлау үшін жанармайды алдын ала тұтқырлығына қарап таңдап алады. Сұйық тұтқырлығының температураға байланыстылығы өте күшті болады.
61. Ламинарлық ағын
Ламинарлық ағын (Поток ламинарный; лат. lamina — жолақ, қатпар ) — газ немесе тұтқырлы сұйықтықтың қатпарлы ағыны. Ламинарлы ағын сараптамада Рейнольде саны мәнімен өрнектеледі: Rc=VL/A,< Rc мұндағы V және L — берілген ағынның жылдамдығы (м/с), λ — кинематикалық сұйықтықтың тұтқырлығы (м2/с)
62. Tурбуленттік ағын
Tурбуленттік ағын (лат. turbulentus — тәртіпсіз, долы) — сұйықтықтың немесе газдың әр нүктесінде уақыт өзгеруіне байланысты қозғалыс жылдамдығының мәні де, бағыты да өзгеріп, жылдамдығы тамырдың соғуына ұқсас сипатта өтетін ағыс. Ешбір зандылықсыз қозғалған сұйық (газ) тамшыларының (ортаның өте шағын бөлшектерінің) бір-бірімен араласуы мейілінше қарқынды өтетін және сындарлы көрсеткіштен жоғары жылдамдықтармен қозғалған сұйық (газ) ағысы.
63. Рейнольдс саны
Рейнольдс саны (ағылшын ғалымы О.Рейнольдстың атымен) — инерциялық күш пен тұтқырлық күш арасындағы қатынасты анықтайтын, тұтқыр сұйықтық пен газ ағысының ұқсастық критерийлерінің бірі: мұндағы: — тығыздық, кг/м3; — ағынның жылдамдығы, м/с; — ағынның сызықтық өлшемі, м; — газ немесе сұйықтық тұтқырлығының динамик. коэфф, Н·с/м2. Сұйықтық ағысының режимі кризистік Рейнольдс саны (Reкр) арқылы сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет