Механиканың физикалық негіздері



бет14/49
Дата21.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51510
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
71. Физикалық маятник
Физикалық маятник - қозғалмайтын горизонталь осьтің маңайында ауырлық күшінің әсерінен тербеліс жасайтын абсолюттік қатты дене.
72. Математикалық маятник
Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.
73. Серіппелі маятник
Серіппелі маятник - серіппенің серпімділік күшінің әсерінен түзу сызықты тербеліс жасайтын дене; бекiткен серіппе, серпiмдiлiк коэффициентi k (қаттылықпен), мен массасы m жүгi болатын механикалық жүйе.
18.02.2021
14:21:19
Молекулалық физика және термодинамика
1. Статистикалық әдіс
Статистикалық әдіс – бұл үлкен сандағы бөлшектік жүйелерді зерттеу немесе орташа (орташалау) және статистикалық заңдармен сипаттамалардың физикалық шамалармен барлық жүйеде мәндерін көрсету.
2. Термодинамикалық әдіс
Термодинамикалық әдіс – зерттелетін дененің ішкі құрылымын, әр бөлшектің қозғалыс ерекшеліктерін ескермейтін, энергияның түрлі – түрлі өзгерістері кезінде, көп бөлшектерден тұратын жүйені бүтін күйіндегі жағдайын білдіретін шамалармен жұмыс жасайтын жүйелерді зерттеу әдісі.
3. Термодинамика
Термодинамика - сыртқы ортамен, макроскопиялық денелермен, басқа денелермен өзінің арасында энергия ауысып және әсерлесіп, термодинамикалық жүйемен жұмыс жасайды.
4. Идеал газ
Физикалық моделі мынадай:
1) Газ молекулаларының көлемі ыдыс көлемімен салыстырғанда аз болады.
2) Газ арасында молекулалары күштік әсер болмайды.
3) Газ молекулаларының өзара және ыдыс қабырғасымен соқтығысуы абсолютті серпімді болады.
Бұдан шығатын қорытынды:
Идеал газдарды көлемі көзге ілінбейтін және қашықтықта бір – бірімен
әрекеттеспейтін тәртіпсіз қозғалыстағы молекула – шариктердің жиынтығы деп қарастыруға болады.
Идеал газ әрекеттерін сипаттайтын заңдар: Бойль –Мариотт, Авогадро, Дальтон, Гей – Люссак заңдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет