Механиканың физикалық негіздері



бет11/49
Дата21.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51510
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
53. Деформация
Деформация (ағылш. deformation) — сыртқы күштер, температура, фазалық түрленуі және ылғалдылықтың т.б. әсерінен пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі барысында дене бөлшектерінің орнын ауыстыруына алып келетін үдеріс.
54. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы, Ньютонның тартылыс заңы — кез келген материялық бөлшектер арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтайтын заң. Ол И. Ньютонның 1666 ж. шыққан “Натурал философияның математикалық негіздері” деген еңбегінде баяндалған. Бұл заң былай тұжырымдалады: кез келген материялық екі бөлшек бір-біріне өздерінің массаларының (m1, m2) көбейтіндісіне тура пропорционал, ал ара қашықтығының квадратына (r2) кері пропорционал күшпен (F) тартылады: , мұндағы G — гравитациялық тұрақты(латынша gravitas – ауырлық деген сөзді білдіреді). Гравитациялық тұрақтының (G) сан мәнін 1798 ж. ағылшын ғалымы Г. Кавендиш анықтаған.
55. Паскаль Заңы
Паскаль Заңы - осылай дейді:
Тепе-теңдік күйде жатқан сұйық не газға әсер етілген қысым сол сұйық не газдың кез келген нүктесіне барлық бағыттарға бірдей таралады
Бұл заң француз философы Блез Паскаль есімімен аталынған, бірақ та осы заңды Г.Б.Бенедитти (1530-1590) мен Симон Стервин (1548-1620) екеуі 1586 дәлелдеген. Осы заң сұйық не газ қозғалып жатқанда, бұл заңға сүйенуге болмайды, сондықтан гидродинамика теңдеулерін қолдану керек, сонымен қатар сұйық не газға гравитациялық өріс әсер еткенде, Паскаль заңы қолданылмайды, себебі биіктік өзгерген сайын сұйық пен газдардың қысымы өзгереді екені мәлім.
56. Ағын сызықтары
Сұйықтықтың қозғалысы ағын деп аталады. Сұйықтың тұтас орта ретінде қарастырылып, ағында үзіліссіз орналасқан болады. Сұйықтықтың қозғалысы графиктік түрде ағын сызықтары арқылы көрсетіледі. Ағын сызықтарының тығыздығы оның жылдамдықтарына байланысты. Барлық нүктелердегі жанамалардың осы нүктелердегі сұйық жылдамдықтарының бағытымен бірдей түсетін сызықтар ағын сызықтары деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет