Механиканың физикалық негіздері


Реал газдар, сұйықтар және қатты денелер



бет26/49
Дата21.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51510
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
9. Реал газдар, сұйықтар және қатты денелер

  • Реал газ - қасиеттері молекулалардың өзара әсерлесуіне тәуелді (идеал газдан айырмашылығы) газ; молекулаларының арасындағы өзара әсерлесулер маңызды роль атқаратын газдар.

  • Қатты дене — қалпы тұрақтылығымен, және затты құраушы атомдардың тепе-теңдік жағдайының маңайындағы аз тербелісі түріндегі жылулық қозғалысымен, сипатталатын заттың агрегат күйі.

  • Сұйық агрегаттық күйдегі зат, газ бен қатты күйлердің арасындағы аралықты алып жатыр. Сұйықтықтың басқа агрегаттық күйлерден басты айырмашылығы — көлемін түрақты түрде сақтай отырып жанама күштердің әсерінен өзінің формасын шексіз түрде өзгерте алуы. Сұйықтық үлкен қысымда тұтқыр күйде кездеседі.

10. Ван-дер Ваальс теңдеуі
Нақты (реал) газдардың күйін сипаттайтын алғашқы теңдеулердің бірі. 1873 ж. голланд физигі Я.Д. Ван-дер-Ваальс ұсынған. Температурасы және қысымы p болатын көлемі V газдың молі үшін В.-д.-В. т. мына түрде жазылады: (p + a/V2)(V—b)= =RT, мұндағы R — әмбебап газ тұрақтысы, а және b — нақты газ қасиеттерінің идеал газ қасиеттерінен ауытқуын көрсететін тәжірибелік тұрақтылар. Ал a/V2 — молекулааралық өзара әсердің нәтижесінде пайда болатын молекулалар арасындағы тартылысты ескеретін мүше (өлшемділігі — қысым), b — молекулалардың бір-біріне жақын келген кездегі тебілісін ескере отырып, олардың (молекулалардың) меншікті көлеміне ендірілетін түзету. Көлем (V) үлкен болған жағдайда (сондай-ақ, сиретілген газдар үшін де) a және b тұрақтыларын ескермеуге болады да В.-д.-В. т. идеал газ күйінің теңдеуіне ауысады.
11. Фаза
Термодинамикада — заттың физикалық қасиеттері бойынша басқа мүмкін болатын тепе-теңдік күйлерден өзгеше термодинамик. тепе-теңдік күйі (қ. Термодинамикалық тепе-теңдік). Кейде заттың тепе-тең емес метатұрақты күйі де Фаза (метатұрақты фаза) деп аталады. Заттың бір Фазадан екінші Фазаға көшуі фазалық ауысу деп аталады. Ол зат қасиеттерінің сапалық өзгерістеріне тәуелді. Мысалы, заттың газ, сұйық және кристалдық күйлері құрылымдық бөлшектердің (атомдардың, молекулалардың) қозғалыс сипатымен және реттелген құрылымның болуымен немесе болмауымен ерекшеленеді. Әр түрлі кристалдық Фазалар бір-бірінен кристалдық құрылым типімен, электр өткізгіштігімен, электрлік және магниттік, асқын өткізгіштік қасиеттерімен, т.б. ерекшеленеді. Сұйық Фазалар бір-бірінен құраушыларының шоғырымен, асқындатқыштық қасиетінің болуы немесе болмауымен, серпімділік және электрлік қасиеттерінің анизотропиясымен өзгешеленеді. Қатты қорытпалардағы кристалдық құрылым Фазалары тығыздығымен, серпімділік модулімен, балқу температурасымен, т.б. қасиеттерімен ерекшеленуі мүмкін. Көп жағдайларда Фазалар кеңістік бойынша біртекті таралады, бірақ оған жатпайтындары да бар. Олар: екінші текті өткізгіштің аралас күйі (асқын өткізгіштік), әлсіз магнитөрісіндегі ферромагнетиктер болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет