Механиканың физикалық негіздері



бет34/49
Дата21.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51510
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
11. Дипольдің моменті - оң зарядтар шамасының зарядтар ара қашықтығына көбейтіндісін және диполь иінінің бағытымен бағыттас векторды айтады:  Диполь өрісінің кернеулігінің формуласы:  .
12. Диэлектриктердің поляризациялануы.
Диэлектриктерде зарядталған еркін бөлшектер болмайды. Электр өрісінің әсерінен диэлектрик молекуланың құрамына кіретін оң бөлшектер өріс бағытымен , ал теріс бөлшектер өріске қарсы жылжиды, солай әрбір молекулалар поляризацияланады. Соның салдарынан диэлектриктің өріспен бағыттас жағы оң қарама-қарсы жағы оң зарядталған , қарама-өарсы жағы теріс зарядталады. Бұл құбылысты диэлектриктің поляризациялану деп атайды. Молекулалардың поляризациялануы температураға байланысты болады. Поляризацияланған диэлектриктің тудыратын электр өрісін сан жағынан сипаттау үшін поляризацияланғыш деген шама енгіземіз.   ,  -диэлектриктің поляризациялану коэффициенті. Сыртқы өрістің әсерінен диэлектрик поляризацияланады, яғни диэлектриктің қорытқы дипольдік моменті нольден өзгеше болады. Берілген нүктедегі поляризациялануды сипаттау үшін, осы нүктені қамтитын физикалық шексіз кішкене көлемді бөліп алу керек. Осы көлемдегі дипольдық молекулалар моментінің қосындысын   тауып мына қатынасты аламыз:   (1) анықталатын  векторлық шаманы диэлектриктің поляризациялануы деп атаймыз.
13. Электрлік ығысу (электрлік индукция) өрнегі:
Өлшемсіз шаманы ортаның салыстырмалық диэлектрлік өтімділік немесе жай ғана диэлектрлік өтімділік деп атайды.
Ε шамасы диэлектриктің электр өрісінде поляризациялануы кезінде диэлектриктің қасиетін сипаттай отырып, электр өрісінің диэлектриктің әсерінен қаншалықты кемитінін көрсетеді.
Электрлік ығысу векторының өлшем бірлігі – Кл/м .
Диэлектриктегі зарядқа әсер ететін күш:
Поляризацияланғанда диэлектриктердің деформациялануы электрострикция деп аталады.
14. Электр өрісіндегі өткізгіштер
Егер электростатикалық өріске өткізгішті ендірсек немесе өткізгішке аздаған заряд берсек, онда электрлік күштердің әсерінен осы зарядтар орын ауыстыра бастайды. Сөйтіп, зарядтар тепе – тең болып бөлінгенге дейін, өткізгіштер қозғалыста болады. Осы кезде өткізгіштің барлық жеріндегі өріс кернеулігі нольге тең болады (  ), себебі, өткізгіш ішіндегі потенциялдар тұрақты болу керек (φ = const) . Сонымен қатар өткізгіш бетінің әрбір нүктесіндегі өріс кернеулігі бетке нормаль бойымен бағытталады. Демек, тепе – теңдік жағдайда өткізгіштің беті эквипотенциал болады. Тепе – теңдік кезінде өткізгіш ішіндегі кез келген нүктеде өріс болмағандықтан, бет арқылы электрлік зарядтардың ығысу векторының ағыны  нолге тең болады. Ол зарядтардың алгебралық қосындысы да Остроградский – Гаусс теоремасына сәйкес нолге тең. Олай болса, тепе – теңдік кезінде өткізгіштің ішіндегі ешбір жерде артық заряд болуы мүмкін емес, сөйтіп зарядтар өткізгіштің бетінде белгілі бір тығыздықпен (δ) орналасуы керек. Жалпы өткізгіштің берілген потенциялына зарядтардың тығыздығы беттің қисықтығымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет