Механиканың физикалық негіздері


Жазық конденсатордың сыйымдылығы



бет36/49
Дата21.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51510
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
18. Жазық конденсатордың сыйымдылығы (әрқайсысының ауданы S бір бірінен d қашықтықта орналасқан екі параллель металл пластинка  
25.03.2021
14:30:25
Электр және магнетизм негіздері.
1. Ток күші
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы тоқ күші деп аталады.
2. Өткізгіштегі ток тығыздығы
Ток тығыздығы деп – тізбектегі тогтың өткізгіш көлденең қимасынан өтіп тұратын зарядтан концентрациясымен жылдамдығының көбейтіндісіне айтылады. Немесе жай тілмен айтқанда өтіп жатқан ток күшінің сол жердегі көлденең қимасын айтады.
3. Айнымалы ток
Айнымалы ток, кең мағынасында — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.
4. Электр қозғаушы күш
Тұйықталған тізбектегі электр тогы энергия көзінің электр қозғаушы күші әсерінен ағады. Тізбекте ток жоқ болған жағдайда да яғни тізбек ажыратылған кезде де энергия көзінде электр қозғаушы күші пайда болады. Тізбекте ток жоқ болған жағдайда да ЭҚК энергия көзінің қысқыштарындағы потенциалдар айырымына тең. Потенциалдар айырымы сиякты, ЭҚК вольтпен (В) көрсетіледі.
5. Джоуль – Ленц заңы
Электр тогы металл өткізгіштер арқылы өткенде электрондар бірде нейтраль молекулалармен, бірде электрондарынан айрылған молекулалармен соқтығысады. Қозғалыстағы электрон өзінің кинетикалық энергиясын жоғалта отырып, нейтраль молекуладан жаңа электронды бөліп алады да, жаңа оң ион түзеді, немесе электронынан айрылған молекуламен (оң ионмен) қосылып нейтраль молекула кұрады. Электрондар молекулалармен соқтыққанда энергия жұмсалады, cол энергия жылуға айналады. Кедергіні жеңе отырып жүретін кез келген қозғалыс белгілі энергия жұмсалуын қажет етеді. Мысалы, қайсы бір денені орнынан қозғалту үшін үйкеліс кедергісін жеңу керек. Оған жұмсалатын жұмыс жылуға айналады. Өткізгіштің электр кедергісінің маңызы да үйкеліс кедергісі сияқты болады. Сөйтіп, өткізгіштен ток өткізу үшін ток көзі біраз энергия жұмсайды, cол энергия жылуға айналады. Электр энергиясының жылу энергиясына өтуі Ленц — Джоуль заңымен анықталады. Бұл заңды "Токтың жылулық әсер заңы" деп те атайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет