(ДӨҢГЕЛЕК) ҚАЗЫ – ішекке сыймағандықтан, тілкем күйінде сақталған қазы. КЕРЕ
ҚАЗЫ – семіздігі бармақ пен шынашақ арасына тең қазы. ҚАРЫС ҚАЗЫ – жуандығы
бір қарысқа жуық, үлкен, жуан қазы. ҚОС ҚАЗЫ – жылқының екі қабырғасынан
жасалған үлкен бір қазы. СҮР ҚАЗЫ – әбден сақталған, сүр болған қазы.
ТАБАЛДЫРЫҚ ҚАЗЫ – аса қалың, айналдыруға келмеген өте семіз қазы. Кей жерлерде
«табан қазы» деп те атайды [ҚӘТС 9-том. 19-бет]
ҚЫМЫЗ – зат. этн. Бие сүтінен арнайы ыдыста (сабада) ашытылып жасалатын
қазақ халқының көне замандардан бергі дәстүрлі тағамы, қадірлі асы, емдік қасиеті мол
сусын [ҚӘТС 10-том. 561-бет]
Қымыздың түрлеріне келетін болсақ, АҚ ҚЫМЫЗ – әлі ашуы келмеген саумал
қымыз. БАЛ ҚЫМЫЗ – дәмі ауызда үйірілетін, әбден пісілген және бойына жылқының
не қойдың майы сіңген бапты, жұмсақ қымыз. БЕСТІ ҚЫМЫЗ – ашығаннан кейін
бесінші тәулікке ауысқан қымыз. ДӨНЕН ҚЫМЫЗ – ашығаннан кейін төртінші тәулікке
ауысқан қымыз. ЖУАС ҚЫМЫЗ – үстіне саумал құйып жұмсартылған қымыз. КӘРІ
ҚЫМЫЗ – халықпен бірге жасасып, ежелден келе жатқан қадірлі, атадан қалған асыл ас.
КҮЗДІК ҚЫМЫЗ – сірге мөлдіретерге дейінгі кезеңдегі күздік шөпке жайылған биенің
сүтінен жасалған құнарлы қымыз. ҚОРАБАЛЫ ҚЫМЫЗ – мол қордың үстіне күн сайын
сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымыз. ҚОЮ ҚЫМЫЗ – жақсы ашып, бабына
жеткен жаз соңындағы немесе ерте күздегі әбден піскен шүйгінді шөпке жайылған бие
сүтінен жасалған қымыз. ҚҰЛЫН ҚЫМЫЗ – ашығанына бір тәулік асқан жаңа қымыз.
ҚҰНАН ҚЫМЫЗ – ашығаннан кейін үшінші тәулікке ауысқан күшті қымыз.
119
ҚЫСЫРАҚ ҚЫМЫЗ – бірінші рет құлындаған қулық биенің сүтінен ашытылатын
қымыз. САРЫ ҚЫМЫЗ – жақсы пісіліп, әбден бабына келген, дәмі үйірілген құнарлы,
қою қымыз. СІРГЕЖИЯР ҚЫМЫЗ – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. ТАЙ
ҚЫМЫЗ – ашығаннан кейін екінші тәулікке ауысқан қымыз. ТОСАП ҚЫМЫЗ –
қымыздың ыдыс түбіндегі тұнып қалған қоймалжың қоюы. ТҮНЕМЕЛ ҚЫМЫЗ –
ашығаннан кейін бір түн тұрған, күн асқан кешегі қымыз. УЫЗ ҚЫМЫЗ – бие
құлындағаннан кейін алғашқы күндері сауылған сүтінен жасалған қымыз болса, ал
ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ – зат. этн. көктемде бие байланған алғашқы қымыз ішуге шақыру
салты.
Зерттеу барысында белгілі болғанындай, бұл аталған этнографизмдер ақын
қолданысында ұлттық нақышты анық көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, Ана тілі, 1998 ж. – 304 б.
2. Сейілхан А. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәденитанымдық мәні:
филол. ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 2001. – 130 б.
3. А.Шаяхметов. Көзімді ашып көргенім. Қостанай, 2001ж.
ОӘЖ:
81-2
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ ТІЛІНДЕГІ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ
ДИАЛЕКТІЛЕР
Сайфуддинова Г.А., филология факультетінің 3 курс студенті, ғылыми
жетекшісі:Есіркепова К.Қ.
филология ғылымдарының кандидаты, доцент. ҚМПИ
Мақалада Қостанай облысына Өзбекстаннан қоныс аударған қазақтардың тілінде кездесетін диалект
сөздер мен салт – дәстүрдің сақталуындағы ерекшеліктер туралы айтылады.
В данной статье рассматривается традиции и обычаи, а также диалекты и их особенности у казахов,
которые иммигрировали в Костанайскую область с Узбекистана.
This article examines the traditions and customs, as well as dialects and their features of the Kazakhs , who
immigrated to Kostanay region with Uzbekistan.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – тіл мәселесі болса, екіншісі –
халқымыздың демографиялық көрсеткіші екені айдай анық. Өз еліне оралған
қандастарымыз ана тілімізді аман сақтап, салт-дәстүрімізді жоймай, ұлтын, дінін, ділін
сақтап, жаһандануға жұтылып кетпей, «қазақ» деген қасиетті атты қадір тұтқан.
Біздің ата-бабаларымыз түрлі себептермен өткен ғасырлардағы қуғын-сүргіндерде
ежелгі атамекенін амалсыз тастап көшіп, өзге елдерді паналаған. Солардың арасында көп
елдерде өздерінің адал, азат еңбектерімен қазақ атын жоймай, қазақ ұлтының мәртебесін
биікке көтерген атақты, танымал тұлғалар аз болмаған. Бүгінгі күні қазақ халқының
рухани да қоғамдық – әлеуметтік тіршілігінің барлық саласына тамырын кең жайып,
халқымыздың қатынас құралы ретінде қалтқысыз қызмет істеп отырған әдеби тіліміздің
даму жолының өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп қарасақ, оның қалыптасуы мен
кемелденуіне, талабына сай биік белестерге де көтерілуіне қозғау салған - халық тілі.
Академик Ә.Қайдаров былай дейді: «Шетелдегі туғандарымыздың тіліндегі
байқалатын өзгешеліктер сыртқы әсерден, атап айтқанда, аралас-құралас отырған көрші
халықтардың тілі мен өмір салты әсерінен, қоғамдық ықпалынан пайда болған
ерекшеліктер. Тілдердің әр түрлі дәрежедегі әсерін, тікелей ықпалын мойындауымыз
керек» [1. 130 б].
120
Жергілікті халық тілінің байлығы - әдеби тіліміз нәр алатын таусылмас
бұлақтардың бірі. Қазіргі кезде жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде ұлттық әдеби тілді
байытудың қайнар көзі деп қарайтын оң пікір жүйелеу, оларға лингвистикалық талдау
жасау аса қажетті істердің бірі болып саналады. Діңгегі бір қазақ халқының тарихи
себептерге байланысты тарыдай жер жүзіне шашылғанымен, оларды әрқашан біріктіретін
– тек тіл екендігі айдай анық.
Ғалым Ж.Досқараевтың қазақ тілінің қазіргі дамуы мен өзекті мәселелеріне
арналған теориялық еңбектері өз маңызын жоймастан күні бүгінге дейін өзекті болып
келеді. Солардың ішінде ғалымның диалектологияға қатысты жасаған зерттеулерінің мәні
ерекше. Яғни егер қазақ шоғырланып тек Қазақстанда емес, басқа да мемлекеттерде тұрса,
қазақтық рухани дүние, қазақша өмір сүру, қазақша болмысты қабылдау дамиды. Бұл
жағдай тек қазаққа емес, жалпы әлем халықтарына ортақ құбылыс [2. 23 б].
Қазақ диалектологиясы жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла
бастағанына біраз уақыт болғанмен оған қажетті оқулық, көмекші құралдары енді ғана бір
ізге түсіп, қалыптасып келеді. «Қазақ диалектологиясы» оқулығының қазақ тіліндегі
алғашқы басылымы 1967 жылы жарық көрген болатын. Негізгі міндет – студенттерді
қазақ диалектологиясы саласындағы өзекті мәселелермен, тілдегі диалектілік
ерекшеліктердің жалпы сипатымен және олардың бұрын – соңды зерттелу жайымен
таныстыру. Оқулықты жазу барысында профессор С.Аманжолов, Ж.Досқараев
тарапынан төмендегідей кейбір ескертулер айтылған:
- Қазақ тіліндегі барлық говорлар мен диалектілердің таралу шегі, тілдік сипаты
түгелдей анықталып болмағандықтан, тіл ерекшеліктері диалектілік я говорлық көлемде
емес, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер негізінде жалпы сипаттама түрде беріліп
отыр;
- Оқулықта қазақ тіліндегі барлық диалектілік ерекшеліктер тегіс қамтылды деуге
болмайды, өйткені тіл ерекшеліктері толық зерттеліп болған жоқ. Мысалы, Қазақстанның
солтүстік аудандары, Қалмақ АССР-і, Өзбек ССС-і және Монғол Халық
Республикасындағы қазақтардың сөздік қоры әлі де болса жете зерттелмей келе жатыр.
- Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипаты, говорлар мен диалектілердің
жіктелуі, олардың ұлттық әдеби тілге қатысы жайында зерттеушілердің арасында әр түрлі
пікір бар. Бұл пікірлер түбегейлі шешілмеген мәселелерге қатысты болмағандықтан,
кейбір жетістік – кемшіліктері көрсетіліп, зерттеушілердің жеке көзқарасы ретінде беріліп
отыр. Келешекте бұл мәселердің жан – жақты зерттелу, шешілу дәрежесіне қарай
оқулыққа өзгеріс енгізіліп отырылады [2. 52 б].
Диалектологияның қалыптасу тарихы этнографиямен тығыз байланысты. Өйткені
диалектілер мен диалектілік ерекшеліктер этнографиялық белгілермен ұштасады.
Қостанай өңіріне қоныс аударған Өзбекстан қазақтарының тілдік
ерекшеліктерінің тақырыптық топтамасы
Өсімдік атауларына қатысты диалект сөздер:
Әнжір – дәмі өте дәмді, емдік қасиеті бар, адамның миының жақсы жұмыс
жасауын қамтамасыз ететін өсімдік түрі.
Баялыш – жазық далада өсетін, отын ретінде пайдалануға өте қолайлы шөп.
Гәрәни – емдік қасиеті бар өсімдік түрі.
Кеурек – көктемде өсетін өсімдік түрі, жапырағын мал дейді, ортасындағы жемісін
адамдар жейді.
Көсік – жемісі жердің астында сәбіз сияқты сопақша болып өсетін өсімдік.
Селеу – малдар жейтін өсімді түрі, шөлді аймақтарда көп өседі.
Томар – сексеуілдің астыңғы бөлігі. Отын ретінде пайдалануға да болады.
Шалғам – емдік қасиеті бар, картоп типтес өсімдік. Дәмі өте қышқыл.
Шырпы – сексеуілдің қурап қалған түрі.
Жан-жануарларға қатысты диалект сөздер
121
Байғұз – ағаштың басында отырып, дауыс шығарып отыратын құс. Байғұздың
жаман дауысы жамандықтың белгісі.
Күре – ешектің баласы
Пешше – маса.
Тұсақ – қойдың 2 жасар қозысы
Үлек – түйенің еркек жынысты түрі
Тұрмыстық заттарға қатысты диалект сөздер
Бастырма – бір жақ қабырғасы ашық, жаз айында салқын болатын баспана
Бұйда – түйенің мұрындығы
Дәке – марлья, бинт.
Егер – ер, аттың үстіндегі адамның отыруына арналған орындық
Жаба – шөп шабатын айыр
Жатақ – су ішіп болған сон қойлардың жататын жері
Кәтек – тауық қора.
Кекпен – жерді қазуда қолданылатын құрал.
Қауыз – жерді қазып цементтелген, су құйып қоятын құдық.
Қосқол – үлкен балға.
Қыжым – матаның түрі
Лом – қатты жерді қазуда қолданылатын бір ұшы ұзын құрал
Мазарат – мола, бейіт
Моржы – шыраның (шамның) әйнегі. Моржы арқылы жарық түсіп тұрады.
Науа – малдарды суғару үшін су құйып қоятын арнайы ыдыс
Палшы – бақсы, балгер.
Паныс – шамның бір түрі
Пәсеңгі – таразының екі жағы тең болуы үшін салынатын зат.
Пешехана (масахана) – масадан қорғану үшін ақ марлыдан тігілетін төртбұрышты
қорғаныс
Пыстан – мылтықтың ішіндегі оғы.
Пілік – шыраның (шамның) ортасындағы от жанып тұратын қалың мата.
Пірезен – жаңбыр суы өтпеу үшін үйдің үстіне төселетін қатты, қалың мата сияқты
зат
Сәтін – жылтырақ мата.
Сестырна – су құюға арналған үлкен бөшке
Сүрме – қыз-келіншектер қас, кірпігін өсіру үшін жағатын зат
Тандыр – нан пісіруге арналған ошақ секілді, саз балшықтан жасалған
Тапшан – жазда далада жатып демалуға арналған ағаштан істелетін орын
Туым – малдың туатын кезіндегі жайлы қоныс
Шыра – керосинмен жанатын шам
Шырдан – қозының мәйегі (қарыны).
Шыт – матаның түрі
Пақта (мақта) - басында қауашақты ақ ұлпа өсетін техникалық дақыл.
Ыдыс-аяқ атауларына қатысты диалек сөздер
Әтешкір – шоқ қысқыш құрал.
Бәк – ет қайнатуға арналған үлкен ыдыс
Елек – ұн т.б. заттар елейтін елеуіш.
Итаяқ – итке тамақ беретін ыдыс
Кекпір – темірден жайпақтап жасалған тесік ожау
Керней – самаурынның, пештің қаңылтырдан жасалған үрлемелі құралы
Күршек – су ішетін ыдыс
Қақандоз – қоқысты (мусорды) алуға арналған ыдыс
Ләл табақ – бесбармақ салатын үлкен табақ
Нымкесе – сорпа құйып ішуге арналған тереңдеу келген үлкен ыдыс.
122
Патнос – паднос, самаурынның астына қоятын ыдыс.
Сапал кесе– сұйық тағам құюға арналған үлкен кесе.
Тапа – үстіне от жағып нан пісіретін ыдыс.
Үнелек – ұнды елейтін елек
Шапқы, шаппа – бәкі, пышақтың кішкентай түрі.
Тағам атауларына қатысты диалект сөздер
Бадам – жаңғақтың сопақша болып келген бір түрі.
Бәрәкөш – жаңа туған қозының еті
Быламық – ұннан істелетін тағам.
Зуала – иленген қамырдың кішкентай үзіндісі
Кәді, ас кәді – асқабақ.
Қайыс – қамыр салынып жасалатын тамақ. Кейбір аймақтарында майсалма деп те
аталады.
Қамыртұрыш – дрожжи, қамырды ашытатын ашытқы
Қаттама – қамырды оқтаумен жазып, бетіне май жағып бүктеп пісіретін нан
Пәтір нан – арасына май жағып пісірілетін жұқа нан
Сумалак – наурыз мерекесінде бидайды ұзақ қайнату арқылы дайындалатын
тағам.
Тандыр нан – тандырға пісірілетін нан
Тапа нан – тапаға пісірілетін нан
Үзбен – қамырды жұқалап кесіп дайындалған тағам.
Шәккі – сүзбе.
Шәмбе – шайдың қалдығы
Шөрдәнек – жаңғақтың бір түрі
Киім-кешек атауларына қатысты диалект сөздер:
Герзабай етік – қыста киетін қалың, су өтпейтін етік.
Күбәйкі – ер адамдардың қыс мезгілінде киетін қалың киімі.
Шарқат – жаңа түскен келіннің 40 күн бойы тағып жүретін орамалы
Адамның дене мүшелеріне қатысты диалект сөздер
Бөтеке - бүйрек
Кәл – шашы жоқ адам
Сорай адам – бойы өте ұзын адам
Тапал адам – бойы өспей қалған, бойы кішкентай адам
Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа қатысты диалект сөздер
Жарысқазан – әйел босанған кезде дәстүрлі түрде жастардың ойын-сауық
құратын жиыны
Сәлем салу – әрбір келіннің парызы. Иіліп сәлем беру арқылы өзінің инабатты,
ибалы екенін білдіреді.
Тәтті шай – жаңа түскен келіннің қолынан үлкен кісілер жиналып ішілетін
алғашқы шай.
Тоғыз – баяғыдан келе жатқан кәде, қыз артынан келетін 9 дана мата, шапан.
Тұтқа шаю – айырып қалған адамға есіктің тұтқасын шайып соның суын ішкізу.
Тіл немесе көз тиген кезде жасалатын ырым.
Шілдехана – сәби дүниеге келген кезде жасалатын жиын.
Қоржын – ұзатылған қыздың қайын жұрты алып келетін маталар.
Адамның мінезіне қатысты және олардың сөйлеу тіліндегі диалект сөздер:
Азан – таңертеңгі уақыт
Ауқат – тамақ деген мағынада қолданылады
Әккі – жаман мінез, қырсық адам.
Базарлық – алыстан келген қонақтар кішкентай балаларға алып келетін сыйлық.
Берешек – қарыз мағынасында. Мысалы: сіз маған берешексіз – сіз маған қарызсыз
(белгілі бір затқа ғана қатысты айтылады).
123
Дастархан тақтау – дастархан жасау
Дат басу – тат басу
Кәуіс-кәуіс – сауын түйені шақыруда айтылатын қаратпа сөз.
Қайтыс болды – өмірден өтті деген мағынада қолданылады.
Қайырлы болсын – өмірден өткен кезде туыстарына айтылатын жұбату сөз.
Пәм – түйсік, түсінік. Мысалы: пәмі жоқ екен – түсінігі жоқ екен.
Пәтия, пәте – бата. Мысалы: Пәтия берейін – бата берейін.
Пәтуасыз – текке, босқа, мағынасыз. Мысалы: пәтуассыз сөйлей бермеңіз – текке
сөйлей бермеңіз.
Сәскей – обедтен кейінгі уақыт. Сағат 3-4 аралығы.
Соңара – сосын, кейін, артынан деген мағынада қолданылады
Ілгері – бұрын деген мағынаны білдіреді.
Қорытындылай келе, Қостанай өңіріне Өзбекстанна қоныс аударған қазақтардың
тілдік ерекшеліктері бұрын – соңды зерттелмеген тақырып болғандықтан,
қандастарымыздың тілдік ерекшеліктерін зерттеп, олардың тілінде кездесетін диалект
сөздерді жинақтап сөздік құрастырып шығаруды мақсат етеміз.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қалиев Ғ. «Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру» оқу құралы. Алматы.
«Мектеп» баспасы. 1985 жыл. 232 б.
2.
Досқараев Ж, Мұсабаев Ғ. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы.
1951 жыл. 132 б.
3.
Атабаева М. «Диалектілік сөз мағынасы» Алматы. «Ғылым» баспасы. 1972
жыл. 176 б.
4.
Қалиев Ғ, Нақысбеков О, Сарыбаев Ш, Үдербаев А. «Қазақ тілінің аймақтық
сөздігі» Алматы. «Арыс» баспасы. 2005 жыл. 824 б.
УДК 397.4
«XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨШПЕНДІЛЕРІ»
Хайрушин Ж.К., ф.ғ.к., Каппасова Д.С. , аға оқытушы ( Батыс Қазақстан
инновациялық-технологиялық университеті, Мәдени-тынығу жұмысы және жалпы білім
беру пәндері кафедрасы), Орал қаласы
Бұл мақаланың басты мақсаты XIX ғасырдағы қазақ көшпенділерінің өмірі, олардың әрбір аумақтың
климатына бейімделуі, көшу бағыттарын, бір-бірімен қарым-қатынастарын анықтау болып табылады.
Главная цель этой статьи - показать жизнь кочевых казахов XIX века,их маршруты перекочевок и
климатические особенности каждого региона Казахстана.
The main purpose of this article is to show the life of the nomadic Kazakhs of the XIX century, their
migrations routes and climatic characteristics of each region of Kazakhstan.
Жалпы Қазақ жері туралы мәліметтерді Қазақ хандығының Ресей бодандығын
қабылдау барысындағы Ресей зерттеушілерінің қазақ жерін түгелдей зерттеуіне
байланысты аламыз. Негізгі мәлімет көзі 1896-1903 жылдары аралығында жүргізілген
Ф.А. Щербиннің «Материалы по киргискому землепользованию, собранных и
разработанных экспедицией по исследованию степных областей» деп аталатын 13 томдық
еңбегі болып табылады. Оған дейінгі уақытта қазақ жерінде ешқандай зерттеу
жүргізілмеген. Зерттеу барысында қазақтардың қыстауларына, жайылымды жерлеріне,
шаруашылықтарына баса назар аударылған. Сонымен қатар зерттеу жүйесінің маңызды
бір бөлігі су қоры болып табылады. Су қорын көшпенділер 2 түрде пайдаланған. Табиғи
124
су қоры (қар, көл,өзен) және де жасанды су қоры, оған құдықтар жатқызылады. Құдықтар
– материалдық мәдениеттің маңызды бір бөлігі, сонымен қатар зерттеу жүргізудің де
басты құралы ретінде көрініс табады, өйткені құдық арқылы біз көшпенді халықтың көшу
бағыттарын және қыстау жерлерін анықтай аламыз.
Ф.Н. Каняшиннің пікірінше, «Материалы по киргизскому землепользованию»
деректеріне сүйене отырып ,Қазақстан жерінде 150-200 мың қыстау болғандығын айта
аламыз. Зерттеушілер көшу жүйесін қарастырған кезеңде оны бірнеше түрге жіктейді.
Олар: горизантальді және вертикальді. Мысалы: Батыс бөліктің шөлді жерінде
горизантальді көшу жүйесі болса, Шығыс бөліктің Тянь-Шань тауы бөлігінде вертикальді
жүйе болғандығын атап өтуге болады. Н.Э.Масановтың зерттеуіне сәйкес көшпенділердің
мал санынына, көшу бағытына, киіз үйлеріне сәйкес оларды көшпелі және жартылай
көшпелі топтарға жатқандығын анықтауға болады. Осындай зерттеулерге сәйкес біз қазақ
көшпенділерінің әр аумаққа байланысты ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтай
аламыз. Жалпы Қазақстан жері 5 аумаққа бөлініп қарастырылады. Олар: Орталық
Қазақстан, Онтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, және де Шығыс
Қазақстан аумақтары.
Орталық Қазақстан.
XIX ғасырдың ортасында Орталық Қазақстан аумағында Бағаналы найман руы өте
маңызды рөлді атқарды. Оның қамтыған аумағы Ареал тауынан бастап солтүстікте Шуға
дейін, онтүстікте Сырдарияға дейін қамтиды. Орташа жылдық температурасы Бетпақдала,
Ұлытау аумағында +5 градус, ал жазғы кезеніңде +23,9-25,1. Абсолютті максимум +43,
абсолютті минимум -43 градус болып табылады. Бұл аумақтың климаты құбылмалы.
Көктемгі жауын-шашын мөлшері 135 мм. Бұл аумаққа шөлді өсімдіктер тән: жусан,
сораң, кермек т.б. Осындай табиғи аумақтар жазғы жайлау үшін өте қолайлы болды.
Бағаналы руы туралы мәліметтер бойынша олар осы аумаққа XVII ғ. ортасымен XVIII ғ.
бас кезенінде қоңыстана бастады. Уақыт өте келе XIX-ға дейін бағаналы тайпасы өз
аумақтарын онтүстік бөлікке дейін кеңейтті. Сырдария облысының әкімшілігінің
дереккөздері бойынша бағаналы руы XIX ғасырдың 90 жылдары 44 және 53 градус
солтүстік ендікаумақтарын қамтиды. Қыстау аумақтарының өте маңызды бөлігі
Жетіқоныр құмы болып табылады. Қыс кезінде Сарыарқа аумағында қалың қар басқан
кезінде, барлық мал басын Жетіқонырға айдаған. Бұл жайлау орны өзіне 7 аумақты
қамтыған: Тобылғалықоңыр, Жиделіқоныр, Сименқоныр, Добысынқоныр, Тамды,
Кентқоныр, Жанырқоныр. Бұл аумақ Жиделі, Тобылғалы және Симен өсімдіктеріне бай
болды. Олардың аумақтарында түйе, жылқы, ірі қараға қолайлы өсімдіктер көп болды.
Жетіқоныр аумағында басқа қыстауларда сияқты ауылдар бөлек орналасқан. Оларды кона
немесе коуна деп атайды. Бағаналы тайпасы көктемгі ауысымдарын Терісаққан және
Қызылқұм аумақтары арқылы бастаған.
Орталық Қазақстанның тайпалары жыл сайын басқа тайпалармен жайлау-қыстау
жерлеріне келісім жүргізіп отырған. Қыстау жерлерінің иегерлері Найман тайпаларана тек
қана Териаққанның батыс бөлігінен өтуге рұқсат берілген. Бұл заңдылықтар қатал түрде
сақталған.Негізгі бағаналы тайпасының жайлаулары Сағындықсу, Талдысай, Кен,
Барлыкөл өзені. Жайлауға ауысым күні 12-36 күндей созылған. Жақсы жайлау жерлері
сумен қамтамасыз етілген. Орталық Қазақстан жерлерінде өсімдіктерге өте бай аумақтар
көп болған, бірақ су қорының жоқтығына байланысты ол жерлер қолданылмаған.Ишим
жерлері су қорларына мол болғандықтан бұл жерлерде арғын және бағаналы тайпалары
мекендеді. Жыл сайынғы бағаналы тайпаларының географиялық аумақтары тұрақты емес,
олардың ауысымдары жер ресурстарына, табиғи ландшафттарға,суға және өсімдіктерге
т.б. байланысты болды. Осындай жерлерге және ауысымдарға көптеген тайпалардың
арасында бәсекелестік, соғыс болып жатты. Жерлерге талас кезенінде әрбір тайпаның
негізгі мақсаты үлкен аумақты иемдену болды.
Онтүстік Қазақстан.
125
Орталық Азияның сулы аймақтарының ең маңызды бөлігін Сырдария өзені алып
жатыр. Сырдария бірнеше мыңжылдықтар бойы Онтүстік Қазақстан аумағының
шаруашылығына ыңғайлы болды. Сырдария аумағының негізгі ерекшелігі жаз уақытында
өте жоғары температураның әсерінен шөп күйіп, мал жайылымына жеткіліксіз болады.
Жаз кезенінен бастап, бұл аймақатарда әр түрлі қансорғыш, малдарға өте зиянды
жәндіктер пайда болады. Осындай себептерге байланысты көшпенділер қыстаудан
бірнеше бөлікке жайлауға кетуге мәжбүр болады. Қыс уақытында Сырдария жағалауында
қамыс, тал, терек т.б. өсімдіктерді малдарды қоректендіру үшін пайдаланды. Көшпенді
қазақтар Сырдария аумағын тек қана қыстау ретінде пайдаланды. Сырдария аумағының
көп бөлігін құмдар алып жатыр. Сырдарияның солтүстік шығыс бөлігін Арал Қарақұмы,
онтүстік бөлігі Қарақұм құмы Қызылқұммен жалғасады. Құмды жерлерге қарамастан,
олар көшпенділерге далалық аймақтармен салысытырғанда қолайлы болды. Өйткені
құмды жерлерде құдық қазып, малдарды сумен қамтамасыз етуге ыңғайлырақ болды.
Сонымен қатар Қарақұмда шағыр, қияқ, сексеуіл т.б. малдарға қорекке тиімді өсімдіктер
өседі. Қыс уақытында шөлді бархандарды көшпенділер борандардан қорғануға
пайдаланды.
Қазақтар Сырдария аумағын өз мемлекетін құрған уақыттан бастап, мекендей
бастады. XVIII-XIX ғасырларда Кіші жүздің қыстаулары Сырдарияның төменгі бөлігінде
орналасса, Орта және Ұлы жүздің қыстаулары ортаңғы бөлігінде орналасқан.
Қазақстанның Онтүстік аумағында незігі 3 көктемгі-күзгі қозғалыс бағдарынбөліп
көрсетуге болады. Олар: 1. Сырдария мен Арал теңізі аралығында, ерекшелігі қыстау мен
жайлаудың аралықтары қысқа болды. 2. Қыстаулары тек қана Қарақұмда, ерекшелігі
біріншісіне қарағанда аралықтары ұзақ болып табылады. 3. Бұл топқа жайлау мен
қыстаудың аралықтары өте ұзақ аралығы жатады, Мысалы: қазақтар Сырдария
қыстауынан, Солтүстік Торғай облысына дейін жайлауға барған.
Қазақ халқының арасындағы теңсіздік өте ерте кезден бастап бөліне бастады.
Теңсіздік осы уақытта да көрінді. Халықтың 60% кедей, (5-9 бас мал) орта бөліктен тұрса,
қалған 40% бай адамдардан тұрған. Бай адамдар көбінесе жылқы мен түйе ұстаған.
Жайлауға 1000 шақырым қашықтыққа алыстаған. Қыстаудан жайлауға бағдарлары Арыс
өзені, Мөлдір, Қарғалы, Жиланшық, Торғай аймақтарын өткен. 15 маусымға дейін олар
жайлауға келген. Ал 20 қыркүйек уақытынан бастап кері қыстау аумақтарына қозғала
бастаған.
Солтүстік Қазақстан.
Қазақстанның солтүстік бөлігі орманды-далалық ландшафттық бөлікте орналасқан.
Табиғи-климаттық аумақтар бұл жерлерде өте қолайлы болғандықтан жылсайынғы
жайылымдар жүргізіледі. Қазақтардың әр түрлі тайпаларының қыстаулары орманды
бөліктерде орналасқан, олар тайпаларды қатал қыс кезеңдерінен, желдерден, борандардан
қорғануға ыңғайлы болған.Жайлау қыстауға жақын жерлерде орналасқан, сондықтан
көктемгі-күзгі аралықтар өте қысқа болды. Ертенгі көктем уақытында көшпенділер жақын
арадағы жайлауларға көшті, бұрынғы уақыттан сақталып қалған шөптерді пайдаланды.
Осы көшу жүйелерінде әрбір ауыл өздерінің бұрыннан сақталып қалған жерлерін
пайдаланады. Жерді иемдену оның аумағына байланысты болды. Малдары көп бай
шаруашылықтар қоректің қажеттілігіне байланысты жайлауға қыстаудан алшақтап жүрді.
Кедей ауылдар жақын арадағы жайлауларға көшіп жүрді. Жайлауларға көшкен кезде ең
негізгі шарттардың бірі су қорымен қамтамасыз етілуі, сондықтан ауылдар суға жақын
орналасуға тырысты. Жайлауда 600-800 қойларды бір топқа біріктіріп, бірнеше
бақташылар бағып жүрді. Көшу барысында жылқыларды бір топқа, қой мен сауынды
сиырларды бір топқа бөліп айдады. Шілде айының соңында шабын уақыты басталды,
осыған байланысты әрбір шаруашылық шабындыққа жақын орналасуға тырысты. Қар
түскенге дейін әрбір шаруашылық малдарын қыстаулардан бөлек ұстауға тырысты,
өйткені қыстаудағы қорек ұзақ қыс кезеніне қажет болды. Күздің соңғы уақттарында
126
жылқыларды топқа біріктіріп, жайлауда судың жоқтығынан жайланбаған жерлеге айдап
жүрді. Шөптермен тек қана ірі қара малдарды, әлсіз малдарды қоректендіріп жүрді.
Батыс Қазақстан
Бұл аумақтың басқа аумақтардан басты ерекшелігі жылсайынғы қорекпен
қамтамасыз ету болып табылады. Батыс Қазақстан өнірінде Кіші жүз қазақтары жасанды
су қорын пайдаланды. Басқа аумақтардағы тайпалармен салыстырғанда олардың
ерекшелігі көктемгі-күзгі көшу уақыты әр түрлі болды. Ақтобе және Николаев уезді
өзінің қыстауларынан 20-40 шақырым ғана көшіп жүрді, ал онтүстік аумағындағы Торғай,
Орал облыстары шөптің аздығына байланысты қыстаудан 200-400 шақырымға алыстап
кетіп жүрді. Ақтөбе уездінің шығыс және солтүстік-шығыс бөлігін Жағалбайлы руы мекен
етті. Аумақ ортасынан Илек өзені және оның шағын бірнеше тармақтары ағып өтеді.
Мамыт, Қызылқайын, Дуберсу, Қатынадыр, Ойсылқары аумақтары шабын жері ретінде
пайдаланды. Аталған аумақтармен қатар шөпті солтүстік көл жағалауларынанда жинайды.
Жағалбайлы руының бірінші ауылдары мал ұстаумен қатар егін егуменде айналысты.
Егінді жерлер қыстауға жақын жерлерде орналасты. Ауылдар қыстау жерлерінде 310 күн,
ал қыстаудан тыс 56 күн мекен еткен. Жайлау жерлерін қолданған кезде бір қатал ереже
сақталды: барлық ауылдар жайлауға бір уақытта шығып, қыстауға бір уақытта оралу керек
болды. Көктемгі қозғалыс кезінде ауылдар бірнеше бөлікке бөлініп жайлауға аттанды.
Малды жайылымға шығару қар кеткеннен кейін басталды. Ақтөбе уездінде қар 1 сәуірге
дейін еріп кетеді. 15 сәуірге дейін немесе 1 мамырға дейін малдарды қыстаудан қалған
шөппен қоректендіріп жүрді, өйткені далада шөптер әлі болған жоқ. 15 сәуірден бастап
ауылдар 3-4 шақырым қыстаудан алыстай бастайды. Жайлауға ауылдар 15 мамырға дейін
келіп жүрді. Жайлау жері таулы аумақтарда орналасты, оны 2 бөлікке бөліп солтүстік
және онтүстік деп атауға болады. Онтүстік аумағы Ойсылқара өзеніне дейін
орналасқан.Ал солтүстік бөлігі Жайық өзеніне дейін қамтыған. Бұл аумаққа кірген барлық
ауылдар өздерінің егінді жерлерін иеленген. Қауым қыстауда 310 күн, қыстаудан тыс 56
күн мекен еткен.
Үстірт аумағында табын(шығыс бөлігі) және адай(батыс бөлігі) қазақ рулары мекен
еткен. Табын руы сонымен қатар Ұлысам, Самматаев, Темір уездінде мекен еткен. Ал
адай руы Гурьев уезі, Орал облысында мекендеген. 2 ру бір-біріне жақын орналасқан,
тамыз айының сонынан, қыркүйек айының басынан бастап жайлаудан қыстауға қозғалыс
басталады. Наурыз айынан бастап кері солтүстікке қарай қозғалыс басталатын болған.
Ауылдар Үстірт жазығын қар еріп кетпегенше өтіп кетуге тырысқан. Маусым айының
басында олар Үстірттің солтүстігіне келіп, кейін Причаганск, Ембі аумағына қозғала
бастайды. Сам және Асматай құмы адай мен табын руында өте маңызды орынға ие болды.
Көктем және күз уақытында осы құм арқылы олардың көшпенді жолдары өтеді.Сумен
және өсімдіктермен қамтамасыз етілген құмды жерлер тайпалар үшін қолайлы болған.
Жусанөсімдігін малдарды қатты желдерден қорғау үшін пайдаланған. Құмды жерлерде
көшпенділер 15-20 күндей болып, кейін солтүстікке қозғала бастаған.
Жайлаудың батыс бөлігін адай руынан тұрған ауылдар мекен етті. Адайлықтардың
ең негізгі мекен еткен жері Ембі мен Ойылдың арасында болды. Ал табын руының
жерлері Ембі мен Үстірттің аралықтарын қамтыған. Батыс бөліктің көшпенділері
жайлауда тек қана 2-3 ай ғана болған, күз түскен уақыттан бастап көшу жүйесі басталған.
Қазан айының басында олар өздерінің болысқақайтып оралатын болған. Қар түскенге
дейін қазақтар өздерінің қыстауларына жақын орналасытын болған, күзгі жаңбырдан
кейінгі жусанмен қоректенетін болған. Қар түскеннен кейін қазақтар Ембі өзенінің
солтүстік бөлігіне ауысатын болған, өйткені бұл жерде су қорынан жоқтығынан жазғы
уақытта жайылыс болмағандықтан шөп көп болатын еді. Қыс бойы жылқы мен қойлардың
қорегі жусан мен кокпектентұратын. Қар қалын болған кезде немесе мұз болған кезде
қазақтар малдарын онтүстік бөлікке қарай Желтау, Үстірт аумақтарына қозғалатын
болған.
Шығыс Қазақстан.
127
Шығыс Қазақстандағы Шу-Іле аймағы өзінің көшпенді мәдениетімен Сарыарқа,
Үстірт, Алтай, Түркістан аумақтарынан ерекшеленді. Бұл аумақтың климаты тұрақты,
қысы ұзақ өзгеріссіз болып табылады, сондықтан оның көшу жүйесіде басқа аумақтарға
қарағанда ерекшеленіп келеді. Шу-Іле аумақтағы қазақтардың шаруашылығы әрдайым
жайлаудан жайлауға көшумен, малдарға қорек іздеумен өткізілген. Шығыс Қазақстан
қазақ көшпенділерінің көшу жүйесі туралы мәліметтерді 1868 жылы Аңырақай аумағы
туралы жазылған құжаттардан аламыз. Аңырақай аумағының жазғы және қысқы көшу
жүйесі туралы құжатында көшпенділер сәуір айының ортасында қыстаудан шығып мамыр
айына дейін бірігіп, кейін Курт және Карлаг тауларына шығып жайлауға аттанады,
жайлауда тамыз айының ортасына дейін болып, содан кейін кері қайтады екен. Қыркүйек
айында бидай, егінді жинап болғаннан кейін тау жағалауларында мекендейді, қыстауға
қар түскенде ғана барады. Көшпенді ауылдардың арақашықтығы су қорымен қамтамасыз
етілуіне тікелей байланысты болған. Көктем кезінде жайлауға көшу малдарды қырқудан
және дезинфекция жасаудан басталды. Көктеу мен жайлаудың арақашықтығы 60
шақырым. Күз кезінде тауда суық басталған кезде көшпенді ауыл жайлаудан күзеуге
көше бастайды, күзеу Копа өзені бойында орналасқан. Қыстау мен жайлауға қарағанда
күзеу мен көктеу бір жерді алып жатқан, негізгі ерекшелігі көшу уақытында болды.
Көктемгі және күзгі аумақтар Ащысуй мен Копинск жерлерінде орналасқан. Көктем
кезінде қыстауда шөп болмағандықтан, көшуге ерте және жаңа туылған қошақандар мен
саулық қойлар әлсіз болғандықтан малдарға өте ауыр кезең болып табылады. Сондықтан
әлсіреп қалған малдар қыстауға жақын жерде жайланды.
Барлық аумақтарды қарастырып болғаннан кейін, қорытындылай келе біздің
мақаламыз қысқаша түрде жасалған зерттеу жүйесі болып табылады. Өйткені біз тек қана
бір-екі қауымның көшу жүйелеріне, олардың өміріне сүйендік, осыған байланысты, біздің
ойымызша, Қазақстанды әлде де толығымен зерттеу қажет. Өйткені Қазақстан жері
толығымен зерттелінген жоқ. Толық зерттеу нәтижесінде оның табиғатын, мал санын,
материалдық жағдайын, экономикалық қарым қатынасын, тайпалардың арасындағы
қарым-қатынасын зерттеу арқылы сол уақытты толықтай бейнелей аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |