Международная академия аграрного образования костанайский филиал маао



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата27.03.2017
өлшемі8,05 Mb.
#10578
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35

Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Материалы  по  киргизскому  землепользованию,  собранные  и  разработанные 
экспедицией  по  исследованию  степных  областей.  Т.  I.  Акмолинская  область. 
Кокчетавский  уезд.  Воронеж,1898;  Т.  II.Акмолинская  область.  Атбасарский  уезд. 
Воронеж,  1902;  Т.  III.  Акмолинская  область.  Акмолинский  уезд  СПб.,  1907;  Т.  IV. 
Семипалатинская  область.  Павлодарский  уезд.Воронеж,1903;  Т.  V.  Тургайская  область. 
Кустанайский уезд. Воронеж,1903; Т. VI. Семипалатинская область. Каркаралинский уезд. 
СПб.,  1905;  Т.  VII.  Тургайская  обл.,  Актюбинский  уезд  1903  год.  СПб.,  1903;Т.  VIII. 
Семипалатинская  область.  Зайсанский  уезд.  СПб,1909;Т.  IX  Семипалатинская  область. 
Усть-Каменогорский  уезд.  СПб,1905;  Т.  X  Семипалатинская  область.  Семипалатинский 
уезд.  СПб,1909;  Т.  ХI.  Акмолинская  область.  Омский  уезд.  Омск,1902;  Т.  ХII. 
Акмолинская область. Петропавловский уезд. Чернигов,1908; Т. ХIII. Сводка материалов 
по киргизскому землепользованию. СПб.,1906. 
2.
 
Ф.  Н.  Каняшин.    Зимние  кочевья  казахов  в  окрестностях  Кызылтавских  гор  во 
второй  половине  XIX  века:  (о  методических  вопросах  исследования  кадастровых 
источников  центрального  Казахстана)  /  Роль  номадов  в  формировании  культурного 
наследия Казахстана. Алматы Print-S. 2010 г. С.128-146 
3.
 
Масанов  Н.  Э.  Кочевая  цивилизация  казахов:  основы  жизнедеятельности 
номадного общества. Алматы «Социнвест» — Москва «Горизонт», 1995.— С. 320  
4.
 
Джампеисова Ж.М.,Султангалиева Г.С., Каппасова Д.С. Маршруты перекочевок. 
Историко-культурный атлас казахского народа. Алматы: Print-S. 2011. С 137-149 
 

128 
 
ОӘЖ:
 
304.2 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ 
ЖАСТАРҒА ҚАЖЕТТІЛІГІ 
 
Халық А.Б., Есімхан Г.Е. 
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
 
Мақалада  жастардың  ақпараттық  технологияларды  тиімді  қолдана  білуі  және  ақпараттық 
технологиялардың дамуы ел экономикасы дамуының маңызды көрсеткіші ретінде көрінуі қарастырылған. 
В  статье  рассмотрены  развитие  информационных  технологий  как  важный  показатель  развития 
экономики страны и их  эффективное использование  молодежью.  
The article deals use of youth information technologies and as an  important indicator of the economy. 
 
Жастар  мәселесі  –  қоғамның  ең  өзекті  тақырыбы.  Еуропалық  дамыған  елдерде 
(Германия,  Бельгия,  Нидерланды,  Великобритания,  Франция,  Италия)  тиімді  жастар 
саясаты  жүзеге  асырылып  жатыр.  Оның  жүзеге  асырылу  формалары  әртүрлі,  дегенмен 
ортақ  тенденция  қоғамдық  бірлестіктерді  кеңінен  тарту,  сондай-ақ  жастардың  әртүрлі 
категориясының мәселелерін шешуде құқықтық органдарды қатыстыру.  
20  ғасырдың  басында  Ресейде  жастарға  қатысты  мемлекет  саясаты  өзекті 
мәселелердің  қатарына  қосылуда,  себебі  мемлекеттің  қатысынсыз  көптеген  жастар 
мәселелерін шешу қиын болады.   
Жастар  саясаты  туралы  заң  қандай  болса  да,  ол  осы  немесе  басқа  деңгейінде  де 
жастар  саясаты  –  мемлекеттің  қызметінің  өз  еркімен  жүзеге  асатын  бағыты,  мемлекет 
жастар  саясатын  басқару  жүйесі  арқылы  жүзеге  асырады,  сонымен  мемлекеттің  қатысы 
жоғары болған сайын, жастардың белсенділігі төмен болады  деген теориялық ұстанымға 
сүйенуі 
тиіс. 
Жастар 
саясатын 
жүзеге 
асырудың 
тиімділігі 
жастардың 
қызығушылықтарына,  қажеттіліктеріне,  тілегіне,  оның  үнемі  өзгеріп  отыратын  білім 
сапасына, жұмысқа орналасуға,  бос уақытына, қызметтер сферасына байланысты болады.   
Осымен  байланысты  жастарды  кезең  сайын  бақылап  отырудың,  олардың  өмірі 
туралы,  қажеттіліктері  мен  қызығушылықтары  туралы  сенімді  ақпарат  жинақтаудың 
қажеттілігі туындайды. Жастардың жағдайы туралы объективті деректердің негізінде ғана 
жастар саясаты жүзеге асырылады.  
Еуропалық  мемлекеттердің  бірқатарында  жастар  саясаты  нақты  құрылымы  мен 
құрамындағылардың  тығыз  қарым-қатынасы  бар  мемлкеттік  саясаттың  екі  бөлігі  болып 
табылады.  Басқа  жағдайларда  –  бұл  құрылу  деңгейінде  де  талқыланатын  мәселе. 
Мемлекеттің жеңісті реформалауы тек жастардың белсенді қатысуы мен жастар саясатын 
жүзеге  асыруда  жаңа  қадамдардың  жасалуымен  ғана  мүмкін  болатыны  сөзсіз.  Жастар 
саясаты үрдісінде болатын өзгерістерге шет елдік және отандық ғалымдар қызығушылық 
білдірді, алайда оларға қажетті көңіл бөлінбеді.  
1986  жылы  «жастар»  түсінігіне  анықтама  беріп,  жастар  мәселелерін  зерттеуді 
бастағын  ғалымдардың  бірі  В.Т.Лисовский.  Кейін  жастар  үрдісін  толық  зерттеуді 
академик И.С.Кон жүргізді. Шығарылатын квалификацияланған жұмыста келесі отандық 
ғалымдардың  зерттеулері  пайдаланылады:  Д.  Никольского,  В.Н.  Боряза,  В.В. 
Павловского, А.В. Мудрика, Г.С. Абрамовой, А. Апокина, П.И. Бабочкина, Ю.П. Волкова, 
А.  Зеленина  және  тағы  басқалары.  Сонымен  бірге  Д.  Торкилдсен  және  В.Лен  сияқты 
шетелдік зерттеушілердің жұмыстары қолданылды [1]. 
Қазақстанда жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған. Бірақ 
республикамызда  оның  қарқындап  даму  шыңы  1990  жылдардың  орта  кезіне  ғана  келіп 
жетті.  Сонан  соң  бұл  іс-шара  тек  1990-шы  жылдардың  ортасынан  бастап  қолға  алына 
бастады  және  де  бүгінгі  таңда  қайта  өрлеу  кезеңін  бастан  кешіріп  отырған  жайы  бар. 
Мәселен,  егер  1995  жылы  республикамыздың  12  облысында  31  әлеуметтік  қызмет 
құрылымдық бөлімдері құрылса, 1996 жылы олар 68-ге жеткен. Осы уақытта мемлекеттік 
органдар  тарапынан  әлеуметтік  қызмет  үшін  жергілікті  бюджет  есебінен  қажетті 

129 
 
анықтамалық-ұйымдастыру  және  әдістемелік  құралдар,  әлеуметтік  қызмет  үшін  арнайы 
мамандар  даярлауға  көмек  көрсетіліп  отырды.  Бұл  қызметтер  облыстық  орталықтарда 
орналасып,  “сенім  телефоны”,  жастар  еңбек  биржасы,  үйінен  кетіп  қалған  балалар  үшін 
баспана, медицина-психологиялық кеңес беру пунктер.  
Қазіргі  заман  талабына  сай  адамдардың  мәлімет  алмасуына,  қарым-қатынасына 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  кеңінен  қолданысқа  еніп,  жылдам 
дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып 
отыр.  Ақпараттық  қоғамның  негізгі  талабы  –  оқушыларға  ақпараттық  білім  негіздерін 
беру,  логикалық  ойлау-құрылымдық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  ақпараттық 
технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және жастар әлеуметінің ақпараттық 
сауатты  болып  өсуі  мен  ғасыр  ағымына  бейімделе  білуге  тәрбиелеу,  яғни  ақпараттық 
қоғамға бейімдеу [2]. 
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, 
сақтау,  өндеу  және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін  математикалық  және 
кибернетикалық  тәсілдер  мен  қазіргі  техникалық  құралдар  жиыны.  Коммуникация  – 
ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап 
жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Бүгінгі дамыған қоғамда жастар өз өмірін 
ақпараттық технологияларсыз елестете алмайды. Әлемдік жаһандану жастарды өз ырқына 
ілестіріп  бара  жатқаны  да  айқын  құбылыс.  Бұл  жердегі  ең  басты  мәселе  жастардың 
ақпараттық технологияларды дұрыс және тиімді қолдана білуі.  
Біз 
ақпараттандырылған  қоғамның  дамуының  толық  қайшылықгы  және  әруақытта 
құбылыстарды бағалауда бір мағыналы шешуге бола бермейтін жаңа кезеңіне аяқ бастық. 
Біздің  тұрмысқа  техникалық  жағынан  өте  күрделі  құрылғы-дербес  компьютер  енді. 
Дербес  есептеулер  технологиясы  ақпараттарды  өндеудің  жаңа  функционалдық 
мүмкіндіктерін алып келді, ал бұдан сәл бұрынырақ ол ғылыми қиял ғана болатын. Дербес 
компьютердің  қолданылу  әдісі  өте  кең.  Адам  баласының  ақпараттарды  өңдеу  істерін-ол 
сандық,, текстік графиктік, аудио-және бейне ақпараттар болсын, орындай береді. Ал бұл 
өріс  кеңінен  де  дамуда,  яғни  күн  өткен  сайын  жаңа  есептер  пайда  болуда,  сол  сияқты 
ішіне  қарай  тереңдей  түсуде,  яғни  бұрынғы  есептер  қайта  қаралып,  тиянақталып, 
күрделене  түсуде.  Қазіргі  кезде  дербес  компьютерді  пайдаланбаған  бірде-бір  ғалым, 
инженер, әкімшілік, ұйымдастырушы немесе делдалдар жоқ десек артық болмас. 
Ешбір  өнеркәсіп  технологиясы  есептеу  техникасын  өндіру  технологиясы  сияқты 
өте  тез  қарқынмен  дамып  отырған  жоқ.  Ал  бұл  адамзат  қоғамының  белгілі  бір  ғылыми-
техникалық деңгейге жеткен обьективті талабынан туындайды.  
Қолданып жүрген технологиялардың ішіндегі маңыздысы қазіргі жаңа ақпараттық 
технологиялар  (НИТ).  Қазақстан  Республикасы  ақпараттық  нарығын  бәсекеге 
қабілеттілігін  дамыту  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2006 жылғы  1  наурыздағы 
Қазақстан  халқына  Жолдауында  белгіленген  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  елу 
елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес. Болашақ бүгіннен басталады. Бүгінгі жастар – 
ертеңгі ел басқарар тұлғалар. Болашақты тәрбиелеудегі ең маңызды фактордың бірі болып 
мектеп табылады. Қазақстан  Республикасының білім және ғылым министрлігінің жұмыс 
бағытына  сәйкес  бүгінде  Қазақстан  мектептерінде  оқушыларды  ақпараттық 
технологияларды  пайдалана  отырып  оқыту-ең  өзекті  және  белсенді  жүзеге  асып  келе 
жатқан  үрдіс.  Сондықтан  бүгінгі  қазақстан  жастар  қоғамының  ақпараттануы  деңгейін 
жоғары деп көрсету әбден негізді.  
Қазақстан-әлемдік  қоғамдастыққа  белсене  интеграцияланып  отырған  жас  егемен 
мемлекет.  Стратегиялық  тұрғыдан  маңызды  «Қазақстан-2030»  атты  құжатта  ҚР 
Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп ерекше атап көрсетті: «Жастарға қарайғы саясатта 
біз  өз  назарымызды  жастар  мен  өскелең  ұрпаққа,  сондай-ақ  жас  отбасыларына 
шоғырландыруға  тиіспіз»  Президенттің  Қазақстан  халқына  арнаған  бұдан  кейінгі 
жолдауларында жас ұрпақтың жағдайын жақсарту туралы ойлар, жас ұрпақ елдің одан әрі 
дамуына  лайықты  үлес  қосатынына  деген  сенім  айтылады.  2005  жылғы  желтоқсанда 

130 
 
өткен, Н.Ә.Назарбаев сенімді жеңіске жеткен Президент сайлауында жас қазақстандықтар 
бейбітшілік, тұрақтылық және республиканың гүлденуі үшін дауыс берді [3]. 
Әлемдегі дағдарыспен байланысты қазіргі күрделі жағдайға қарамастан бұл бағыт 
жалғастырылып  отыр.  «Дағдарыстар  келеді,  кетеді,  ал  біздің  тәуелсіздігіміз,  ұлттық 
идеямыз,  болашақ  ұрпақтардың  игілігі  ғасырлар  бойы  мызғымай  қала  береді»  деп  атап 
көрсетілген  елбасының  Қазақстан  халқына  арналған  2009  жылғы  «Дағдарыс  арқылы 
жаңару мен дамуға» Жолдауында. Барлық қиыншылықтарды жеңіп, дағдарысты еңсеретін 
бірден-бір  күш  ретінде  Президент  Қазақстан  халқының  бірлігін  атады.  Осы  бірлікті 
нығайту үшін үлкен жауапкершілік қоғамның серпінді де ең көп бөлігі ретіндегі жастарға 
жүктеледі. Республика халқының үштен бірі дерлігі – жастары 30-ға дейінгі жас адамдар. 
Елбасымыз айтқандай, басынан бағы таймаған  «Мәңгілік елдің» басты байлығы  – 
болашақ жастары. Олай болса, ұлтымыздың ұлы есімін ұлықтар ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу 
жолында елде жүзеге асырылып жатқан жоспарлар мен жобалардың маңыздылығына еш 
күмән  жоқ.  Болашағының  бақыты  баянды,  ұлтымның  тағдыры  тәуелсіз,  білімі  биікте, 
өнері өрде болсын деп армандаған қазақтың, сындарлы саясатымен, дамыған қоғамымен, 
еңселі елбасымен бірге әлемнің дамыған елдерінің қатарында болуды мұрат еткен бүгінгі 
жас  Қазақстанның  өркендеп,  өрлеуі  үшін,  ерлердің  есімі  мәңгілік  сөнбеуі  үшін  аянбай 
еңбек ету – жастардың басты парызы.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Т.М.Ильичев, 
Е.Б.Попкова, 
А.Н.Сайлыбаева, 
Г.С.Шегебаева//Основы 
экономики. Казахстан в современном мире. Алматы., – 2011.-103б.  
2.
 
http://kazneb.kz сайты 
3.
 
Назарбаев  Н.Ә.:  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының 
басты  бағыты»  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына жолдау//Ақиқат-2012. - №3., 4-11б. 
 
 
ОӘЖ:
 
82-1/-9 
ЖАЗУШЫ ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ «АТАУ-КЕРЕ» РОМАНЫ ТІЛІНДЕГІ 
МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Шайхы Г.А., қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті 
мамандығының 2-курс студенті, ғылыми жетекшісі:  
Қанапина С.Ғ., филология ғылымдарының кандидаты, доцент, АМА 
қауымдастырылған профессоры 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Ғылыми  мақала  шығармадағы  мақал-мәтелдер  қолданысына  байланысты  жазылған.  Жазушы  О. 
Бөкейдің  «Атау-кере»  шығармасындағы  мақал-мәтелдердің  қолданысы  ашылған.  Мақаланың  кіріспе 
бөлімінде  мақал-мәтелдерге  қатысты  ғалымдардың  еңбектеріне  тоқталып,  өз  мысалдарын  келтірген. 
Мақал-мәтелдердің мағыналары Ә. Қайдардың сөздігімен ашылған. 
В статье рассматриваются стилистические особенности пословиц и поговорок в прозе О.Бокея. В 
начале  статьи  исследованы  научные  труды  ученых  паремиологов.  Во  второй  части  статьи  собранные 
пословицы и поговорки проанализированы и раскрыты с помощью толкового словаря казахских пословиц 
и поговорк.  
The article deals
 the stylistic features of Proverbs and sayings in prose O.Bokey. At the beginning of this 
article  we  studied  the  scientific  works  of  scientists  of  paremiologs.  In  the  second  paet  of  the  paper  collected 
proberbs are analyzed and disclosed through explanatory dictionary of Kazakh Proverbs and sayings. 
 
Қазақ  халқы  да,  өзге  халықтар  сияқты,  атам  заманнан  сұрыптала  сұлуланып, 
жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен фольклоры бар халық. Халықтың өмір тәжірибесін, 
жақсылық пен жамандық туралы ұғымын, тіршіліктің сан тарауына берген бағасы, белгілі 

131 
 
бір  құбылыстардың  қорытындысын,  тобықтай  түйінін  әрі  қысқа,  әрі  нұсқа  етіп  айтатын 
ғибрат сөздер- мақал-мәтелдің ауыз әдебиетінде алатын орны бірегей[1, 7 б]. 
Қазақ  мақал-мәтелдерін  жинап,  халық  игілігіне  ұсынған  Б.Адамбаевтың, 
Б.Ақмұқанованың,  М.Әлімбаевтың,  А.Т.  Смайлованың,  Ө.Тұрманжановтың,  қазақ  және 
басқа  халықтардың  мақал-мәтелдерін  жинап,  жүйелеген  ғалымдар  еңбектерінен,  сондай-
ақ көркем әдебиет мәтіндерінен, мерзімді басылымдарда жарық көрген мақал  – мәтелдер 
топтамаларынын  теріліп  алынған,  барлығы    3500-ге  жуық  санға  негізделген  мақал-
мәтелдер зерттеу жұмысына тілдік дерек көз ретінде пайдаланылды. 
Зерттеуші-ғалым 
С.Ғ.Қанапина 
«Қазақ 
тіліндегі 
мақал-мәтелдердің 
танымдық  бейнелілігі  (Ғ.Мұстафин,  С.Мұқанов  шығармалары  негізінде)»  атты 
монографиялық  еңбегінде  мақал-мәтелдер  жайлы  былай  дейді:  «Тілдегі  мақал-мәтелдер- 
мәдениетті  тану  кілті,  рухани  және  материалдық  мәдениеттің  қалыптасуына  қатысатын 
үлкен күш, мәдени ескеркіші, ұлт өмірінің айнасы»[2, 3 бет]. 
Ғалым  аталған  еңбегінде  мақал-мәтелдерді  жан-жақты  зерттеп,  еңбектің  бірінші 
бөлімінде мақал-мәтелдердегі бейнелегіш-көркемдегіш тәсілдердің тілдік қызметі туралы 
айтса, екінші бөлімінде мақал-мәтелдердің стильдік-көркемдік сипаты туралы айтылған.  
Мақал-мәтелдердің  артықшылығы-ойды  сағымдап,  нақышты,  әрі  санаулы  сөзбен 
әрі  өткір,  әсерлі  етіп  суреттеуінде.  Халық  өзінің  айтпақшы  болған  ойын  мақал-мәтелге 
шебер сыйғыза білген. Бір  ғажабы өмірдің өзі  секілді  желісі үзілмей, өркен жайып, жыл 
асқан сайын жемісін елге ұсынатын даналық көзі-мақал-мәтелдер толығып отырады. Жаңа 
дәуір талабына сай жаңаша туындайтын мақал-мәтел иесі, бір жағынан-қарапайым халық. 
[С.Ғ.Қанапина. «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі», 2,157 б] 
Мақал-мәтелдердің  идеялық-эстетикалық  мән-мағынасы,  мазмұны  оқырманға  сөз 
құдыреті,  сөз  қуаты  арқылы  жетеді,  оны  ойландырады,  иландырады.  Ұлттық  мәдениет, 
болмыс, діл сияқты ұғымдарды тоғыстыратын ана тілі байлығынан мақал-мәтел адамзатқа 
ой-өрісін,  пікір-көзқарасын,  әлемді  түсініп-түйсінуінен  мейлінше  толық,  барынша 
ұғынықты, әсерлі жеткізіп, қажетті сөздерді сұрыптап, таңдап көрсетеді.  
Қазақ  тіл  білімінде  халық  философиясының  көрінісі  саналатын  мақал-мәтелдерді 
зерттеу,  қалыптасу  негіздері  мен  алғышарттары,  өзіндік  ерекшеліктері  М.Әуезов, 
М.Ғабдуллин,  М.Әлімбаев,  М.Балақаев,  Р.Сарсенбаев,  Б.Адамбаев,  Ө.Айтбаев, 
О.Сұлтаньяев,  Г.Турабаева  сынды  ғалымдардың  еңбектерінде  кейбір  қырлары  жақсы 
қарастырылған. 
Ғалым  Ә.Болғанбаев  «Қазақ  тілінің  лексикологиясы»  атты  еңбегінде:  «Мақал-
мәтелдер  жайдан-жай  айтылмайды,  белгілі  мақсатты  ойды  жүзеге  асыру  үшін, 
тыңдаушының жан сезіміне ерекше әсер ету үшін қолданылады»  
«Сөйлеу  кезінде  тыңнан  жасалынбай,  даяр  қалпында  қолдану  жағынан  мақал-
мәтелдер  фразеологизмдерге  ұқсайды.  Мақалдар  негізінен  екі  бөлімді  болып  келеді  де, 
алдыңғысында  іс-әрекеттің  шарты  мен  жағдайы  айтылып,  соңынан  сол  пікірді  түйіндеп 
қорытындылайды»-деген. 
Мақал-мәтелдердің  көпшілігі  ел  арасында  кең  тараған,  қазақ  халқының  жалпы 
тарихына  және  нақтылы  тарихи  тұлғалардың  жеке  басына,  іс-әрекетіне  байланысты 
қалыптасқан көне дүние.  
Мақал-мәтелдер  қазақ  жазушыларының  көптеген  шығармаларында  кездеседі. 
Әсіресе  Оралхан  Бөкейдің  «Атау-кере»  романында  да  мақал-мәтелдер  жиі  ұшырасады. 
Мысалы: 
1.
 
«Өлмегенге өлі балық» деген осы, Ерік. [5, 17 б] 
Өлмегенге  өлі  балық.  1.  Аштан  өлуге  айналған  адам  өзен  жағаласа,  ең  болмаса 
жағада өліп жатқан балық кездесуі мүмкін, ол соны пісіріп жесе де өлмейді деген сөз. 2. 
ауыс. ажалы жоқ адам қанша қиналса да, ол тірі қаларлықтай бір себептің болары сөзсіз. 
[4, 437 б] 
2.
 
«Көппен көрген ұлы той» деген ұлағаттф сөзі имандай тұтып келген Еріктің 
шешесі Нюра Фадеевнаға да қиын тиді. [5, 24 б] 

132 
 
Көппен  көрген  ұлы  той.  Ауыс.ел-жұртыңмен  бірге  көріп,  бірге  көтерген  қасірет 
те,  қайғы  да  той  іспеттес,  өйткені  оның  ауыртпалығы  көпшілікке  тең  түседі,  ортақ  іске 
айналады. [4, 515] 
3.
 
«Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің» деген сөзді дәлелдегісі келгендей, міне, 
таң бозынан аяқ суытып, дамылдаған жоқ. [5, 33 б] 
Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің. Әркімнің маңдайына жазған тағдыры болады. 
Тағдырдан  қашып  құтыла  алмайсың.  Ол  мейлі  қуанышты  сәттер  болсын,  не  қайғылы 
күндер болсын, маңдайыңа жазғанды көрмей, адам дүниеден өтпейді. 
4.
 
«Жаман  ит  үрумен  жағады»  деп,  «кетші  ары  құлағымды  сарсытпай»  деп, 
мылтығымен жасқап зекіген-ді. [5, 35 б] 
Жаман  ит  үрумен  жағады.  Ауыспалы  мағынасында  жағымпаздық,  пайда  табу 
үшін біреудің асты-үстіне түсу дегенді білдіреді. 
5.
 
«Қарғайын десем – жалғызым, қарғамайын десем – жалмауызым» дегенді 
осылайша тығырыққа тірелгенде айтқан екен-ау. [5, 98 б] 
Қарғайын десем – жалғызым, қарғамайын десем – жалмауызым.  Ата –ананың 
жамандайын,  даттайын  десе  қимайтын  жападан-жалғыз  баласы  ол,  ал  мақтайын  десе, 
жақсы көрейін десе, аузың бармайды, өйткені құдай сүйер қылығы жоқ, ата-анасын мезі 
қылып болған. [4, 587 б] 
6.
 
«Достық  қиындықта  сыналады»  деген  сөзді  жиі  айтқанмен,  осы  құдіретті 
ұғымның  қадірін  бұлардан  артық  ешкім  білмейді,  бұлардан  артық  туысқанды  әлемді 
әлденеше адақтасаң да таба алмас едің. [5, 104 б] 
Достық қиындықта сыналады. Достың екі түрі болады: бірі – адал дос, екіншісі – 
амал дос. Жақсы дос әрқашан қиындықта да, қуанышта да жаныңнан табылып, қол ұшын 
берсе, ал амал дос басына іс түссе ат тонын ала қашады, ондай достар тек қана өздерінің 
пайдасын ойлайды. Сондықтан досыңның шын мәнінде кім екенін басыңа іс түскенде ғана 
білуге болады.  
7.
 
Міне,  көп  түкірсе  көл  дегендей,  тағдырдың  тәлкегін  оңбай  тартқан  халық 
еңсесін қайтадан көтерген. [5, 108 б] 
Көп  түкірсе  көл.  Ауыс.қауым  болып,  бірлесіп,  ұйымдасып  істеген  жұмыс 
нәтижелі,  жемісті  болмақшы.  Көпшіліктің  аты  –  көпшілік,  тіпті  әрқайсысы  там-тұмдап 
үлес қосқанның өзінде-ақ үлкен істің үлесінен шығатыны айқын демекші. [4, 517 б] 
8.
 
«Түлкі  түрінен, адам тілінен тартады» деп  қазақтар бекерге айтпаған. [5, 120 
б] 
Түлкі  түрінен,  адам  тілінен  тартады.  Түлкі  сырт  көзге  өзінің  сұлулығымен 
ерекше  көрінгенімен,  ол  өте  қу  болып  келеді,  адамның  тілі  де  кей  кездері  бақытқа 
жеткізсе,  кей  кездері  жапа  шектіріп  жатады.  Себебі  сөз  кілт  сияқты,  онымен  кез  келген 
құлыпты ашуға немесе кез келген құлыпты жабуға болады. Ал ауыспалы мағынада алатын 
болсақ,  өмірде  түлкі  тәрізді  адамды  сырт  келбетімен  алдап,  арбап,  ішіңе  кіріп  алып, 
сыртыңнан пышақ сұғатын адамдар бар. 
9.
 
–  Сол  қазақтың  «сөйлемейін  десем  –  сөзім  өледі,  сөйлейін  десем  –  өзім 
өлемін» дегені және бар. [5, 120б] 
Сөйлемейін десем – сөзім өледі, сөйлейін десем – өзім өлемін. Ауыздан шыққан 
әрбір сөз орнымен жұмсалуы қажет. Айтуға болатын сөз бар да, айтуға болмайтын сөз де 
бар.  Кейбір  сөздерді  айтуға  тура  келсе  де,  айта  алмайтын  кездер  болады.  Себебі:  айтсаң 
өзіңнің басына қауіп төнуі  мүмкін, ал айтпасаң, басқаларға зияны болуы да  мүмкін. Бұл 
мақал сондай кездегі шарасыздықты білдіреді. 
10.
 
«Алты күн аш отырсаң да, ата жолын ұмытпа» деген қазекем, ұят болды-ау. 
[5, 179 б] 
Алты  күн  аш  отырсаң  да,  ата  жолын  ұмытпа.  Ауыс.тұрмыстың  қаншама 
қиыншылығын көрсең де, аш-жалаңаш жүрсең де, маздатып жағып отырған отыңды, яғни 
отбасы,  бала-шағаңды  сыйлай  біл,  солардың  амандығын  сақтай  біл,  ешқашан  ар-ұятыңа 
кір келтірме, ата-анаңның берген тәрбиесін ұмытпа дегенді білдіреді.  

133 
 
11.
 
«Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, Нүркенің баласына суық тиіп, өкпесі 
сырылдап қатты ауырып жатыр еді. [5, 137 б] 
Жығылған үстіне жұдырық. Ауыс. онсыз да өмірден теперіш көріп, азап шеккен 
адамның  бір  азаптан  арыла  алмай  жүргенде  екінші  бір  азапқа  душар  болып,  қиын-
қыстаққа ұшырауы. [4, 345] 
12.
 
Бәлкім «қыз қылығымен» деген сөз рас шығар[5, 14 б]. 
Қыз  –  қылығымен  –  қыз  баланың  ел-жұртқа  жақсы  көрінуі  –  өзінің 
инабаттылығынан,  мінезінің  сынықтығына,  сөзінің  әдептілігіне,  жүріс-тұрысының 
сыпайылығына т.б. осы сияқты қылықтарына байланысты [4,590 б]. 
Қорытындылай  келе,  О.  Бөкейдің  «Атау-кере»  романынан  барлығы  жиырма  алты 
мақал-мәтел  теріліп,  мағыналары  Ә.  Қайдардың  «Халық  даналығы»  еңбегі  арқылы 
ашылды.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет