Международная академия аграрного образования костанайский филиал маао



Pdf көрінісі
бет18/35
Дата27.03.2017
өлшемі8,05 Mb.
#10578
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35

Әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Кенжемұратова  Сәлима  Кенжемұратқызы  «Мақал-мәтелдердің  синтаксисі». 
Филология  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған 
диссертацияның авторефераты.-Қазақстан Республикасы ,Астана, 2002,-26бет 
2.
 
Қанапина С. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі. Қостанай. 
«Центрум» 2010ж 
3.
 
Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы. 1988ж. 
4.
 
Қайдар Ә. «Халық даналығы». Алматы. Толғанай Т, 2004ж 
5.
 
Бөкей О. шығармалары 2-том. Алматы «Ел-шежіре» 2013ж. 
 
 
ОӘЖ:001 
ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Шамитдинов А.М., қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс 
студенті, ғылыми жетекшісі: Ерманова С.Б., аға оқытушы Қостанай 
мемлекеттік педагогикалық институты  
 
Мақалада қазіргі заманғы қоғамда, ғылымда болып жатқан мәселелер көрсетіліп, олардың өзектілігі 
мен шешу жолдары туралы ұсыныстар айтылған 
В  данной  статье  рассматриваютя  проблемы  в  современном  обществе,  науке,  указывается  их 
актуальность и предлагаются варианты по их решению. 
This article considers the problems in today’s society6 in science. And this article points out the relevance 
of these issues. Thus, this article offers options to address these problems. 
 
Алдымен ғылым дегеннің өзі не? – деген сұраққа жауап берейік. Ғылым – жалпы 
мағынасы:  жүйелік  білім  мен  тәжірибе.  Арнайы  мағынасы  —  ғылыми  жолмен 
жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы. 
Қазақ ғылымында қандай мәселелер бар екендігіне көшпес бұрын, қоғамға назар 
салайық.  Жалпы,  бүгінгі  қоғамда  жаһандану  (глобализация)  үрдісі  жүріп  жатыр.  Сол 
жаһандану  көшінен  қалып  қоймайық  деп  әлемдегі  бүкіл  мемлекеттер,оның  ішінде 
Қазақстан  да,  ғылыми  техникалық  прогресске  бүкіл  әлеуметін  жұмылдыруда.  Белгілі 
тарапта бұл дұрыс, ал екінші бір тарапта онша дұрыс емес. Даму дейміз, енді сол дамудың 
не екенін толық түсінеміз бе? Өкінішке орай, барлығы да түсіне бермейді.  
Даму  (прогресс)  –  белгілі  бір  тарапта  өткен  күнге  қарағанда  қазіргі  күндегі 
қалыптасқан жағдайдың жақсы болуы, кешегі күнге қарағанда бүгінгі күні жетістіктердің 
көп  болуы.Мемлекет  қалыптасуының  теориясы  бойынша,  даму  екі  бағытта  жүреді: 
идеологиялық  (халықтың  рухани  байлығының  артуы,  салт-дәстүрі  сақталуы,  үлкен 
ауқымды  мәдениеттің  тасасында  қалып  қоймайтын  мәдениеттің  қалыптасуы), 

134 
 
технологиялық  (ғылыми-техникалық  прогресс).  Бұл  осы  екі  бағыт  бір-бірімен 
ықпалдастықта, яғни бір-біріне әсер етеді.Аналитиктердің айтуынша идеологиялық  даму 
технологиялық  дамудың  дұрыс  бағытпен  жүруіне  септігін  тигізеді.  Оған  қарапайым 
мысал ретінде айта аламыз: Шығыс ғалымдары арасында ешбіреуі де жаппай қырып жою 
құралы,  танк,  автомат,  жалпы  алғанда,  қару  атаулыны  ойлап  таппаған,  немесе,  бәріміз 
білетін  БАӘ  ғылым  жүйесі  –  батыс  елдерінен  әлдеқайда  дамыған,  бірақ,  ұлттық  салт-
сананы сақтап қалған. 
Қарап  тұрғанымыздай  біз  тек  дамуды  бір  жақты  ғана  түсінеміз.  Ғылым  дамуға 
негізделеді.Қазір  сіздерге  бүгінгі  таңдағы  қазақ  ғылымының  жетіспей  жатқан  тұстарын 
көрсетемін. 
Біріншіден,  елімізде  әлеуметтік  жобаларға  гранттар  бөлінген.  Қазіргі  күнде, 
жасыратыны жоқ, сол гранттарды басым көпшілігі жаратылыстану-физикалық бағыттағы, 
яғни техникалық жобаларға кетіп жатыр. Ал бірақ, гуматинарлық бағыттардағы ғылымдар 
да бар ғой, тарих, филология, өнер деген сияқты, неге солардың тасасында қалып жатыр. 
Менің ұсынысым – әлеуметтік гранттар санын көбейтіп, гуманитарлық бағыттағы ғылыми 
жобаларға бөлу. Бұл  арқылы біз неге жете аламыз? Тұлғаның рухани дамуы. Бір  мысал: 
ЖОО  студенті  өз  ғылыми  жетекшісімен  бірге  «Қазақ  фольклористикасын  жас  ұрпақтың 
тәрбиесіне пайдаланудың заманауи тәсілдері» атты ғылыми жобасын қорғады делік. Егер 
сол  жоба  грант  жеңіп  алар  болса,  ол  мемлекет  көлемінде  жүзеге  асады  да  мектептерде 
қолдануға  енеді.  Өз  халқының  ауыз  әдебиетін  санасына  сіңіріп  өскен  жас  ұрпақ  елдің 
патриоттарын қалыптастырып, қатарын толықтырады. 
Екіншіден,естеріңізде болса, кезінде ақын-жазушылар шығармаларын мобильдік 
құрылғыларға ыңғайлап енгізу жобасы қолға алынған. Тіпті ол өз жемісін берді де:  Play 
market-те  сондай  бағдарлама  жарық  көріп,  кез  келген  смартфон  қолданушысы  сол 
бағдарламаны жүктеп алу арқылы ұлттық тілдегі шығармаларды өз ұялы телефонында оқу 
мүмкіндігіне ие болды. Бірақ неге екені белгісіз, кейіннен бұл жоба жабылып қалды. Мен 
сол жобаны қайта қолға алуды ұсынамын. 
Үшіншіден, орын алып отырған тағы ды бір мәселе отандық ғаламтор желілерін 
қазақ  тіліне  көшіру,сонымен  қатар,  қазақ  тілін  негізгі  мәзірге  (меню)  қою.Мәселенің 
өзектілігі ғаламтор ресурстарының басым көпшілігінің шет ел тілдерінде болуы, және де 
кейбір пайдаланушылар үшін қол жетімсіз болуы. Бірақ бұл тек ғаламтор сайттарын қазақ 
тіліне көшіре салатын оңай шаруа емес. Ол үшін, ғылыми технология терминдерін жақсы 
білетін  мамандар  керек.  Қазіргі  күні,  иә,  жоққа  шығармаймын,  қазақ  тіліне  көшкен 
сайттар бар, бірақ байқасаңыз, олардағы аудармалар сапалы емес, тіпті кейбір жерлерінде 
дөрекі  қателіктер  орын  алып  жатады.  Бұл  мәселені  шешу  үшін  мен  арнайы  интернетті 
қазақшаландырумен  айналысатын  аудармашылар  дайындауды  ұсынамын.  Жастардың 
басым  көпшілігінің  қазір  ғаламторға  телміріп  отыратыны  анық.  Егер  осыны  қолға  алар 
болсақ, ең алдымен, өсіп келе жатқан жас ұрпақ, ұлттық тілмен сусындап өседі. Ұлттық 
тіл арқылы біз ұлттық салт-сана қалыптастырамыз.  
Төртіншіден,  жарнамалар  туралы.Көшеде  ілініп  тұрған  жарнамаларымыз  да 
мемлекеттік  тілге  келгенде  ақсап  жатыр.  Дұрыстап  жазылды  дегендерінің  өзінде  де 
бірінші  орыс  тілінде,  одан  соң,  мемлекетік  тілде  жазылған.  Бұл  олқылықтың  орнын 
толтыру  үшін  елде  жарнамаларды  бақылайтын  агенттік  ашылуы  керек.  Сол  басқарма 
арқылы  көшеге  шыққанда  көзге  бірінші  түсетін  жарнамаларымыздың  жайын  дұрыстай 
аламыз. 
Антикалық  дәуір  ойшылдарының  бірі  Сократ  өзінің  бір  сөзінде:  «Өз  ана  тілін 
білмегенді ұлтына жаны ашиды деп қабылдау үлкен қателік» деген екен. Ендеше, біз осы 
аталған мәселелерді қолға алсақ, ұлт жанашырларын қалыптасытырамыз. 
Жоғарыда айтып кеткенімдей, ғылым дамуға  негізделеді. Енді  біз тек бір жақты 
дамуды ғана жүзеге асырмай, екінші жағын да қарастырайық. Ол үшін жоғарыда айтылған 
мәселелер қолдау табуы керек.  

135 
 
Қорыта  келе,  баяндаманың  негізгі  идеясын  ашып  көрсетемін:  ұлттық  тәрбие 
қазіргі  күні  бірінші  кезекте  тұрған  мәселе.  Адам  рухани  байлығымен  қатар,  ғылыми 
техниканы дамытуды да бірге алып жүруі керек.
 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Интернет желілеріндегі соңғы жаңалықтар. Nur.kz 
2.
 
Қазақ ұлттық энциклопедиясы 
3.
 
Қалиев, С. Этнопедагогика Астана : Фолиант, 2014 
 
 
 

136 
 
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ И ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ 
 
 
ОӘЖ: 372.8 
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘНЕРЛЕП 
ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Алдабек Ф.А. 
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: Абдрашева Ә.Қ 
Гуманитарлық ғылымдарының магистрі, аға оқытушы. 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Ғылыми  мақала  оқушылардың  мәнерлеп  оқу  дағдысын  қалыптастыру  мәселесі  бойынша 
жазылған.  Оқушылардың  дағдысын  қалыптастыру  үшін  бірнеше  әдіс-  тәсілдер  берілген.  Мақалада 
мәнерлеп оқу ұғымына ғылыми еңбектерді пайдалана отырып түсініктеме берілген.  
В  данный  статье  рассматривается  выразительное  чтение  учеников  и  его  навыки.  Для 
формирование  выразительное  чтение  учеников  рассматривается  в  разные  методы.  В  статье  написано 
комментарий на понятие выразительное чтение в использованиях научных литературы.  
This  article  discusses  the  expressive  reading  skills  and  his  disciples.
 
For  the  formation    of  expressive 
reading  in  students  considered  different  methods.
 
The  article  is  written  comment  on  the  concept  of  expressive 
reading in the use of scientific literature.
 
 
Ең алдымен мәнерлеп, көркем оқудың не екеніне келетін болсақ, «Мәнерлеп оқу» 
атты  оқулығында  ғалым  апамыз  С.Желдербаева  «Мәнерлеп  оқу  дегеніміз  -  қарапайым 
сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу» деп анықтама берсе, «Мәнерлеп оқу – оқу шеберлігі, олай 
болса,  ол  жұмыс  ең  алдымен  оқушыларға  тіліміздегі  сөздерді  дұрыс  айтқызып,  жатық 
сөйлеттіруден, көкем тексті нақышына келтіріп оқудан басталады» деген С.Тілешованың 
да  анықтамасы  көкейге  қонымды.  Шын  мәнінде  өзге  білім  дағдыларын  игергендей 
көркемдеп,  мәнерлеп  оқу  дағдылары  да  үнемі  дайындалу,  үздіксіз  іздену,  жаттығу  әрі 
қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндерінен  жинақтаған  білімін  ұштастыра  білу  нәтижесінде  ғана 
қалыптасады.  Оқушының  мәнерлеп  оқи  білу  дәрежесіне  қарап,  оның  талабы,  талғамын, 
білім  дәрежесі  мен  ой  өрісін,  дүниетанымы  деңгейінің  көрсеткіші  ретінде  мөлшерлеуге 
болады [6, 135-154 бет] 
Мәнерлеп  оқу  –  сөйлеу  техникасын,  дауыс  сапасының  даму  жолдарын  көрсету. 
Шәкірттерді  көркем  оқуға  баулу  үшін  тапсырмалар  арқылы  оқушы  қызығушылығын 
арттырамыз.  Мұғалім  одан  –  жазушылардың  бір  тақырыпқа  жазылған  шығармаларын 
оқытса,  оқушылардың  сұлулықты  сезінуі,  әсемдікті  қабылдауы  толыға  түседі.  Мәнерлеп 
оқу  арқылы  көпшілік  алдына  емін-еркін  шығып  этикалық  оралымдарды  шебер  қолдана 
алады. Оқушылар алдында кез-келген мәтінді көркемдеп оқып беру үшін, мұғалім көркем 
шығармаға терең бойлап, оқу ерекшелігіне, тіліне талдау жасап, шығармашылық тұрғыда 
ізденеді. 
Мәнерлеп оқуға төселдіру үшін үздіксіз шығармашылық жұмыстар, фонологиялық 
жаттығулар, мәтінмен жұмыстар жүргізіп отырсақ, шебер сөйлеушінің қалыптасуына жол 
ашамыз.  Мәнерлеп  оқу  -  әдебиетті  оқытудың  басты  әдістемелерінің  бірі.  Мәнерлеп 
оқудың мақсаты:  
а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;  
ә)  көркем  мәтінге  жан  беру,  әр  сөздің  мәні  мен  мағынасын,  сөз  бояуларының 
нақышын сезе білу;  
б)  көркем  мәтіндегі  айтар  ой  мен  поэтикалық  көркемдікті  өздеріне  болжату, 
түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту. [5,96-бет] 
Мәнерлеп оқу 3 сатыдан тұрады. Таным үш сатылы.  

137 
 
I саты – сезімдік таным, оқушы нені болса да әуелі бес сезім арқылы қабылдайды. 
Мазмұнды оқып білу, игеру – алғашқы сезімдік танымға жатады.  
II саты – шығарманың өзіне тән көркемдік ерекшеліктерін танып оқу (талдап оқу) 
болмақ.  Бұл  тұста  оқушы  көркем  сөздің  заңдарын  үйренеді  (образ,  композиция,  тіл, 
сюжет, өлең өлшемі, жанры, тақырыбы, идеясы). Мұны ақылдық таным дейміз. Білім мен 
таным оқушыға осы екі оқу тұсында беріледі.  
Мәнерлеп оқу V–VII сыныптардан басталады, ол үш түрлі формада үйретіледі.  
1.  Даралап  оқу.  Оқушы    өлең  жаттайды.  Оны  мәнерлеп  орындату  дейміз.  Кейде 
бала  прозаны  да  жатқа  орындайды.  Мұнда  сөйлеу  мәнері  басты  орын  алады.  Өлеңді 
жаттап,  ешқандай  мақам,  ырғақсыз  айтса,  оның  берері  жоқ.  Бұл  оқу  көбіне  сезімдік 
танымға  жатады.  Жаттауға  бүгінгі  ақындардың  шығармаларынан  бастап,  фольклор 
шығармаларын  да  ұсынамыз.  Даралап  оқу  баланың  лексикасын  байытады,  логикалық 
ойын дамытады. 
 2. Мәтінді рөлге бөліп оқыту. Мұны кейде кейіпкерге еліктеп оқу деп те атаймыз. 
Бұл көбіне талдау сабақтары тұсында қолданылады. Оған диалог сөз, драмалық шығарма 
үзінділері, мысал, айтыс жанры қолайлы. Мәтінді рөлге бөліп оқыған жерде кейіпкерлерге 
мінездеме берудің қажеті жоқ. Мысалдың аллегориясын ғана ескертеміз.  
3.  Әндетіп  оқу.  Эпостарды  өткенде  монологтарды  домбыра  (жыр)  күйіне  салып 
айтса, бұл да күшті есте қалады.[1, 112-125 бет] 
Мәнерлеп  оқу  материалын  таңдаған  кезде  оның  тартымдылығы,  тәрбиелік  мәні, 
шығарма мазмұны мен тілінің бала ұғымына ауыр болмауы ескеріледі. Оқушыға прозалық 
және поэзиялық шығармалармен жұмыс жасауды қатар жүргізу қажет. 
Лириканы  оқытудың  басты  мақсаттарының  бірі  –  оқушыларды  поэзияны  сүюге 
баулу,  оның  кестелі  тілін  сезіне  білуге,  эстетикалық  ләззат  ала  білуге,  әдемі,  көркем 
сөйлей білуге баулу болып табылады. 
Мәнерлеп  оқу  оқылып  жатқан  көркем  туындының,  яғни  лирикалық  өлеңнің 
мазмұны,  мәніне  байланысты  болып  келеді.  Ерлік,  патриотизмге  негізделген  өлеңдер 
көтеріңкі ырғақ, көтеріңкі леппен оқылса, табиғат, махаббат жайлы өлеңдер нәзік леппен, 
терең сезіммен оқылады. Лириканы мәнерлеп оқуда әр сөз, әр тыныс белгісі де үлкен рөл 
атқарады. 
Мысалы,  Мағжанның  «Толқын»,  т,б,  өлеңдерінде  дыбыстардың  маңызы  ерекше. 
Ақын  дыбыстан  сурет  жасайды,  дыбыс  арқылы  махаббаттың  лапылдап  тұрған  жалыны 
беріледі, дыбыс келісімдері арқылы табиғаттың бейнесі көз алдыңа елестейді. Сондықтан 
да,  дыбысты  өз  нақышымен  оқи  білудің  маңызы  зор.  Мәнерлеп  оқу  көркем  туындыны 
қабылдай  білу,  түсіне  білу  әрі  талдай  білуге  жетелейтін  маңызды  бір  тәсіл  десек,  артық 
айтпаймыз.[7, 13-бет] 
Мәнерлеп  оқу,  ең  алдымен,  оқушыларды  көркем  туындыны  барлық  бітім-
болмысымен  толық  түсіне  білуге  алып  келеді.  Көркем  шығарма  бойына  «қан  жүгіртіп, 
жан бітіретін» мәнерлеп оқу болып табылады. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Бітібаева.Қ. Әдебиетті оқыту методикасы. Алматы.- «Рауан»1997ж 
2.
 
«Ұлағат» журналы. Алматы №3, 2011ж 
3.
 
Қабдолов. З. Сөз өнері 
4.
 
Сабыров. Т. Оқыту теориясының негіздері.Алматы.-1993ж 
5.
 
Тілешова.С. Әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. 
Алматы, «Мектеп»1984ж 
6.
 
Желдербаева. С. Мәнерлеп оқу.1992ж 
7.
 
«Қазақ және әлем әдебиеті» журнал.    №5-6.2007ж. 20-бет 
 
 

138 
 
ОӘЖ:377 
ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРЫНА, ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ, 
 ГЕНДЕР КАТЕГОРИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ 
ДИАЛЕКТИЗМДЕР 
 
Алиақпарова А.Ғ., қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс 
студенті, ғылыми жетекшісі: Қанапина С.Ғ., филология ғылымдарының кандидаты, 
доцент, АМА қауымдастырылған профессоры 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Ғылыми  мақала  қазақ  диалектологиясындағы  туыстық  атауларға,  жас    ерекшелігіне,  гендер 
категориясына қатысты диалектизмдердің стильдік қызметін ашуға арналады. Мақаланың кіріспе бөлімінде 
диалектологияға қатысты  ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу жасалып,мысалдармен дәлелденген. 
В статье  рассматриваются  диалекты в  казахском языке.Диалекты  разделены  по темам:гендерная и 
возрастная категории,родственные названия. В первой части статьи изучены и исследованы научные труды 
ученых – диалектологов. Во второй части теория закреплена этимологическим анализом слов-диалектов.  
The article deals with the dialects in the Kazakh language. Dialects are divided by themes: gender and age 
categories  related  names.  In  the  first  part  of  the  article  we  studied  and  studied  scientific  works  of  scientists  - 
dialectologists. In the second part of the theory of fixed etymological analysis of the word-dialects. 
 
Қазақ  тіліндегі  рухани  мәдениет  лексикасын  арнайы  зерттеген  ғалым 
С.Жанпейісова былай деп жазады: “Рухани мәдениет – халқымыздың этномәдени өміріне, 
өмір  тәжірибесіне  қатысты  атаулар  жиынтығын,  этномәдени  өмірінің  өзіндік 
ерекшеліктері  мен  рухани  ескіліктердің  тілдік  көріністерін  анықтайды.  Ол  –  жалпы 
этносты  танудың,  әсіресе,  оның  интелектуалды  ерешеліктерін  танудың  құралы”,  —  деп 
көрсетеді [1, 19 б].  
Туыстық  атауларына,  жас,  жыныс  ерекшелігіне,  гендер  категориясына  жататын 
этнодиалектизмдердің  қатарында  апа,  тәте,  ақа,  құдағай,  әке  т.с.с.  жатқызуға  болады. 
Туыстық  атаулардың  диалектілерге  қатысты  тілін  зерттеген  ғалым  Л.Жолдасбек: 
“Туыстық  атаулар  жүйесі  отбасының  құрылуы  кезінде  болған  қатынастарды,  ол  өз 
тарапынан сол кездегі отбасының басқарушы формасын анықтайды”, — дейді. Жоғарыда 
аталған сөздер Қазақстанның барлық өңірінде де қолданылатыны белгілі. Алайда оларды 
арнайы беруіміздің өзіндік себептері бар. Апа сөзі оңтүстік өңірде әже сөзінің баламасы 
ретінде қолданылатын болса, батыс өңірінде бұл сөз өзінен жасы үлкен әйел, қыз балаға 
қатысты  (“сестра”  мәнінде)  қолданылады.  Сол  сияқты  тәте  сөзі  Жетісу  өңірінде  әйел 
адамға  қатысты  қолданылса,  батыс  өңірінде  ер  адамға  қатысты  қолданылады.  1.Тәте 
(Түрікм., Красн., Алм., Нар., Кег.) баланың туған әпкесі. 2. (Сем., Мақ., Үрж.) апа,шеше. 2. 
Тәте/Дәде  (Өзб.,  Ташк.,  Жамб.,  Луг.)  бірге  туған  ағасы,  жасы  үлкен  туыстар  [2,  631б]. 
Талдауға  негіз  болып  отырған  шығармалардың  ішінде  Қ.Сланов  еңбектерінде  әке  сөзі 
қолданылады. Бұл сөз “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде”: 1. Баласы болған ер адам. 2. 
ауыс. Бір нәрсенің ең үлкені, зоры. Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көресің (мақал). 3. 
жергілікті.  Қарағым,  қалқам.  Арабшаға  шорқақ  ем,  оқып  бересің  бе,  әке,  –  деп 
түсіндірілсе, жазушы қолданысында бұл сөз ауыспалы мәнінде, яғни жасы кішіге, балаға 
қатысты  қолданылады.  Мысалы:  –  Әкелерімнің  жараса  қалғанын  қарашы!  –  деп  ақкөңіл 
Қайырбек төрдегі қонақтарына бірі, өз қызы Қатираға бір қарап мәз боп отыр (Қ.Сланов, 
Шалқар. 4-т. 56 б.).  
–  Барсам  ба  деп  ем  ораза  күні  де  келіп  қалды,  қайдам  әкем  …  –  деп  қасындағы 
Жабағыға көзінің бір қырын салып қойды (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 163 б.). л 
– Айналайын, Баршагүл! Әкем-ау … (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 147-б.). 
Әке  сөзінің  мұндай  мәнде  қолданылуы  Жетісу  өңіріне  тән  “Әке”  және  “тегі” 
сөздерінің  семантикалық  өзгеруі  жайлы”  атты  мақаласында  Е.Қойшыбаев  әке  сөзіне 
“Жетісу төріндегі дулат, шапыраштылардың, олармен өріс-қонысы бір Сорбағыш, Солты 
қырғыздарының  сөйлеу  тілдерінде  әке  сөзінің  негізгі  мағынасымен  бірге  ауыспалы 

139 
 
мағынасының  болуы”,  яғни  жасы  кішіге,  балаға  қатысты  қолданылатыны  туралы 
айтылып,  ол  көненің  қалдығы  ретінде  қарастырылған.  Бұл  жерде  тағы  да  Қ.Слановтың 
батыс  өңірін  суреттеп  отырған  шығармасында  Жетісу  өңіріне  тән  тілдік  ерекшеліктерді 
орынсыз  қолданғанын  көреміз.  Әке  сөзі  осы  мәнде  М.Әуезов  шығармаларында  да 
кездеседі: “Табанынан жарылған жануар-ай! – Айызымды бір қандырды-ау!” Алматының 
төресі  мен  қарасы,  шоңы  мен  шорасы  сүйсінгеннен  таңдай  қақты!  Шұлғып  қалды  ғой 
мүлдем. Атама әкем, тегі. Әмісе жолың болғай-ақ та!(М.Әуезов,Шығ.). 
Бұл  орайда  сөз  құдіретін  терең  түсінген  жазушы  Жетісу  өңіріндегі  оқиғаларға 
арналған шығармасында, Жамбыл сөзінде әке сөзін өте сәтті қолданған. 1.Әке // Әке – ау 
(Шығ. Қаз.: Ғлан, Тарб., Больш.; Тау., Қош., МХР; ҚХР; Алм.: Шел., Кег., Талд., Гв., Сем.: 
Үрж.,  Мақ.,  Көкп.,  Ақс.;  Жамб.:  Тал.,  Шу,  Жуа.)  қарағым,  шырағым.  2.  (ҚХР)  таңдану, 
таңырқау сияқты көңіл – күйді білдіретін сөз[2, 110 б]. Көркем шығармада жергілікті тіл 
ерекшеліктерінің  уәжді-уәжсіз  қолданылу  мәселесін  сөз  ете  келіп,  академик  Р.Сыздық 
былай  дейді:  “Диалектизмдерді  көбірек  қолдану  өзге  жазушыларды  да,  әсіресе  соңғы 
ширек  ғасыр  ішінде  жарық  көрген  үлкенді-кішілі  проза  үлгілерінде  орын  алады. 
Мұндайда  екі  нәрсені  іздеуге  тура  келеді:  бірі  –  қалың  көпшілікке  бейтаныс  сөздерді 
шамадан  тыс  әрі  түсіндірмей  қолданып,  көркем  шығарманың  басты  шарты  жалпыға 
ортақтықтан ауытқу, екіншісі – шығарма тілін диалектілендіру екендігі айтылады. Әрине, 
жоғарыда келтірілген мысалдар бірінші жағдай танытады, мұнда диалектизмдерді жазушы 
белгілі  бір  стильдік  мақсатпен  әдейі  қолданған  деуден  гөрі,  жауапсыздық  көрсеткен, 
нәтижесінде көркем сөз нормасынан ауытқыған деп тануға тура келеді”. 
Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін зерттеуде жер-жерлерге жіберілген арнайы 
экспедиция  материалдарымен  қатар  көркем  шығармалар  мен  баспасөз  материалдарының 
мәні  ерекше.  Алайда  жазушының  жергілікті  тіл  ерекшеліктерін  орынды-орынсыз 
қолданған тұстарын бағалау – ол басқа мәселе.  
Ауған,  Иран  қазақтарының  тіліндегі  туыстық  атауға,  адамдардың  дене  мүшесіне, 
қызметіне  байланысты  сөздер:  ахун<діни  ғалым,  зиялы  адам,  айапа<апа,  әпке, 
алши<қарсы  құда,  мама  қыз<кәрі  қыз,  апақыз<бойжеткен  қыз,  әмата<нағашы  ата, 
әмәже<нағашы 
апа, 
дайы<нағашы, 
бейуа<жесір 
әйел, 
бірадар<жамағайын, 
аяқшы<көмекші, 
кәппаш<етікші, 
кедейші<қайыршы, 
қаландар<кіреші, 
мақыш<күзетші, малдар<малшы, пайра<күзетші, түзжар<сәудегер т.б.; [3, 20б] 
Қазақ  арасындағы  толып  жатқан  туыстық  және  жақындық  атаулардан  Маңғыстау 
қазақтарының  тіліндегі  атаулардың  айтарлықтай  өзгешелігі  жоқ  деуге  болады.  Алайда 
Маңғыстаулықтар “шеше” ал қарт шешесін (әкесінің анасын) “шеке”, анасын “апа” демей, 
“мама”деп те атайды[1, 21б]. 
Қазақстанның  әр  аймағында  әке  –  шешесін  әр  қилы  атайды.  Біреулер  әкесін 
«көке»(диалектологиялық сөздікке енбеген), шешесін «апа», «анашым» деп атаса, оларды 
әке – шеше дейтіндер де бар. Қызылорда облысы, Шиелі ауданында 60–70жас аралығына 
келіп  қалған  анасын  «мамашкы»(диалектологиялық  сөздікке  енбеген)деп  атайтындар  да 
бар.  Қазіргі  жастардың  көбісі  әке  –  шешесін  «папа»,  «мама»,  дейді.  1«Мама»  (Түркм.: 
Таш.,  Ашх.,  Көнедүр.)  үлкен  шеше,  әже.2  «Мама»  (Алм.,  Кег.;  Жамб.:  Шу,  Қорд.)  ат  – 
көлік байлайтын ағаш. Мамадай (Ауғ.; Ир.) үлкен қартайған. Мамадай қыз – қартайған 
қыз.  Мамадана  (Жамб.,  Жам.)  алдау,  қулық  [2,  500  б].Бұл  «мама»  және  «папа»  сөздері 
қайдан  шыққан,  қай  тілдегі  атау,  түркі  тілдес  халықта  бұрын  мұндай  тіркес  болған  ба, 
соның төңірегінде пікірталас көп. 
Талас тудырмайтын ақиқат: католик шіркеуіндегі ең жоғарғы билік иесінің «папа» 
деп аталатыны. Яғни, Батыста шіркеу билігін Рим епископы, яғни Рим папасы жүргізеді. 
Не  себепті  бұл  лауазым  иесі  папа  деп  аталған,  папа  сөзі  нендей  мағынаны  білдіреді,  ол 
жөнінде  біздің  ұлттық  энциклопедиямызда  да  айтылмаған.  Жасыратыны  жоқ,  қазақта 
мама сөзі бар. Олар: мама қаз, мама ағаш, мама бие. Сондай  – ақ, кей жерлерден «Мама 
шешей»  деген  сөздерді  де  естігенбіз.  Осы  сөздерге  байланысты  ғалымдардың, 
этнографтардың  пікірін  тыңдасақ,  филология  ғылымдарының  докторы  Құлбек  Ергөбек 

140 
 
былай  дейді:  «Папа  –  мама»  сөзі  көне  түркі  тілінен  шыққан.  Бұл  шамамен  1966  жылы 
шыққан  көне  түркі  тілінің  сөздігінде  анық  айтылған.  Орыстар  түркі  халқының 
бодандығында  болған  жылдарында  «баба»  деген  сөзді  ассимиляцияға,  яғни,  тілдік 
өзгеріске ұшыратып, «папа деп айтатын болған. Өз кезінде орыстар қазақ халқына «папа» 
сөзін ұмытпастай ұқтыра білді. Түркиядағы туысқандар әкесін бүгінге дейін «баба» дейді. 
Ал «мама» деген түркі тілінде «сүт ана» дейтін ұғымды білдіреді. Қазақтардың сүтті биені 
– «мама бие», жемісі мол ағашты – «мама ағаш» деуі бекер емес. Әкесін «көке», шешесін 
«жеңеше» деу тек оңтүстікке тән. Батыста әкесін  «баба» дейтіндер бар.  «Папа» дегеннің 
аздап өзгерген түрі  ғой. Арқадағы ағайындар  «әке»,  ал әкесінің інісін  «кіші әкей» дейді. 
Көп өңірде шешесін «апа» дейді. Оңтүстікте өзінен үлкен қызды «әпке» десе, «апа» деген 
де нақ осының өзі[4].  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет