Жұқпа – қамырды жұқалап жайып қатырып пісіріп алып, үстіне пияз, ет, май,
су құйып қайнатып дайындалатын тағам.
31)
Қаттама – қамырды жайып үстіне май жағып орап, бірнеше бөлікке бөліп,
қайта жайып қазанды майлап пісіретін нан түрі.
32)
Қазан жаппа – нанның бір түрі.
33)
Пәтір – нанның бір түрі.
34)
Қам пәтір – қамырын ашытпай жасалатын нан.
Қорытындылай келе, Оңтүстік Қазақстан облысының халқының тілінен 34 диалект
сөздер теріліп, лексикалық ерекшелігіне қарай бөлініп, мағыналары ашылды.
Әдебиеттер тізімі:
1)
Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев «Қазақ диалектологиясы» Алматы «Ана тілі» баспасы,
1991, 198 бет
2)
«Диалектологиялық сөздік» Алматы «Арыс» баспасы, 2002, 800-бет
3)
Б. Өтебеков «Ауған, Иран қазақтарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктер»
Алматы, 1998, 28-бет
ӘОЖ
745/51
АҒАШ ДІҢІНЕН ӘСЕМДІК БҰЙЫМДАР ЖАСАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Боранбаева С.Қ, Абдимоминова Д.К., аға оқытушы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Мақалада ағаш діңінен жасалатын әсемдік бұйымдардың түрлері және ағаш діңінен жасалатын
әсемдік бұйымдарды қазіргі заманға сай пайдалану аясы қарастырылған. Ағаш діңінен алынатын әсемдік
бұйымдарды қарапайым әдістермен алу жолдары көрсетіліп, әсемдік бұйымдарға жан-жақты талдау
жасалынған.
В статье рассмотрено виды изделии изготовленные из срезы дерева и использование их в
современном мире. Показаны простые способы получение украшений изготовленные из срезы дерева и
сделаны всесторонние анализы.
Іn the article the types of trees and their sections in the product, perfect in the modern world. Perfect slices
listed in ornaments made of wood and easy ways to get in and comprehensive analysis.
Бүгінде адамның тұрмысы өзгерді. Мәдениеттің дамуына байланысты адам ағаш
материалын өңдеу тәсілдерін жетілдіре түсті. Ағаш табиғатта өте жиі кездесетін
154
өсімдіктердің бірі болғандықтан, адам өміріне тигізетін пайдасы көп, алар орны да бөлек.
Басқа шикізаттарға қарағанда әр түрлі мүліктер жасауға да өте қолайлы, тез өңделетін
жұмсақ, жас күйінде былқылдақ, июге, тоқуға, ойып шабуға келгенде теңдесі жоқ
материал.
Ағаштың негізгі бөлігі-діңі. Дің негізгі, өте құнды сүрек беретін құрылым. Діңнің
қабығы, сүрегі және нашар білінетін өзегі болады. Қарағай діңдерінің өзегі әзер
байқалады. Діңнің сыртқы бөлігі қабық деп аталады, ол ағаш және бұта тұқымдарын
табиғаттың қолайсыз жағдайларынан қорғайды және ағаштың сыртқы әлпетін көрсетеді
[1].
Қазақстанда объективті түрде алғанда ағаш діңімен жұмыс жасау өнеркәсібі үшін
шикізат базасы жоқ, дәстүрлі түрде қажетті сүректің 70%-на дейін сырттан әкелінеді.
Алайда, Қазақстанның ағаштың діңімен жұмыс жасайтын кәсіпорындарында өндірістің
өсуі өткізу нарықтарының кеңейтілуі есебінен, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнының азаюы
жаңа технологияларды енгізу есебінен болды.
Қазақстанда ағаш діңінен жасалатын әсемдік бұйымдарды жасауды дамыту үшін
отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудің салалық бағдарламасын әзірлеу
және инвестициялық шығындарды оңтайландыру үшін еркін индустриялық-өндірістік
аймақтар, қосылған құн тізбегі бойынша белсенді кооперация құру қажет [2].
Қазіргі кезде қандай дүкенге барсаңызда ағаштан жасалған сувенирлік бұйымдар,
суреттер көздің жауын алып тұрады. Ал, ағаш діңінен жасалатын әсемдік бұйымдар одан
әрі бұйымдарды ерекшелендіріп, көркейтіп тұрады. Ағаш діңінен жасалатын әсемдік
бұйымдар сыйлыққа беруге таптырмас бұйым болып табылады. Ағаш діңінен жасалатын
қабырғалық суреттерді және де сувенирлік бұйымдар естелік ретінде ұзақ мерзімге
төзімді. Сонымен қатар, оларды үйдің кез келген жеріне іліп немесе сувенир есебінде
қойып, әрі ұсақ-түйек керек заттарды қойып қоюға да болады. Сондықтан, ағаш діңінен
жасалатын әсемдік бұйымдарды үйде, жұмыс орнында, мейрамхана, дүкенде яғни, қандай
жерде болмасын қабырғаға ілініп тұрса, не сувенирлік бұйым ретінде үстел, жиһаздарда
тұрса, тек қана әсемдік бұйым ғана емес, керекті құтыша ретінде де қолдануға болады.
Сонымен, ағаш діңінен көптеген әсемдік бұйымдар жасауға болады. Олардың бір тізбегі
1-суретте көрсетілген.
1-сурет. Ағаш діңінен жасалған әсемдік бұйымдар
155
Ағаш діңінің кесінділерінен күрделі емес тәсілдерді пайдаланып, көптеген, бірегей
әсемдік бұйымдар жасауға болады. Ол үшін кептірілген жөке, терек, қандағаш, көктеректі
пайдаланған дұрыс. Қазіргі кезде ағаш діңінің кесінділерінен көптеген әсемдік бұйымдар
жасауға болады. Солардың бірі-ағаш діңі кесінділерінен панно жасау. Панно- мүсіндік
бейнелер немесе түрлі суреттермен әшекейленген ағаш діңінің кесінділерінен жасалған
әсемдік бұйымдар.
Қабырғалық мүсін гүлдерге арналған қыш құмыраларға негіз болуы мүмкін,
сондай-ақ алдын ала бұрғыланған тесіктерге ағаш өзектерді орнатса, ілгіш қызметін
атқаруы мүмкін.
Тас суреттер - қазіргі кездегі ағаш діңі кесінділеріне сурет салудың жаңа бағыты.
Табиғи тастардан жасалған суреттер - бүгінде ол бейнелеу өнеріндегі жаңа тренд болып
табылады, және ол тез танымалдыққа ие жеткілікті. Тас фишкалардың үлгісінің негізі
Орал тауларының өте орталығынан өндірілген мәрмәр мен катушкалар жасалады және
суретші үшін бояулар табиғи тастардан түрлі реңктері қиыршық тастар болып табылады.
Табиғи тастардан суреттерді жасау үшін серпантин, яшма, родонит, малахит және басқа да
көптеген тастар пайдаланылады.
Ағаш діңі кесіндісіне салынатын суреттің бірі-дудлинг. Дудлинг ағылшын тілінен
аударғанда( "Doodle"-"түсініксіз жазу") деген мағынаны білдіреді. Дудлинг-бейсаналық
сурет, қандай да бір сабақ үстінде немесе қол бос кезде бір ғана бояудың көмегімен
салынатын, шимайланған бейнелер болып табылады. Яғни, дудлинг кәсіби суретші
шеберлер, мамандар үшін арналмаған.
Менің ойымша, ағаш діңінің кесінділеріне дудлинг бояуқаламмен салатын болса,
өте әдемі болады. Ағаш діңі кесіндісіне сурет салынатын болғандықтан, кейбір қатты із
түсіретін жерлеріне пирография қолдануға болады. Мұндай суреттер өте әдемі болып
шығады.
Ағашты күйдіріп әрлендіруді пирография (грекше "пир"-от, "графия"-саламын,
яғни отпен сурет саламын) деп атайды. Қатты қызған сымның ұшын ағашқа тигізіп, бірден
тартып алсақ, оның бетінде еті алтын түстес жиекті қара қоңыр нүкте дақ пайда болады.
Осындай белгілі ритммен қойылған бірнеше нүктелерден қарапайым өрнек алуға болады.
Ағаштың бетіне күйдіріп сурет салу арқылы өңдеуді ағашты күйдіріп өңдеу деп атайды
[3].
Ағаш діңінен жасалған әсемдік бұйымдардың санитарлық-гигиеналық тұрғыдан
адам денсаудығына ешқандай зияны жоқ. Ағаш діңінен жасалған әсемдік бұйымдар
ағаштан жасалатын және ағаш көп кездесетін болғандықтан бағасы қол жетімді болады.
Ағаш діңінен жасалатын әсемдік бұйымдар жасау үшін үй бизнесі ретінде ағаш
шеберханасын ашуға болады. Қазіргі кезде ағаш шеберлер өте аз, сондықтан
бәсекелестіктен қорықпауға да болады.
Ағаш діңінен жасалатын әсемдік бұйымдардың бірнеше артықшылықтары бар:
1) Өнімнің табиғилығы: ағаш діңі кесінділері, бояу, түрлі түсті табиғи тастар
пайдаланылатын болғандықтан зиянсыз.
2) Өнімнің сыйымдылығы: бұйым ағаш діңі кесінділерінен жасалатын
болғандықтан, бөлменің шағын ғана бөлігін алады, әрі бұйым ағаштан жасалғандықтан
өте жеңіл болады.
3) Өнімнің ұзақтылығы: ағаш-өте төзімді, шыдамды, ұзақ уақытқа жететін
материал болғандықтан, ағаш діңінің жасалатын бұйымдардың көп уақытқа жарайды.
4) Өнімнің сыртқы бейнесі: ағаш діңінен жасалған әсемдік бұйымдар сыйлыққа
ұсыну ретінде және бөлменің сәнін келтіру үшін қабырғаға ілуге, үстелдің үсті әдемі
болып тұру үшін қоюға болатындықтан, сыртқы бейнесі өте әдемі болады.
5) Өнімнің шығыны: бұйымға ағаш діңі кесінділері, бояу, электр күйдіргіш, қашау,
табиғи түрлі-түсті тастар қолданылатын болғандықтан көп шығын кетпейді.
6) Өнімнің артықшылғы: бұйымды ағаштың кез келген түрінен жасай беруге
болады [4].
156
Қорыта айтқанда, ағаш діңінен жасалған әсемдік бұйымдар үйде, кеңседе,
қонақүйлерде және тағы басқа бөлмелік аумақтарда ілулі не сувенирлік тұғыр ретінде
тұратын болса, әрқашан бөлменің интерьерін көркейтіп тұрады. Әсемдік бұйымдар ағаш
діңі кесінділерінен жасалған болғандықтан, жеңіл, ыңғайлы, әрі сыйымдылығымен ерекше
назарды аудартып, бөлмеге өзіндік әдемілік сыйлап тұрады.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Технология. К.Өстеміров, Г. Шымекеева, М.Ырсымбетов.-Алматы: Атамұра,
2001.-192 б.
2.
ҚР Статистика агенттігі
3.
Дұрманов Б. Ағаш шебері: оқулық / Р. Асанбаева.- Астана: Фолиант, 2011.- 416
б.
4.
Н.Н.Альдибеков. Срезы дерева Мастер-классы, 2004, №98. 4-6б.
НОУТБУКҚА АРНАЛҒАН ЖИНАЛМАЛЫ УСТЕЛДІҢ
КОНСТРУКЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Бүркітбаева А.Қ., Абдимоминова Д.К.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Бұл мақалада ағаштан ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің конструкциялық ерекшелігі мен
қолдану тиімділігінің реттілігі бірізділікті сақтай отыра қарастырылған. Сонымен қатар ноутбукқа арналған
жиналмалы үстел жасау барысындағы жасау құрал- саймандар мен технологиялық ерекшеліктері жан-
жақты талданып ерешеліктері көрсетілген.
В данной статье рассмотрены конструкционные особенности складного стола для ноутбука из
дерева с соблюдением единообразия и эффективности его применения. Проведен анализ особенностей
использования инструмента и технологические особенности создания раскладного стола для ноутбука.
This article describes the
structural features foldable laptop Desk made of wood with respect to the
uniformity and effectiveness of its application. The analysis of the characteristics of tool use and technological
features of creating a folding laptop Desk.
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы болып
табылатын ноутбуктер заманауи тұрғын үйлерде адамдардың негізгі қажеттіліктерінің
біріне айналды. Себебі, ғаламтор желісі қосылған ноутбукті пайдалану арқылы адамдар
өзінің күнделікті тұрмыста, келесі қажеттіліктерін қанағаттандыра алады:
-
жылдам, әрі нақты ақпараттар алу, өңдеу және тарату;
-
әлемнің кез – келген жеріндегі адамдармен жылдам, әрі арзан байланыс орнату;
-
көп мөлшердегі ақпараттарды сақтау және тасымалдау;
-
сондай - ақ тәрбие мен білім алып, әрі көңіл көтеруді ұштастыру.
Менің айтпағым, ноутбуктың адам өміріндегі маңызы мен жетістіктері емес, сол
техника құралын дұрыс пайдаланудың жолдарын қарастыру. Біріншіден, тұрмыста
лаптоптарды дұрыс пайдаланбау құрылғының жұмыс жасау ұзақтығын азайтыпқана
қоймай, пайдаланушының денсаулығына зиян келтіреді. Мысалы, компьютерді дұрыс
пайдаланбау адамның көздеріне, жүйке жүйесіне, тірек қимыл мүшелері мен бұлшық
еттерге де зиян келтіреді. Айталық, монитордың алдында ұзақ отыру, әрі құрылғының
дұрыс орналаспауы - көздің талуы, бас ауруы, желке тарту, арқа, аяқ бұлшық еттерінің
шаршауы сияқты денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Көптеген ноутбуктың иелері,
құрылғыменкереуетте жатқанда, өзінің үстіне қойып,орындықта отырғанда тізесіне қойып
жұмыс жасайды. Осы орайда Швейцария зерттеушілері жүргізген ғылыми зерттеу
жұмысынан мысал келтірсек, АҚШ – ташығатын «Балаларғылымы» журналында
157
жариялаған зерттеу жұмысының ғылыми қортындысында 12 жастағы жасөспірімнің
күніне 4 – 5 сағат бойы ноутбукты тізесіне қойып ойын ойнағандығы себепті «Әмбебап
тері күйігі ауруына» душар болғаны жайында айтылған. Мамандардың айтуынша,
ноутбук тізеде тұрғанда 52 градусқа дейін көтеріліп, жоғарыда аталған ауырудан басқа
ұзақ мерзімді тері реңінің өзгеруіне, тіпті тері рагіне шалдықтыруы мүмкін екендігі
айтылған. Ноутбуктан тараған элекро – магинт өрісінің көбінесе ерлердің денсаулығына
әсер ету мөлшері жоғары екені де дәлелденіп отыр[1].
Ноутбукпен дұрыс жұмыс жасамау, құрылғының қызымет ету ұзақтығында
айтарлықтай төмендетеді. Құрылғы жақсы жұмыс жасау үшін кем дегенде оның астына
қатты тұғыр керек. Техникалық құрылғыны кез – келген жерге қойып жұмыс жасау, оның
шаң басуына және желдету жүйесінің жұмысы нашарлап, ноутбуктың тез қызуына алып
келеді. Ал жазғы күндері ноутбуктың қызып кетуден сақтау үшін қосымша желдету
қажеттілігі туындайды.
Осы мәселелерді болдырмау үшін, ноутбукты қойып, жұмыс жасайтын арнайы
жиһазға қажеттілік туындайды. Бұл техникалық құрал кез – келген жерде қолданылатын
және жиі тасымалданатын болғандықтан, оған қажетті арнайы тұғыр келесі талаптарға
сай болуы қажет:
-
кез – келген жағдайда жұмыс жасау (диванда жатып, креслода немесе еденде
отырып);
-
қолданылатын материалдардың жеңіл әрі зиянсыз болуы;
-
қолдануға және тасымалдауға оңай болуы;
-
көп функцияналды болуы қажет.
Жоғарыда айтылған критерилерге ноутбукқа арналған жиналмалы үстел сәйкес
келеді.
Жұмыстың мақсаты: Ағаштан ноутбукқа арналған жиналмалы үстел жасау
Міндеттер:
-
Тақырыпқа байланысты ғылыми әдебиеттерге талдау жасау;
-
Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелге сараптама жасау;
-
Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің технологиялық картасын құру;
-
Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелді жасаудың экономикалық есебін
құрастыру;
Зерттеу нысаны: Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелді жасау үрдісі
Зерттеу пәні: Ноутбукқа арналған жиналмалы үстел.
Жиналмалы үстелдің артықшылығы. Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің
дизайні оның таңдалған үлгісіне байланысты әртүрлі болады. Бұл жиһаз тек
жиналмалылығымен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар онда желдеткіш те
орналастырылған.
Жиналмалы үстелдің артықшылықтарына қолдануға және тасымалдауға
қолайлылығын, қорғаныш қызыметін жатқызуға болады.
Қорғаныс қызыметіне жиналмалы үстелдің ноутбукты қызып кетуден және құлап
кетуден сақтауын жатқызуға болады. Ноутбукты жұмсақ және қылшықты жерге қоюға
болмайды. Себебі ноутбуктың желдету аймағы шаңданып, жұмыс істеуі нашарлайды,
нәтижесінде құрылғы қызып, оның тез істен шығуына алып келеді. Ноутбукпен жатып
немесе отырып жұмыс жасау тұғырлы үстелсіз ыңғасыз. Құрылғыны тізеге немесе ішке
қойып жұмыс жасағанда құлап кетпеуін барлық уақытта қадағалап отыру қажеттілігі
туады. Сондықтан бір қолмен оны барлық кезде ұстап отыруға , ал екінші қолмен жұмыс
жасауға тура келеді. Егерде кішкене бұрылсаңыз онда ноутбукты жаңадан қолайлы
жағдайға бұру керек болады. Компьютері пайдалану талаптарына сәйкес, құрылғымен
жұмыс жасау кезінде көзге қатты зиян келмес үшін, монитор көз деңгейімен бірдей
орналасуы қажет.
158
Осындай жағдайлар туындамас үшін – ноутбукқа арналған жиналмалы үстел
жобаланды. Ноутбукқа арналған үстел, құрылғыны өзінде жақсы ұстап тұрадыжәне де сіз
емін – еркін жұмыс жасай аласыз. Жиналмалы үстелді отырып жұмыс жасағанда, өзіңізге
қалаған биіктікке дейін көтеріп алуға болады[2].
Қорыта айтқанда, ноутбукқа арналған жиналмалы үстел – бұл тек қана сәндік
жиһаз емес, ноутбукпен жұмыс жасау кезінде қолайлықты тудырып қана қоймай, сіздің
және құпылғыңыздың қауіпісіздігін қамтамасыз етеді.
Жиналмалы үстелдің түрлері:Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелді тауық аяқты,
супер-трансформалы және классикалық деп үшке бөлуге болады. Төмендегі 1-ші суретте
жиналмалы үстелдің түрлері берілген.
1 – сурет. Жиналмалы үстелдің түрлері
Тауық аяқты - екі жағдайда ғана қоланылады: керуерт жанына қойлатын
үстелше және тұғыр түрінде. Кереует түрінде қолдану қарастырылмаған немесе
оны кереуетте қолдану қиынырақ.
Супер-трансформалы – қолдану шектеулігі қолданушының қиялына және оның
трансформалы
бұйымды
қолданып
жұмыс
жасау
тілегіне
байланысты.
Бұл бұйымды көбіне керуертте қолдану өте ыңғайлы. Соның ішінде еңкею түрінде.
Классикалық – трансформалау саны басқалармен салыстырғанда көп емес. Бірақ,
көптеген үлгілерде үш нұсқа қарастырылған: тұғыр, керуерт және кереует жанына
төселетін нұсқалары. Алайда барлық үлгілер арасында екі түрде де пайдалануға болатын
түрлері де бар, яғни тіреу ретінде және диван түрінде [3].
Бұл жиһаз жиналмалы және тасымалдауғаыңғайлы болуы үшін жеңіл
материалдардан жасалынады. Жиналмалы үстелдерді негізінен пластмассадан,
алюминийден немесе фанерадан жасайды. Жиналмалы үстелді жасауға металды
пайдалану жоғары беріктік қасиет бергенімен, металл жылуды жақсы өткізетін
болғандықтан, ол тез жылып немесе жылдам салқындап,қолданушыға жағымсыз әсер
қалдыруы мүмкін. Пластикер жиналмалы үстел жасауда кеңінен қолданылады. Оның
кемшіліктеріне беріктігінің төмендігін және тез сынғыштығын жатқызуға болады.Ағаш –
ноутбукқа арналған жиналмалы үстел жасауда қолданылатын, өте сирек кездесетін
материал. Бекітпе, тірек және кейбір басқа да компоненттері металлдан
жасалады.Ноутбукқа арналған ағаш үстелді сирек кездеседі.Ағаш, матриал ретінде
беріктігі жағынан металдан кем түспейді жәнеде пластмассамен салыстырғанда
экологиялық таза өнім болып табылады.
Ноутбукка арналған үстелдің маңызы, түрлері және жасалатын материалдардың
артықшылығы мен кемшілігі сараланып, арнайы жиналмалы ағаштан үстел
жобаланды.Төменде 2-ші суретте ноутбукка арналған жиналмалы ағаш үстел көрсетілген.
159
2 – сурет. Ноутбукқа арналған жиналмалы ағаш үстел
Техникалық мінездеме:
-
материал — ағаш;
-
ноутбукқа арналған тұғыр — бұрыш бойынша реттелгіш;
-
тышқанға арналған жұмыс орны — реттелмейтін, стаканға арналған ойық;
-
ноутбукқа арналған желдеткіш — белсенді, 2 желдеткіш;
-
желдеткіштің қоректенуі — USB-арқылы ноутбуктан;
-
жайылған түрдегі габариттік өлшемі — 55x35 см;
-
үстелдің биіктігін реттейтін ауқым —25 – 33см;
-
салмағы — 2,8 кг.
Жасалған ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің артықшылығы:
-
жиһаз ағаштан дайындалғандықтан сәнді көрінеді және экологиялық таза болып
табылады, сондықтан сапасына қарай таңғы асқа арналған үстел ретінде де пайдалануға
болады;
-
үстелдің аяқтары әртүрлі қозалғалмалы конструкциялы, ұзындықтарын 25 – 33
сантиметр диапозон аралығында өзгертуге болады. Бұл үстел әртүрлі биіктіктегі
адамдарға, ноутбукты кез – келген жерге орналастыруға қолайлылық туғызады;
-
кез –келген жағдайға реттелетін үстелдің үстіңгі қабаты ноутбукпен жұмыс
жасау барысында жатыпта пайдалануға жағдай туғызады, және де кітапқа арналған тұғыр
ретінде қолдануға болады;
-
әртүрлі ұсақ – түйекке арналған қозғалмалы жәшік қарастырылған;
-
үстелдің беткі қабатында ноутбукты қызып кетуден сақтайтын екі желдеткіш
орнатылған. Желдеткіш қосымша токты қажет етпейді, ол USB арқылы ноутбукқа
жалғанады;
-
үстелдің тағы бір артықшылығы, төрт аяғының болуы, ол өз кезегінде өлшемді
үстелдер сияқты аударылып кетуден сақтайды. Сонымен қатар оның аяқтары жиналады,
үстелдің биіктігін кішірейтеді, нәтижесінде сізге ноутбукты тасымалдауда, сақтауда
қолайлылық туғызады. Үстел жайылған түрде ноутбуктан сәл ғана үлкен, сондықтан
ешбір кедергісіз кез – келген сөмкеге сиып кетеді.
-
ноутбуқа арналған жиналмалы үстелді ноутбукты қарау кезінде немесе мәтінді
теру кезінде пайдаланушы өзінің ыңғайына қарай бұру үшін, бұрыштық иілімі бар.
Қорыта айтар болсақ, ноутбукка арналған жиналмалы үстел жұмыс жасауға
қолайлы, тасымалдауға ыңғайлы. Бұл жиһаз компьтермен жұмыс жасау талаптарына сай
жасалып, ноутбукпен жұмыс жасауды қауіпсіз, әрі жеңіл етеді [4].
Әдебиеттер тізімі:
5.
Денсаулықжорналы №30 (15592) 3 сәуір, сейсенбі 2010
160
6.
Буйских Ю.Б. Конструирование мебели. Чертежи к пособию (Оқулық).-
Москва,2001.400б.
7.
Бабенко Д.И. Мебель своими руками (оқулық) – Астана, 2015.444б
8.
Бутенко Э.Д. Встроенная мебель своими руками. Шкафы, шкафчики, полки
(Оқулық).- Алматы,2002.344б.
ОӘЖ:
372.8
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МАҢЫЗЫ
Дүйсенбай А.С., қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс
студенті, ғылыми жетекшісі: Алиева Д.А., педагогика ғылымдарының
магистрі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Ғылыми мақалада қазақ тілі сабағында қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар жайлы
жазылған.Мақаланың кіріспе бөлімінде модульдік оқыту технологиясы мен дамыта оқыту технологиялары
туралы теориялық мәлімет беріліп, оларды қазақ тілі сабақтарында жаттығулар жүргізу арқылы жүзеге
асыру жолдары көрсетіледі.
В статье рассказывается представлены инновационные технологий, используемые на уроках
казахского языка. В начале статьи дается теоретическая информация о модульной и развивающей
технологии обучения ио способах их применение на уроках казахского языка.
Kazakh language lesson of scientific articles written about the new innovative technologies. The
introductory section of the modular technology and given information about learning technologies to develop
theoretical and ways of implementation through training Kazakh language lessons.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Осы міндеттерді іске асыру
мақсатында білім беру саласы қызметкерлерінен оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі
жетілдіріп отыруын, сондай-ақ қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды
меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын педагог-
зерттеуші оқытушы болуын қажет етіп отыр.
Инновациялық технологиялар тілдік білім сапасын арттырып, қарым-қатынаста
еркін қолдана алу мүмкіндіктеріне жол ашады: әр сабақта қазақ тілін игертуге қатысты
интерактивті әдістерін қолдану; әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру,
қазақ тілді үйренуге деген ынтасына, зейіні, қызығушылығына көңіл аудару; міндетті
деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; инновациялық
технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, жаңа заман жағдайына бейімдейді.
Елбасымыздың жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру
капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе
алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады» – деп қазіргі кезде өзекті
мәселе болып отырған, сапалы білім беруге ерекше назар аударған еді.
Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары жақсы нәтижелерімен белгілі бола
бастаған жаңа педагогикалық технологиялар баршылық. Соның ішінде төмендегілерді
атап айтқымыз келеді:
- дамыта оқыту;
- деңгейлеп оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту;
- проблемалық оқыту;
- қатысымдық технологиясы;
- сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
- сатылай комплексті талдау;
- жобалау технологиясы;
161
- тірек сигналдары технологиясы;
- саралап даралап оқыту.
Қазіргі жаңа технологиялардың алдарына қоятын мақсаты – тілдің дербес
ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше ізденуін, шығармашылығын арттыруды
көздейді. Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады.
Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар.
Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.[1;6]
Оқытудың жаңа технологияларының бірі – модульдік оқыту технологиясы. Оқу
процесін модульдік принцип негізінде ұйымдастыру дегеніміз – ол оқу жылын модульге
бөлу, яғни оқу пәнін ірі тарауларға бөліп, сонымен қатар әр тараудың мазмұны, білімі мен
ептілігі анықталып, сол модульді меңгеруге қажетті бақылау және орындалған жұмыс
туралы есеп беру әдістерін қарастырады. .[ 1;13]
Қазақ тілін оқытуда модульдік технология элементтерін қолданудың тиімділігіне
тоқталсақ: біріншіден, білім деңгейі әр түрлі оқушылармен жеке тұлғалық жұмыс
ұйымдастыру жүйесін жүргізуге бағытталады; екіншіден, оқу үрдісінде оқушы әр деңгейлі
жұмыстарды таңдауда, бағаланатын тапсырмаларда айқындауда, жоғары ұпаймен
бағаланатын күрделі тапсырмаларды орындауға, қорытынды бақылау тапсырмаларына
алдын ала дайындалуға мүмкіндік алады; үшіншіден, технологиялық картада күрделі
тапсырмаларды, сөздік қорын қолдану арқылы оқу үрдісінің тиімділігі жоғарылайды.
Модульдік оқыту жүйесінде іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы аса зор.
Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай
сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын
арттырады., өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік оқыта-
үйрету ойын сабақтарын өткізу 3 кезеңнен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |