Международная академия аграрного образования костанайский филиал маао


ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ СӨЙЛЕНІСТЕРІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРГЕ



Pdf көрінісі
бет24/35
Дата27.03.2017
өлшемі8,05 Mb.
#10578
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ СӨЙЛЕНІСТЕРІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРГЕ 
ҚАТЫСТЫ ДИАЛЕКТИЗМДЕР 
 
 
Оңалбаева К.Е., қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенті, ғылыми 
жетекшісі: Есіркепова К.Қ., филология ғылымдарының кандидаты, доцент, АМА 
қауымдастырылған профессоры Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Ғылыми  мақала  қазақ  диалектологиясындағы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Сарыағаш  ауданы 
тұрғындарының  cөйленістеріндегі  ерекшеліктерге  қатысты  диалектизмдердің  стильдік  қызметін  ашуға 
арналады. Мақаланың кіріспе бөлімінде диалектологияға қатысты ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу 
жасалып, мысалдармен дәлелденген. 
В  статье  рассматриваются  особенности  диалектического  стиля  в  разговорной  речи  жителей 
Сарыагашского района Южно-Казахстанской области. В начале статьи исследованы научные труды ученых 
диалектологов, диалекты проанализированы с помощью диалектологического словаря. 
Kazakh scientific articles dialektologiychin the population of the District of South Kazakhstan region with 
respect to the exceptions speeches dedicated to the opening of the dialektizm style. The introductory section of the 
articleincludes an overview of the work of scientists, examples of proven.  
 
Диалектология - тiл  ғылымының  бiр саласы  болып  қалыптасуымен  байланысты  
оның маңызы артып, зерттеу обьектiсiнiң шеңберi кеңейе түстi. Зерттеу iсi халық тiлiндегi 
ерекшелiктердi жинаумен, анықтаумен тынбай, тiл тарихын  жасауда да ойдағыдай  роль 
атқарады.  Зертеу  керек  объектiсiнiң  саралануына  және  сипатына  қарай  диалектология  – 
сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып екi салаға бөлiнедi. 
Сипаттама  диалектологияның    мiндетi  –тiлдегi  диалектiлер  мен  говорлардың 
дыбыстық  грамматикалық  және  лексикалық  құрылысын  сипаттау,  сол  туралы  жүйелi 
түсiнiк беру.  
Тарихи  диалектологияның  мiндетi  -  тiлдегi    диалектiлер  мен  говорлардың, 
диалектiлiк  ерекшелiктердiң пайда  болу сырын, тарихын зерттеу. Диалектологияның  бұл  
ек  саласы бiр - бiрiмен тығыз   байланысты [1, 7 б.].  
Қазақтың халық тілі мен ауыз әдебиет үлгілерінен жиналған материалдарды және 
қазақ  тілінің  тарихын  зерттеу  нәтижесінде  Сәрсен  Аманжолов  қазақ  тілінде  үш  диалект 
бар деген қорытындыға келді. Олар: а) оңтүстік диалектісі – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік 
Қазақстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын 
қамтиды;  ә)  батыс  диалектісі  –  Батыс  Қазақстан,  Атырау,  Ақтөбе  облыстарын  және 
Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды; б) 
солтүстік  –  шығыс  диалектісі  –  Ақмола  (қазіргі  Астана),  Павлодар,  Семей,  Шығыс 
Қазақстан,  Көкшетау,  Қарағанды,  Солтүстік  Қазақстан  облыстарын  және  Қостанай  мен 
Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды [2, 34 б.]. 
Зерттеуші-ғалым Р.Үрімова өзінің  2009 жылы қорғаған Қазақ тілінің аймақтық 
мақал – мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқұрылымдық сипаты”  кандидаттық 
диссертациясының Қазақ тілінің аймақтық мақал – мәтелдері мен фразеологизмдері” 
атты тарауының Қазақ тілінің аймақтық мақал – мәтелдері мен фразеологизмдерінің 
зерттелу  жайы”  деп  аталатын  бөлімінде  диалектілік  фразеологизмдердің  зерттелуі 
жайында  айтып  өтеді.  Қазақ  диалектологиясында  тұрақты  тіркестерге  алғаш  көңіл 
аударып,  олардың  жеке  аймақтарға  тән  сипаты  профессор  С.Аманжоловтың, 
Ж.Досқараевтың  еңбектерінде  ашылып  көрсетілді.  Диалектілік  фразеологизмдер  туралы 
ой  –  пікірлердің  жалғасы  Қостанай  қазақтарының  тілдік  ерекшеліктерін  зерттеген 
А.Байжоловтың  (1963),  Орда  қазақтарының  тілдіr  ерекшеліктерін  зерттеген 
Ә.Бөрібаевтың  (1964),  Маңғыстау  сөйленісіндегі  тұрақты  тіркестерді  зерттеумен 
айналысқан 
С.Омарбековтің 
(1965), 
жоғары 
оқу 
орнына 
арналған 
‟Қазақ 

175 
 
диалектологиясы”  оқулығындағы  құрамында  әдеби  тілде  жоқ  сөздер  кездесетін  тұрақты 
тіркестерге  ерекше  тоқталған  Ғ.Қалиев  пен  Ш.Сарыбаевтың  (1991),  қазақ  тілі 
сөйленістерінің  батыс  тобындағы  аймақтық  сөз  тіркестерін  синтаксистік  ерекшелік 
ретінде  көрсеткен  Ә.Нұрмағамбетовтің  (1974),  оңтүстік  сөйленіске  жататын  Түркістан 
тұрғындарының  ерекшеліктерін  қарастырған  Б.Жүсіпованың  (2003)  еңбектерінде 
берілген.  Сонымен  қатар,  Қ.С.Қалабаева  (1997),  М.Атабаева  (2006)  еңбектерінде 
диалектілік фразеологизмдерге жүйелі талдау жасалған.  
М.Атабаева  диалектілік  фразеологизмдер  жайында  былай  дейді:  ‟Диалектілік 
фразеологизмдер  пайда  болу,  жасалуы  жағынан  алғанда,  тілдің  тарихымен  өзектес, 
сондықтан диалектілік фразеологизмдерді жинау, зерттеу, сипаттау аймақтық лексиканың 
құрамы мен көлемі мәселесін ғана шешпейді, біріншіден, диалектілік тұрақты тіркестер – 
тіл  тарихына  қатысты  шешімі  табылмай  жүрген  сұрақтардың  жауабын  табуға  септігін 
тигізе алатын сенімді дереккөз, олардың бойында дыбыстық, грамматикалық құрылыстың 
көне элементтері тұнып қалған. Екіншіден, диалектілік фразеологизмдер бойынан аймаққа 
тән  сөзжасам  және  сөздердің  түрлену  жүйесі  айқын  көрінеді,  үшіншіден,  диалектілік 
тұрақты  тіркестер  әдеби  тілдің  фразеологиялық  құрамын  байытуға  азды  –  көпті  үлес 
қосады,  төртіншіден,  фразеологиялық  тіркестер  семантикасы  ауқымды,  терең,  олардың 
мазмұнында этностың рухани мәдениетінің айшықты мағлұматтары жинақталған” [3, 9  – 
10 б.]. 
Зерттеуші-ғалым  Б.Өтебеков  өзінің  «Ауған,  Иран  қазақтарының  тіліндегі 
жергілікті  ерекшеліктер» атты кандидаттық диссертациясында диалектілік тұрақты сөз 
тіркестеріне  де  тоқталып  өтеді.  Зерттеліп  отырған  говорда  әдеби  тілмен  және  басқа 
говорлармен  ерекшеленіп  келетін  сөз  тіркестері  кездеседі.  Жеке  тұрғанда  олардың 
құрамындағы  кейбір  сөздердің  мағынасы  анық,  түсінікті  болып  келсе,  басқаларының 
мағынасы түсініксіз. Осыған орай екі топқа бөліп қарастырылады: 
1.Білдіретін мағынасын құрамындағы сөздердің лексикалық мәні арқылы білдіруге 
болмайтын  тіркестер.  Бұл  топтағы  сөз  тіркестерінің  мағынасы  құрамындағы  жеке 
сөздердің  лексикалық  мәніне  қатысы  болмайды.  Мысалы:  әвел  келу-озып  келу,  бірінші 
келу;  бақышшылық  қылу-көре  алмау;  бедім  келу-жиіркену;  гөзәрәң  қылу-өмір  сүру, 
тіршілік жасау. 
2. Білдіретін мағынасына құрамындағы сөздердің лексикалық мәні белгілі дәрежеде 
қатысты  болып  келетін  сөздер.  Олар  мыналар:  ақыға  жету-қарызын  қайтарып  алу; 
ауанында болу-жанында болу; жасы ұзаю-қартаю, жасы келу; жүрегі босау-көңілі босау; 
жүрегі қалу-көңілі қалу; ізін алу-соңынан түсу; ісін басу-шара қолдану, тәртіпке шақыру; 
төрт көзі тоқсан болу-сағыну т.б.[4, 26 б.]. 
Зерттеуші-ғалым  Жүсіпова  Бибихадша  өзінің  «Түркістан  тұрғындары  тілінің 
ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясында былай жазды: «Ғылыми еңбектерде, 
энциклопедиялық  және  лингвистикалық  сөздіктерде  кәсіби  лексика  және  оның 
диалектизмдермен  ұқсасы  мен  айырмашылығы  жайында  пікірлер  айтылып,  оның 
анықтамасы берілгені мәлім. Кәсіби сөздер мен диалектизмдердің ұқсастық жағы олардың 
таралу  шегі  болатындығында.  Кейбір  кәсіби  сөздер  бір  –  екі  не  бір  облыс  көлемінде 
қолданылса, біразы тар аумақта ғана қолданылады» [5, 12 б.]. 
Киім-кешекатауларынабайланыстысөздер: 
1.
 
Нымша – жеңсіз, қысқа, денеге кептеліп тұратын әйел-қыздаркиімі (Өзб., Ташк.; 
Тәж.) 
2.
 
Бөкебай – жүннен тоқылған қалың орамал түрі. 
3.
 
Қалпақ – қыста киетін қалың бас киім. 
4.
 
Айырқалпақ – қазақша бас киім. (Гур.: Маңғ., Шевч.) киізден жасалған бас киім. 
Адайларда айырқалпақ бас киім бар (Гур., Шевч.). 
Ыдыс-аяққабайланыстыатаулар: 
5.
 
Кепкір, кәпкір – қою тамақты араластыратын құрал. 
6.
 
Шолпы, нан шәуле – қамыр сүзетін ыдыс. 

176 
 
7.
 
Шара, керсен – үлкен табақ түрі. 
8.
 
Шөміш – су ішетін ожау. 
9.
 
Тостақ – кішкентай табақ.  
10.
 
Майлық – дастарқанды сүртетін орамал. 
Мал шаруашылығына байланысты сөздер: 
11.
 
Кебек – малға су араластырып берілетін жем. 
12.
 
Балахана – шөп жинайтын биік баспана. 
13.
 
Ат  тақыр,  ақыр  –  малға  шөп  салып  беретін  цементпен  немесе  ағашпен 
қоршалған орын.  
14.
 
Бұқа – еркек мал. 
Егін шаруашылығына байланысты сөздер: 
15.
 
Кетпен – жерді шабуға арналған құрал. 
16.
 
Бесақа – тармақты айыр. 
17.
 
Сәмек – шөптің бүр түрі (мысыққұйрық). Әй бұзауға сәмек алу керек (Шымк., 
Мақт.). 
18.
 
Қойтікен – шөптің бір түрі, отын ретінде пайдаланылады. 
19.
 
Бәдіреңді  бәшкилеу  –  екі-үш  күндеқиярдың  жанынан  өскен  күш-қуат 
бермейтін өзегін қырқып отыру. 
20.
 
Шырмауық  –  шөптің  түрі.  Өсімдікке  шырмалып,  шатасып  өсетін,  өсімдікті 
өлтіретін сары, жасыл шөп.Кетпен – жерді шабуға арналған құрал. 
Күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер: 
21.
 
Қорған – есіктің алды. 
22.
 
Шашық – сүлгі. 
23.
 
Арық, әуіз – суландыру жүйесіндегі шағын су жолы.  
24.
 
Қорған  сыпыртқы  –  есіктің  алдын  сыпыратын  үлкен  жасыл  өсімдіктің  пісіп, 
сарғайған түрі.  
25.
 
Қораша – үйді айналдыра еккен өсімдік.  
Қорытындылай  келе  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  сөйленісінен  жиырма  бес 
диалект сөз теріліп, лексикалық ерешеліктеріне қарай топтастырылды. 
 
Әдебиеттер тізімиі: 
 
1.  Ғ. Қалиев,Ш. Сарыбаев «Қазақ  диалектологиясы» Алматы 2002 ж. 
2.  Оразалин С.Қ., Ғафурова Ж.Қ. С.Аманжоловтың ғылыми мұрасы және қазақ тіл 
білімі: оқу - әдістемелік құрал. Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы, 2006 - 
96 бет. 
3. Үрімова Р.К. Қазақ тілінің аймақтық мақал – мәтелдері мен фразеологизмдерінің 
этноқұрылымдық  сипаты  Филология  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу 
үшін дайындалған диссертация авторефераты, Алматы : 2009 – 29 бет. 
4.  Өтебеков  Балтакесті  «Ауған,  Иран  қазақтарының  тіліндегі  жергілікті 
ерешеліктер»  филология  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған диссертацияның авторефераты.  Алматы,1998. – 28 бет. 
5.  Жүсіпова  Бибихадша«Түркістан  тұрғындары  тілінің  ерекшеліктері»  филология 
ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертацияның 
авторефераты. Астана,  2004. – 34 бет. 
 
 
 
 
 
 

177 
 
ОӘЖ: 37.01  
А. БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰЖЫРЫМДАРЫ 
 
Панияз Т. 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Мақала  А.Байтұрсыновтың  Қазақстан  тәуелсіздігіне  қатысты  идеялары  мен  тұжырымдарына  және 
оның қазіргі кезең жағдайындағы көкейтестілігіне арналған. 
Статья  посвящена  анализу  идей  А.Байтурсынова  о  независимости  Казахстана  и  актуальности  его 
воззрений в условиях современности. 
The article is devoted to the analysis of A.Baytursinov’s  ideas about the Independence of Kazakhstan and 
the novelty of his views in temporary conditions. 
 
XX  ғасырдың  басында  алдыңғы  қатарлы  қазақ  зиялылары  өздерінің  саяси 
қызметінде  ұлттық  сондай-ақ  жалпы  азаматтық  құндылықтарды  қорғауды  басты  мақсат 
деп  білді.  Ел  басына  күн  туған  алмағайып  уақытта  ұлт  тағдыры  үшін  жанын  шүберекке 
түйіп,  арманын  ұлт  тәуелсіздігіне  балаған  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  Ә.Бөкейханов, 
М.Шоқай,  Х.Досмұхамедов  сынды  қазақтың  көрнекті  қайраткерлерінің  шоқ  жұлдызы 
қазақ  аспанында  жарқырай  көрінді.  Олар  өз  халқына  тәуелсіздік  және  отаршылдық 
құлдықтан  азаттық  алу  жолындағы  күреске  біржола  бел  шеше  кірісті.  Қазақ 
зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашуы үшін оның бойында 
білімге  деген  құштарлықты  ояту,  сауатсыздықты  жою  тәуелсіздікке  апарар  тура  жол 
екендігін түсінді. Бұл жолда А. Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары өздерінің қиын да 
күрделі бүкіл қоғамдық-саяси қызметін Ұлы мұрат - Тәуелсіздікке арнады. Ұлт зиялылары 
қазақ қоғамында қоғамдық саяси сана мен ұлттық қозғалыстың қалыптасуына тікелей әсер 
етуге  көшті.  Олардың  белсене  таратқан  саяси  идеялары  қазақ  қоғамының  оянуына 
жәрдемдесіп,  халықтың  саяси-құқықтық,  мәдени-эстетикалық,  санасы  мен  ой  -  өрісінің 
дамуына  жол  сілтеді  [1,  724  б].  Ел  болып,  етек  жеңін  жиып,  тәуелсіздікке  қол  жеткізу 
жолында  жасалатын  қам-қарекеттердің  негізгілері  оқу-білім,  ұлттық  рух  пен  мәдениет, 
салт-сана, ұлттық тіл мен тәрбие, ұлттық баспасөз бен қарулы күштер т.б. екендігі белгілі. 
Қазақ зиялылары, әсіресе патша өкіметін құлатып, Ресейде және оның ұлттық отар 
аймақтарында  ерекше  саяси  жүйені  тудырған  1917  жылғы  Ақпан  төңкерісін  зор 
қуанышпен  қарсы  алып,  осы  төңкеріс  ала  келген  демократиялық  өзгерістер  лебімен 
қанаттанып,  қазақ  арасында  мәдени-ағарту  жұмысын  жандандыруға  күш  салды.  Бәрінен 
бұрын  қазақ  жерінде  кенже  қалып  келе  жатқан  оқу  жайын  жолға  қоюға  зор  талпыныс 
жасады.  Бұл  мәселелерде  ұлт  зиялыларының  көшбасшысы  болған  А.Байтұрсыновтың 
орны ерекше дараланып тұр. «Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай 
жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен 
екенін  көріп  тұрмыз.  Оқусыз  халық  қанша  бай  болса  да,  біраз  жылдардан  кейін  оның 
байлығы  өнерлі  халықтардың  қолына  көшпекші»-деп  жазды  А.Байтұрсынов  [2,  57  б]. 
Яғни,  бүгінгі  тәуелсіз  Қазақстан  жағдайында  бәсекеге  қабілетті  дамыған  елдердің 
қатарына  ену  үшін  қанша  жер  асты  байлығмыз  болса  да  ғылымды,  ең  алдымен  мықты 
білім  мен  технологияны  игерудің  аса  қажетті  екендігін  XX  ғасыр  басында 
А.Байтұрсыновтың  аса  көрегендікпен  айтқан  ойларының  бүгінгі  күнмен  үндесіп 
жатқанын аңғарамыз. Қазіргі кезде әлемдік саясатта бірінші орында әскери күш-қуат пен 
экономикалық  байлық  емес,  ақпараттық-технологиялық,  білім  байлықтың  алдыңғы 
орынға  шыққаны  айтпасақ  та  түсінікті  болар.  Осынау  мақсаттарға  жету  үшін  халықтың 
өзіндік жазуы, қажетті оқу құралдары, ұлттық мектептері болуы керек. Оларды жолға қою 
ең  алдымен  ана  тіліміздің  мәселелерімен  айналысуға,  оны  оқу  пәні  дәрежесіне  көтеруге 
ден  қойып,  қазақ  тілі  мен  әдебиетінің  теориялық  негізін  қалаған  да  А.Байтұрсынов 
болатын. Өйткені тіл барлық істің басы, онсыз ешбір білімнің дамуы мүмкін еместігін ол 
өз  уақытында  көре  білді.  Бүгіндері  ана  тіліміздің  биік  дәрежесін  көтеруде  Ахметтің  тіл 
мен  әдебиет,  баспасөз  турасында  айтқан  пікірлерін  ескеріп,  ел  азаттығының  идеялық 

178 
 
тұғырнамасын  баспасөзде  бірізді  тиянақты  жасаудың  уақыты  пісіп  жетілгенін,  ұлттық 
идеологияны  толық  қалыптастырудың  кезі  келгендігін  сезінгендейміз.  Ұлтты  ұйытып, 
санаға  серпіліс  әкелетін  «Қазақ»  сияқты  ұлттық  намысты  ту  етер  тәуелсіз  баспасөзді 
өркениетті  тұрғыда  қалыптастыру  бүгінгі  қазақ  қоғамы  үшін  әлі  де  өте-мөте  маңызды 
болып қала берері хақ. 
«Басқа  жұртпен  араласқанда  өз  алдына  ұлт  болып,  өз  алдына  тілі  бар,  өз  тілінде 
жазған  сөзі  бар  жұрттар  ғана  тұрады.  Өз  тілімен  сөйлескен,  өз  тілімен  жазған  жұрттың 
ұлттығы  еш  уақытта  адам  құрымай  жоғалмайды.  Ұлттық  сақталуына  да,  жоғалуына  да 
себеп  болатын  нәрсенің  ең  қауіптісі  -  тіл,  сөзі  жоғалған  жұрттың  өзі  де  жоғалады.  Өз 
жұртынан басқа жұртты қысамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін тоздыруға тарысады»-
деп,  ұлт  тірегі  тіл  екенін  сол  кездің  өзінде  айтып  кеткен  болатын  [3,  80  б].  Бүгінгі 
мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  асқақтата  биік  көтере  түсу  тәуелсіздігімізді  марқайтудың 
басты  бір  белгісі  ретінде  қарастырғанымыз  жөн.  Сонымен  бірге  ұлт  мәселесін  бес 
саусағындай  білетін  А.Байтұрсыновтың  Халық  ағарту  комиссариаты  болып,  қазақ 
баспасөзінің ұйтқысы, ұлт мүддесін қызғыштай қорғайтын қазақ зиялыларының топтасып 
алаңсыз  жұмыс  істеуіне  жағдай  туғызып,  ұлт  бірлігін  сақтауға  шақырады.  Ол  ұлттың 
түпкі мүддесінде  Ресейден бөлініп тәуелсізденуіне жетуін ойлай отырып, ұлттық әліпбиді 
араб  қарпіне  негіздеуді  жөн  көрді.  Себебі  мұсылмандық-түркілік  әлемнен  рухани  алшақ 
кетуді жөн көрмесе керек.  
Төте жазуда болмасақ та қазіргі әліпби түзу және жазу заңдылығы А.Байтұрсынов 
ұстанған  қағидаларға  негізделген.  Ал  қазіргі  қиындықтарымыз  да  осы  А.Байтұрсынов 
көрсеткен  кейбір  ұстанымдардан  ауытқып,  кірме  дыбыстарды  әліпбиге  талғаусыз 
қабылдап,  содан  соң  кірме  сөздерді  де  өзгеріссіз  жазып,  өзіміздің  төл  сөздеріміз  бен 
терминдерімізді де ғалым көрсеткен жолмен дамыта алмауымыздан туындады. Сондықтан 
А.Байтұрсынов  ұсынған  қағидаларға  қайта  келу  керектігін  еріксіз  мойындағандықтан  да 
әліпби  өзгертуге  шешім  қабылдап  жатырмыз.  Ертең  латын  аліпбиіне  өткен  кезде  де 
А.Байтұрсынов ұстанған қағидаларды басшылыққа алуға тура келеді. Бұл бүгінгі тәуелсіз 
Қазақстан  жағдайында  латын  әліпбиіне  көшуді  шынайы  қолға  алған  тұста  және  әлемдік 
ақпаратттық көшке ілесу мәселесінде де өз маңыздылығын жоймақ емес. 
А.Байтұрсынов  қазақ  балаларының  ана  тілінде  сауат  ашуына  да  бар  күш  жігерін 
жұмсады.  1905  жылы  26  шілдеде  А.Байтұрсынов  бастаған  қазақ  зиялылары  Ресей 
империялық  министрлер  кеңесінің  Төрағасына  петиция  жазады.  Онда  айтылған 
талаптардың бастылары: «Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін 
ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін» 
деуі  болашақ қазақ мемлекетінің іргетасы қазақ мектебінен басталатынын көрегендікпен 
меңзеп көрсеткенін аңғарамыз [4, 90 б]. А.Байтұрсыновтың жоғарыда айтылған ой пікірі 
кезінде  замана  жүгін  арқалап,  қазақы  қаны  бар  жанның  санасына  күйдіріп  басқан  оттай 
әсер  еткені  ақиқат.  Ол  сонымен  қатар  оқу,  оқыту,  білім  берудің  мемлекеттік  деңгейдегі 
отарлау  жүйесі  тұтынған  мақсат-мұратының  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік-рухани  сыр 
сипаттарын үнемі ашық әшкерлеп отырған. Кеңестік кезеңде бойымызға батпандап кірген 
отарлық  санадан  арылуда  алі  де  болса  А.Байтұрсыновтың  айтқан  жоғарыдағы  ой-
пікірлерін тағы бір сараласақ артық етпейді.  
«Қазақ  деген  қашаннан  өз  алдына  ел  болып  Еділден  Ертіске,  Оралдан  Ayғанға 
дейін  тұтас  тұрған  халық  еді.  Арамызға  түрлі  жұрт  кіріскенде  солармен  қатар  атымыз 
жоғалмай, қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Осы - бізді төсекте төңбекшітіп, ұйқымызды 
бөлетін  нәрсе»-деп  жазды  [5,  80  б].  Қазіргі  түрлі  саладағы  интеграция  мен  жаһандану 
үрдістерінде,  түрлі  саяси-идеологиялық  тасқындар  аясында  ұлт  болып,  мемлекет 
тәуелсіздігін сақтап қалу жолында арқа сүйер алтын арқауымыз тіл, діл, дін, тарих, салт-
сана,  соларды  тең  ұстасақ  тәуелсіздігіміз  баянды  боларын  кезінде  ұлы  Ахаң  дөп  басып 
айтқан  еді.  «Қазақ  басқадан  бұрын  бас  қамын  ойлау  керек.  Мемлекет  дүкенін  құрып, 
тәртібін түзеп, дәурен сүріп тұрғанда мемлекет ішіндегі адамның, халықтың мал басының  
тыныштығын мемлекет сақтайды. Мемлекет дүкені бұзылып, тәртібі жоғалған кезде жол 

179 
 
жоғалады. Жол орнына күш жүреді. Кім күшті болса, сол басын қорғай алады. Күші жоқ 
болса,  мал-  мүлкі  түгіл  басына  да  ие  бола  алмайды»  деп,  күшті  басқару  аппаратына  
сүйенген  мықты  мемлекет  пен  қарулы  күштерді  құруды  армандады  [6,  78  б]. 
А.Байтұрсынов бастаған зиялылар ұсынған алаш әскерін құру автономияға яғни тәуелсіз 
мемлекет құруға барар алғашқы қадамдардың бірі болды. Сөйтіп ғасыр басында қазақтың 
тұрақты  әскерін  құруға  талпыныс  Қазақстан  тәуелсіз  ел  болған  қазіргі  кезде  толық  іс 
жүзіне асырылып отыр. 
Көзі  тірісінде-ақ  ұлт  көсемі  ретінде  танылған  А.Байтұрсынов  болашақ  қазақ 
мемлекетін құру жолында ұлттық мектеп, ұлттық әскер құру, қазақты жерге орналастыру, 
сауда-саттық  пен  өнеркәсіпті  ұйымдастыру,  жастарды  тәрбиелеу  сияқты  сан  түрлі 
мәселелермен  айналысты.  Ол  көтерген  мәселелер  бүгіндері  қалыптасқан  тәуелсіз 
мемлекетті  сапалы  құру  жолында  алдымыздан    көлденең
 
  отыр.  Тәуелсіздік  жолында 
атқарылып жатқан игі істер Ахмет арманының жалғасы іспеттес деуге әбден болады. Бұл 
күндері басымыздан өткеріп жатқан саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық өзгерістер 
мен демократиялық қоғам орнату барысындағы қиындықтар мен оларды шешу жолдарын 
бір ғасырдай бұрын А.Байтұрсынов болжап, айтып кеткен болатын. Оның ұлт болашағы 
жайлы  айтқан  ойлары  мен  пікірлері  қазіргі  тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  іргетасы, 
тұғыры болып табылатыны сөзсіз. 
                         «Тән көмілер, көмілмес, еткен ісім
                         Ойлайтындар мен емес бір күнгісін, 
                         Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын, 
                         Ел  бүгіншіл,  менікі  ертеңгі  үшін»-деген  мұңы  бүгінгі  күнмен 
ұштасып  жатыр  [7,  222  б].  Сондықтан  тәуелсіздік  пен  ұлт  тағдыры  жолында  қызмет 
қылған  алыптарымыздың  іс-әрекеті  мен  өнегелі  ғұмырын  әспеттеу,  оны  жас  ұрпақтың 
бойына сіңіру отаншылдық, ұлттық сезімді қальптастыруда ерекше маңызды екені даусыз. 
Олар тәуелсіз мемлекетті асқаралы биіктерге жетелеуге көмектеседі. Ахаң бастап берген 
ұлттық  либералды-демократиялық  бағыттар  мен  ұлттық    құндылықтар  бүгінгі  күні 
тәуелсіз  Қазақстанның өркениетті  мемлекет  құру  жолындағы  бағдаршамы  ретінде  заңды 
жалғасын тауып отыр. Лайым солай болғай! 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1. Қазақстан тарихы. III том. -А., -2002. 724 б. 
2. //Ақиқат. №4. -2005. 57 б.  
3. //Ақиқат. №4. -1998. 80 б. 
4. //Ұлт тағылымы. №1. -2003. 90 б. 
5. //Ақиқат. №4. -1998. 80 б. 
6. //Ақиқат. №1. 1998 ж. 78 б. 
 
 
УДК 7.03   
ПРИРОДА-ИСТОЧНИК ВДОХНОВЕНИЯ 
 
Рекичинская И.С. 
Костанайский ГУ «Средняя школа №6 отдела образования  
акимата города Костаная» 
 
Целью данной работы является
 
раскрытие значения удивительной красоты природы, как источника 
вдохновения, для создания художественных произведений искусств.  Ознакомление с творчеством местных, 
Костанайских художников  –  пейзажистов  дает возможность  увидеть  неповторимость  красоты  природы, ее 
вдохновляющую силу  на  духовное  развитие  подрастающего поколения,  учит  красоте, доброте, бережному 
отношению к ней.  

180 
 
The aim of this work is to identify the amazing beauty of nature as source of inspiration, to create artistic 
works of art. Familiarization with the  work of local, Kostanay landscape painters gives you the opportunity to see 
the  unique  beauty  of  nature  and  its  inspiring  effect  on  the  spiritual  development  of  rising  generation,  teaches  the 
beauty, kindness, respect for her 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет