Международная академия аграрного образования костанайский филиал маао



Pdf көрінісі
бет22/35
Дата27.03.2017
өлшемі8,05 Mb.
#10578
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35

1  кезең.  Дайындық  (рөлдерді  бөліп  беру,  оқушыларды  топтарға  бөлу, 
проблемаларын алдын- ала таныстыру, қажетті материалдарын жинау). 
2  кезең.  Ойын  кезеңі  (оқушылар  жасаған  хабарламаларды  тыңдау,  пікірталас 
жасау, қабылданатын шешімді қабылдау). 
3 кезең. Қорытындылау (проблемаларды шешудің тиімді жлолдарын іздестіру). .[ 
2 ; 6] 
Дәстүрлі  түрде  ұйымдастырылған  оқуға  қарағанда,  ойын  арқылы  оқыту  үрдісінде 
оқушылар аз шаршайды және көп мағлұмат алады.ойын барысында жағымды эмоциялар 
алып,  белсенділігі  артады,  сөздік  қоры  дамиды,  жеке  тұлғаның  қажеттіліктерін 
қанағаттандырады. 
Ұсынылған  іскерлік  ойындарды  педагогтің  кәсіби  шеберлігін  дамытуда, 
құзырлығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге болады..[2; 8] 
Қазақ  тілі  пәнін  модульдік  оқыту  технологиясы  бойынша  оқытуда  төмендегідей 
оқыта-үйрету ойындары ұйымдастырылады: 
«Қазымыр оқушы» оқыта үйрету ойыны
 Ойынның  шарты:  оқушылар  кезекпен  бір-біріне  өтілген  тақырып  бойынша 
сұрақтар  қояды.  Неғұрлым  көп  сұрақ  қойған  оқушы  жеңіске  жетеді.  Кім  қанша  сұрақ 
қойғанынан  жаңылып  қалмау  үшін  сұрақ  қойған  оқушыларға  бірден  алдын  ала 
дайындалған текшелер беріп отыру керек. Мұғалім жауаптадың дұрыстығын қадағалайды.  
«Кім  шапшаң?»  оқыта-үйрету  ойыны.  Оқушылар  жұптасып  отырған  қалпында 
бір-  біріне  тірек  белгілер  бойынша  сөйлемдер  сызып  береді.  Енді  әрқайсысы  өзіне 
ұсынылған  тірек  белгілер  бойынша  сөйлемдер  құрауы  шарт.  Алдымен  оқушылар  бір  -
бірін бағалайды, одан  кейін мұғалім оқушылар жұмысын бағалайды. Үлгі: 
 
№1 
 
№2  
 
_________ 
======== 
_ _____ 
_._._._.__._ 
_ _____ 
_________ 
_._._._.__._ 
======== 
======== 

162 
 
 
Ойындардың тиімділігі: оқушыларды тез ойлауға, тапқырлыққа жетелейді. 
«Бастауышы біздікі, басқасы сіздікі» оқыта-үйрету ойыны. 
 «Бастауыш» тақырыбын өткенде тапсырмалық ойындар ойнатылады. 
1 тапсырма. Төменде берілген сөздерді бастауыш етіп сөйлем құраңдар: 
Біз,  төрт,  оқу,  жақсы.  Ертіс,  «Абай  жолы»  романы,  арман,  ақ,  үйрену,  өзің. 
«Балбырауын» күйі, білімді, алтауы, оқыған, бірсігүні. 
«Кім тапқыр ?»оқыта-үйрету ойыны. 
Тапсырмаларды тез әрі дұрыс орындаған балалар тапқыр бала болады.  
1  тапсырма.  Бастауыштары  құрамы  жағынан  қос  сөз,  қысқарған  сөздер  болып 
келген сөйлемдер тауып айтыңдар.  
2  тапсырма.  Өздік  жалпылауыш  ,  белгісіздік  есімдіктерін  бастауыш  етіп  үш 
сөйлем құра. 
3 тапсырма. Бастауышы күрделі етістік болып келетін сөйлем ойлаңдар. 
Ойын  тапсырмаларының  тиімділігі:  оқушылардың  логикалық  ойлауы  жетіліп,  бастауыш 
туралы түсінігі бекиді..[ 3 ; 19] 
Мұғалімнің басты ескеретіні: ойындарды ұйымдастыру барысында оқушылардың 
жас  ерекшелігі,  білім  деңгейі,  қабілеті,  мүмкіншілігіне  қарай  тапсырмаларды  жеңіл, 
күрделі етіп құру. 
Оқыта-үйрету  ойындарын  жүргізу  барысында  оқушы  мен  мұғалімнің  іс-әрекеті 
төмендегідей болады: 
 
Мұғалім іс-әрекеті 
Оқушы іс-әрекеті 
1.
 
Оқушыларды 
дербес 
таным 
іс-әрекетіне 
кіргізуші. 
2.
 
Тапсырмалар  мен  сұрақтар  әзірлеуші,  бағыт 
беруші. 
3.
 
Ортада  жағымды  ахуал  туғызушы,  оқушыны 
қолдаушы. 
4.
 
Ортақ пікірге , көзқарасқа бағыттаушы. 
5.
 
Қол жеткен нәтижені бағалаушы, саралаушы. 
1.
 
Табушы, жаңа өнім жасаушы. 
2.
 
Іздеуші, зерттеуші 
3.
 
Өз  өнімін  ортаға  салушы,  шығармашылықпен 
жұмыс істеуші. 
4.
 
Өзін-өзі, достарын тексеруші, бағалаушы. 
5.
 
Өз еңбегін саралаушы, қорытындылаушы. 
 
Қазақ тілін дамыта оқытудың әдістері  мен тәсілдерінің негізін мына тұжырымдар 
құрады: 
1. Теориялық білім мен соған қатысты біліктер арнайы оқу тапсырмалары арқылы 
меңгертіледі. 
2.Мұндай оқу тапсырмалары жалпы ұғымдар қалыптастырудың жолы мен әдістерін 
меңгертудің көзі болып табылады. 
3.Баланың оқу-танымдық әрекетінің белсенділігі, дербес әрекеті оқу тапсырмалары 
негізінде ұйымдасады..[ 4; 16] 
Қазақ  тілі  сабақтарында  дамыта  оқыту  технологиясына  негізделген 
жаттығулар жүйесі
Оқушының мазмұндық  топтастырулар жасау,  дедукцияны қолдану, рефлексиялық 
қабілетін дамытуда , яғни оқушының ізденімдік-зерттеушілік қабілетін қалыптасыру мен 
дамытуға  лайықталған  арнайы  жаттығулар  жүйесі  беріледі.  Жаттығулар  іштей 
грамматикалық-тілдік,  рефлексиялық,  сөйлеу,  ойын  жаттығулары  деп  бөлінеді. 
Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады 
[5;12] 
Грамматикалық-тілдік 
жаттығуларды 
орындау 
барысында 
оқушылар 
морфология  бөлімі  бойынша  мынадай  ізденімдік  зерттеу  міндеттерін  шешеді:  сөз 
таптарына  байланысты  тілдік  өзгерістерді  бақылайды;  сөздердің  тапқа  бөліну  қасиетін 
анықтау  үшін  тілдік  бақылаулар  жүргізеді;  сөз  таптарын  құрайтын  жекелеген  сөздер 

163 
 
мағынасының  табиғатын  тану  мақсатында  лексикалық  талдау  жасайды;  сөзднрге 
морфологиялық талдау жасайды.  
Оқушыға ұсынылатын грамматикалық-тілдік жаттығулардың кейбір үлгілері: 
1  -  жаттығу.  Төменде  берілген  сөздердің  мағыналарын  түсіндірмелі  сөздік  өолдана 
отырып анықта, дәптеріңе жаз. 
Үй, бала, ағаш, көше, білім, ұзын, үлкен, көк, жақсы, жүгір, отыр. 
Сөйлеу  жаттығулары.  Дамыта  оқыту  технологиясында  оқушылар  орындайтын 
сөйлеу жаттығулары көп.  Жұмысымызда оның кей түрлеріне тоқталайық:  
1  -  жаттығу.  Кім  шапшаң?  Бірыңғай  дауысты  не  дауыссыз  дыбыстар  әрбір 
мақал-мәтелдердің бірінші әрпі. Ойланып көр де, орнына қой. 
1.Т...- қ... ө...;  2. А... с... – а…,к… с…- к… ; 3. А... с... а... ө... ;4.Б ...б... т...; 5. Б... е... 
а... е... е... қ...; 
(Түсіндіру: С... с... ө..., т... е... ө...- Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. ) 
2  -  жаттығу.  Берілген  сөздердің  синонимдерін  тауып,  олардың  мағынасын 
анықтаңдар. 
3-  жаттығу.  Жоғарыда  берілген  сөздердің  мағынасына  қарама-қарсы  сөздер 
тауып, дәптеріңе жаз. 
Рефлексиялық жаттығулар.  
1 - жаттығу. Төменде берілген сөйлемді қысқартып, басқа түрде құруға бола ма? 
Егер болатын болса қалай құрар едіңдер? 
Бала өз көзіне сенбестен жаңағы нәрсеге қарай берді, қарай берді. 
2  -  жаттығу.  Берілген  мәтінді  оқып  шығыңдар.  Сөйлемдерде  қай  жерде  шылау 
қажетті деп ойласаңдар , сол жерге қажетті шылау түрін қойып, дәптерге жазыңдар. 
3 - жаттығу. Берілген мәтінді түзеңдер: оны қысқартып, қайталаулар мен бірдей 
сөз тіркестері мен синонимдерді алып тастаңдар. 
Осындай жеке тұлғаны қалыптастыру – оқушының ана тілі болып саналатын қазақ 
тілін дамыта оқыту әдістемесінің басты өзегі ретінде анықталады.  .[6;8] 
ҚР  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және 
азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 
қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған,  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар 
жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан 
әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі 
арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  қайта  құру,  өзгерістерге  жол  ашады  .  Сондықтан  сабақ 
барысын  жаңаша  ұйымдастырып,  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  мен  ынтасын 
арттыру керек . Жалпы, оқу процесінде инновациялық  технологияларды қолданып сабақ 
түсіндірудің  маңызы  өте  зор  және  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып, 
шығармашылық  шабытын  шыңдап,  ғылыми  көзқарасын  қалыптастырып,  білім  сапасын 
арттырып,  еңбек  нарығындағы  бәсекеге  қабілетті  тұлғаларды  даярлауда  үлесі  мол. 
Сондықтан  оқу  процесінде  инновациялық  технологияны  қолдану  –  заманның  басты 
талабы болып саналады. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Айтбаева А.Б. «Білім берудегі жаңа технологиялар: оқу құралы.-Алматы: Қазақ 
уникерситеті, 2011.-162 бет  
2.
 
Омарова  С.  С.  «Қазақ  мектебінің  8  сыныбында  сөйлем  мүшелерін  модульдік 
оқыту  технологиясы  арқылы  оқыту  әдістемесі»  педагогика  ғылымдарының  кандидаты 
ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертациясының  авторефераты.-  Алматы, 
2009.- 24 бет 
3.
 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық ғылыми-әдістемелік басылымы., №9.- 
2015.- 144 бет 

164 
 
4.
 
Жұмабаева  Ә.  Е.  «Мектепте  қазақ  тілі  синтаксисін  дамыта  оқытудың  ғылыми- 
әдістемелік  негіздері»  педагогика  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған диссертациясының авторефераты.- Алматы.- 2009.- 41 бет 
5.
 
Молдабек Қ. «Қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік 
негіздері» педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған 
диссертациясының авторефераты.- Алматы, 2010.- 49 бет 
6.
 
«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  республикалық  ғылыми-әдістемелік  басылымы.,  №12.- 
2014.- 144 бет 
 
 
ОӘЖ:340 
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ 
АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кажымов К.К., Заң ғылымдарының магистрі 
Құмарова Ұ.Қ. Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университет 
 
Бұл мақалада жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралады. 
Мақала  авторы  жасөспірімдер  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың  көбеюінің  себебін  айта  отырып, 
олардың алдын алу шараларын және жазалау шарларын қарастырады. 
Актуальность  рассматриваемой  в  статье  темы  обусловлена  увеличением  количества  преступлений 
среди  несовершеннолетних.  Автор  задался  целью  раскрыть  причины  роста  детской  преступности, 
обосновать меры профилактики правонарушений и применения мер наказания. 
This article about a crime among juveniles. This topic is currently relevant, because  in  a society growing 
juvenile  delinquency.  The  purpose  of  this  article  -  to  reveal  the  reasons  for  the  growth  of  juvenile  crime, 
delinquency prevention, and application of penalties. 
 
Бүгінгі  таңда  қоғамның  алдында  тұрған  басты  міндеттердің  бірі  -  балалар  мен 
жасөспірімдер  арасындағы  құқық  бұзушылықтың  алдын-алу,  кәмелетке  толмағандар 
арасындағы  қылмыстың  өсуіне  жол  бермеу  болып  табылады.  Жасы  кәмелетке 
толмағандарды  құқықбұзушылық  әрекеттерге  итермелейтін  қандай  себептер  бар  және 
оның алдын алу шаралары қандай, қандай жауапкершілік қарастырылған? Осы сұрақтарға 
жауап іздеп көрелік.  
Кәмелетке  толмағандар  мен  жастардың  қылмысымен  күресу  -  бұл  қылмыстың 
ағымдағы  себептері  мен  факторларымен  және  басқа  да  құбылыстарымен  бірге  болатын 
әлеуметтік  саяси  мәселе.  Кәмелетке  толмағандар  қылмысы  1999  жылға  дейін  жете 
қарастырылмады.  Бірақ,  соңғы  уақытта  бұл  ситуация  жақсы  жағына  өзгерді.  Мысалы, 
2014  жылғы  3  шілдеде  қабылданған  жаңа  қылмыстық  кодексте  «Кәмелетке 
толмағандардың  қылмыстық  жауаптылығына»  байланысты  арнайы  бөлік  енгізілген, 
сонымен  бірге  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Мемлекеттік  жастар  саясаты» 
бағдарламасы,  2010  жылы  29  сәуірде  қабылданған  «Құқық  бұзушылық  профилактикасы 
туралы»  заң,  содан  кейін  кәмелетке  толмағандар  құқық  бұзушылығына  байланысты 
кешенді бағдарлама өңделіп қолданылуда.  
Жалпы кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қоғамға қарсы мінез- құлық
құқыққа  қарсы  әрекеттердің  алдын  алу  ерекше  мәнге  ие,  сондықтан  кәмелетке 
толмағандардың  қылмыстылығын  ескертумен  шұғылданатын  арнайы  мемлекеттік 
органның қызметін уақыт өткен сайын одан әрі тиімді ұйымдастыруды талап етуде. Біздің 
еліміздегі кәмелетке толмағандардың жасаған құқыққа қарсы әрекеттеріне әкімшілік және 
басқа  да  алдын  алу  шаралары  құқық  қорғау  органдарына,  қоғамдық  бірлестіктерге, 
кәмелетке  толмағандардың  ісі  бойынша  және  олардың  құқықтарын  қорғайтын  құзырлы 
органдарға жүктелген. Аталған органдар өздеріне жүктелген қызметтерін тиесілі деңгейде 
атқарып  отырғандырымен,  кәмелетке  толмағандар  мен  жастар  арасындағы  құқық 
бұзушылық деңгейін төмендете алмай отыр [1].  

165 
 
Қазақстан  Республикасының  Бас  прокуратурасының  Құқықтық  статистика  және 
арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылдың 6 
айында 48833 қылмыс  жасалса,  соның ішінде 5,6%  -ын жасы кәмелетке толмағандармен 
жасалған  қылмыстар  құрайды.  Қазақстанның  көптеген  облыстарында  жасы  кәмелетке 
толмағандардың  қылмысы  төмендегені  көрінсе,  ал  Астана  қ.,  Атырау  облысы,  Оңтүстік 
Қазақстан  облысы,  Жамбыл  облыстарында  бірқалыпты  орында  тұр.  Керісінше,  Алматы 
облысында – бұл қылмыс артып отыр [2]. 
 
Өткен  2015  жылы  жасалған  жалпы  қылмыстардың  ішіндегі  кәмелетке 
толмағандардың  үлесі:  ересектермен  бірлесіп  жасаған  қылмыстардың  саны  -  2194, 
кәмелетке  толмағандардың  топтасып  жасаған  қылмыстары  -  2075  құрайды  [3].    Бұл 
көрсеткіштер  кәмелетке  толмағандар  қылмыстылығының  алдын  алу,ескертудің  әлі  де 
болса жеткіліксіз екендігінің айғағы. 
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы кейбір деректерге сүйенсек, қылмыс жасайтын 
кәмелетке толмағандардың жастық құрамы келесідей көрінеді: 14 пен 15 жас арасы - 27,9 
%, 16-17 жас - 72,1%. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының үлесі шамамен барлық 
қылмыстардың  7-8  пайызын  құрайды  екен.  Көріп  отырғанымыздай,  қылмыстарды  көп 
жағдайда үлкен жастағы кәмелетке толмағандар жасайды.  
Ол бұл жас санатындағы субъектілердің мынадай ерекшеліктерімен түсіндіріледі: 
 - неғұрлым белсенді өзін-өзі жоғары қоюға икемділік;  
-  бірқатар  жағдайда  тәртіпті  дұрыс  бағалай  алмау  және  өзге  тұлғалардың 
әрекеттерін белсенді түрде дұрыс ұғуға қабілеттің болмауы;  
- даулы жағдайдан дұрыс жол тауып шыға алмау.  
16 жастағы кәмелетке толмағандардың дәл осы ерекшеліктері әдетте оларды сәтсіз 
қоршаған  орта  әсеріне  тәуелді  етеді.  Кәмелетке  толмағандар  қылмыстылығының  негізгі 
себептеріне мына төмендегілерді жатқызуға болады: 
- кәмелетке толмағандардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырмауы; 
 - отбасындағы сәтсіздік; 
- мектептегі кәмелетке толмағандардың жеткіліксіз құқықтық тәрбиесі;  
 -  кәмелетке  толмағандарды  қылмыстық  әрекетке  тартатын  ересек  тұлғалардың 
әрекеттерінің теріс ықпалы; 
халықтың  материалдық  қамтамасыз  етілуі  және  әлеуметтік  мәртебесі  бойынша 
елеулі түрде бөлінуі;  
-
 
жасөспірімдер тәрбиеленіп отырған отбасылардың әлеуметтік  жағдайы мен 
құқықтық мәдениетінің төмендігі; 
 – кәмелетке толмағандардың түрлі себептермен оқудан тыс қалуы; 
–қылмыстың алдын алу бойынша әлеуметтік педагогтар мен мектеп инспекторлары 
рөлінің төмендігі;  
– жасөспірімдердің оқуды мерзімінен бұрын тастап кетуі
-  тұлғааралық  қатынастардағы  қатыгездікпен  қатар  жүретін  ата-аналарды  және 
тұлға  тәрбиесіне  жауапты  өзге  де  тұлғаларды  қосқандағы  халықтың  жекелеген 
топтарының ішімдікке құмарлықпен, жүйке-психикалық  және өзге де тұрақты ауруларға 
шалдығуы;   
-  құқықтық  мәдениеттің  төменгі  деңгейі  халықтың  жекелеген  топтарының 
әлеуметтік және құқықтық санасының ауытқуы; 
-  құқық  бұзушыларды  түзеу  және  қайта  тәрбиелеу  үшін,  мамандандырылған 
қоғамның  өмір  сүру  саласын  кадрлық  және  қор  жағынан  қамтамасыз  етудің 
жеткіліксіздігі. 
Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  қылмыстардың  жалпы  алдын  алу  әдетте  үш 
салада-отбасында,    мектепте  және  тұрғылықты  жері  бойынша  жүргізілуі  қабылданған.  
Әрекет  ету  барысында  осы  салалар  мен  бағыттыр  бойынша  жүргізілген  алдын  алу 
шаралары міндетті түрде бір-бірімен тығыз байланысып, кешенді сипат алуы керек. 

166 
 
Біз  мақаланың  көлемінде  кәмелетке  толмағандар  мен  жасөспірімдер  арасындағы 
қылмыстырдың  жалпы  алдын  алу  салаларының  бірі  -  отбасына  қатысты  мәселеге 
тоқталмақпыз. Кәмелетке  толмағандар  мен  жасөспірімдер  арасындағы  қылмыстылықтың 
жалпы  алдын  алудағы  отбасына  бағытталған  шаралары  бірінші  кезекте  ата-аналардың 
тәрбие берудегі ежелден қалыптасқан, күрделі де жауапты тәсілдерді игеруге бағытталып, 
балаларға  қатысты  өздерінің  міндеттерін  орындауды  бақылауға  тиімді  әсер  етуі  тиіс. 
Өкінішке  орай  осы  бағыттың  өзі  біздің  қоғамда  шешуін  таппай  отыр.  Қазіргі  таңда  ата-
ананың  бала  тәрбиесіне  толық  қатыса  алмауының  себептері  ретінде  келесілерді  атауға 
болады:  нарықтық  экономика  кезеңіндегі  әлемдік  дағдарысты  бастан  кешудегі 
отбасылардың 
әлеуметтік-тұрмыстық 
жағдайларының,тұрмыстық 
әл-ауқатының 
төмендеуі,  баланың  толық  отбасында  тәрбиелене  алмауы,отбасылық  рухани 
құндылықтардың  жетіспеуі,  отбасындағы  келіспеушілік,  жанжал,отбасы  мүшелерінің 
өздеріне  тиесілі  рөлдерін  қажетті  деңгейде  орындай  алмауы,  балалар  қараусыздығы  мен 
бақылаусыздығы және т.б.  
Статистикаға  сүйенсек  заң  бұзып,  қылмыс  жасаушы  кәмелетке  толмаған 
жасөспірімдердің  көбі  толық  отбасында  тәрбиеленбегендер,олардың  ішінде  29  %  әкесіз 
тәрбиеленгендер,ал ата-анасының екеуі де қызметте болып, тәрбиеге уақыт болмауы 8 % 
құрайды. 
Осындай  жағдайлардың  әсерінен  қадағалаусыз  қалған  жасөспірімдер  әртүрлі 
психологиялық  табыссыз  факторлардың  туындауына,одан  әрі  құқықбұзушылық 
әрекеттерге,  содан  барып  қылмыс  жасауға  орын  береді.  Кәмелетке  толмағандардың 
қылмыстылығының 90 % осы қадағалаудың болмауының салдарынан екенін атай кеткен 
жөн.  Сонымен  қатар,  компьютерлік  клубтарда  компьютерлік  ойындарға  беріліп  ойнау, 
осы ойындарға тәуекел болуы да жасы кәмелетке толмағандардың ағзасын улап, ашулану 
және қоршаған ортасын сыйламау секілді жаман қасиеттерге душар болуына әкеп соғады. 
Бұлардың барлығы құқықбұзушылыққа итермелейтін себептердің бірі болып табылады. 
Кәмелетке  толмағандар  мен  жасөспірімдердің  қылмыс  жасаудағы  бірден  бір  кең 
таралған  себептерінің  бірі  алкогольдік  және  есірткі  заттарды  қолдану,сонымен  қатар 
жүйкеге  әсер  ететін  заттарды  көп  қолдану  болып  келеді.  Алкогольдік  және  есірткі 
заттарды  қолданудың  бірден  бір  себебі  ретінде  қызығушылық  -  52,3  %  көрсетеді,өзінің 
рахат  сезімі  үшін-19,2  %,достарынан  қалмау  -  10  %,    ал  қалған  бөлігі  деппрессия 
жағдайында бір нәрсені ұмыту, бір нәрсемен айналысу болып табылады. 
Кәмелетке  толмағандарға  әсер  ету  үшін  оның  отбасының  әр  мүшесіне  қатысты 
шаралар  ұйымдастырып,  оны  жүзеге  асыра  келе,  жаппай  қоғамда  қылмыстық  саясатпен 
қоса  әлеуметтік  саясатты  жүзеге  асыруды  қажет  етеді.  Кәмелетке  толмағандар  мен 
жасөспірімдерді  өзінің  ортасынан,  қоғамнан  жеке  бөліп  алып  тәрбиелеу  мүмкін  емес, 
сондықтан  біртұтас  қаралатын  шара  болмақ.  Әлеуметтік  саясатты  жүзеге  асыру  кезінде 
ата-аналардың  балаға  дұрыс  тәрбие  беретіндей  жағдай  жасап,бала  тәрбиелеудегі 
жауаптылығын  арттырып,  құқықтық  және  әлеуметтік  тұрғыдан  сауаттандырған  дұрыс. 
Тұрмысы  төмен    отбасыларға  әлеуметтік  көмек,  ана  мен  баланы  қолдау,  ең  бастысы 
отбасындағы  қылмыстық,  құқық  бұзушылық  мінез-құлықты  алдын  ала  анықтауға  баса 
назар  аудару.  Ата-аналарға  қоғамдағы  отбасы  институтының  бала  тәрбиесіндегі  рөлінің 
ерекшелігін  сезіндіру,  оны  насихаттау.  Ол  үшін  балаға  қоршаған  ортасы,мектеп,  оқу 
орнының  алдында  негізгі  тәрбие  беруші  ата-ананың  бала  тәрбиелеудегі,  білім  беру  мен 
басқа  да  қажеттіліктерді  өтеу  міндетін  атқаруда  жауапкершілік  жүктеу,  қоғаммен 
қабылданған нормаларды орындауға үгіттеу, үндеу, тіпті болмаса мәжбүрлеу шараларын 
қарастыру. 
Кәмелетке  толмағандар  жасайтын  қылмыстың  алдын  алу  үшін  ата-аналар  және 
білім  беру  қызметкерлері  жасөспірімдердің  тұлғалық  дамуына  қолайлы  жағдай  жасауы 
қажет.  Ол  –  оң  эмоционалды  ықпал,  материалдық  игілік  және  дербес  те  сенімді  қарым-
қатынас,  пән  мұғалімдері  өткізетін  қосымша  дәрістер.    Жасөспірімдердің  бойындағы 
қуатын  игілікті  арнаға  бұру  үшін  спорттық  және  техникалық  сабақтар  үлесін  көбейтіп, 

167 
 
қоғамдық  іс-шараларға  тартудың  мәні  зор.  Олардың  өз  күштеріне  деген  сенімділіктерін 
нығайту  үшін  «табысқа  жету»  салдарын  дамытып,  зиянды  әдеттердің  алдын  алу  және 
теріс  қылықтарымен  қатар  араласатын  ортасын  қатаң  бақылауда  ұстау  жақсы  нәтиже 
береді  [4].  Осыған  байланысты,  Қазақстан  Республикасында  ювеналды  әділет  жүйесін 
дамытудың  өзектілігі  жоғары  тұр.  Ол  қылмыстық  құқық  жүйесінде  жасөспірімдермен 
жұмыстың  әдістерін  өзгерту  қажеттілігін,  қылмыстық  және  азаматтық  үдеріс  аясында 
кәмелетке  толмағандардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  нақты  жағдайда  барынша 
сақтауды айқындайды. 
Қорыта келгенде, жылдан-жылға күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы тәлім-
тәрбие  жұмыстарын  заман  талабына  сай  жаңа  жүйеге  бейімдеу  мақсатында  мектеп  пен 
ата-ана, мектептен тыс тәрбие ошақтары арасында тығыз байланыс орын алуы тиіс және 
кәмелетке  толмағандармен  құқықтық  тәрбие  жүйелі  түрде  жүргізілу  керек.  Демек, 
ювеналды  әділет  жүйесіндегі  келесі  өзгерістер  сот  алдында  тұрған  кәмелетке  толмаған 
жасөспірімнің  құқық  бұзушы  емес,  ерекше  субъект  ретінде  танылуын,  баланың  жеке 
басының ерекшеліктерімен қатар оның тұратын аймағын ескеруді, құқықтық шаралармен 
қатар  сот  жанындағы  арнайы  әлеуметтік  қызметкерлер  тарапынан  кәмелетке 
толмағандарды  әлеуметтік  жағынан  түзету  мақсатын  көздеген  бағдарламаларды  жүзеге 
асырудың бастамасы болып табылады. Дұрыс тәрбиеленген адам қарапайым еліктегеннен 
саналы  тәртіпке  көшеді,  мақсатты  әрекетпен  айналысуға,  сыртқы  жағдайлар  мен 
шарттарға белсенді әсер етуге, оларды дұрыс бағалап, нақты әрекет жасауға және оларға 
тәуелді  болмауға  мүмкіндік  алады.  Ата-ана,  мектеп,  жоғары  оқу  орны,  құқық  қорғау 
органдары  жүйелі  түрде  жұмыс  атқарса,  сонда  ғана  алға  қойылған  мақсатқа  жетуге 
болады,  себебі  кәмелетке  толмаған  -  өз  еліміздің  азаматы,  еліміздің  болашағы.  Ал 
жасөспірімдерді  дұрыс  тәрбиелеу  біріншіден,  ата-ананың,  сосын  қоғамның  әрбір 
мүшесінің ортақ ісі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет