Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық
шарты». Оның «Үш анық» еңбегінде ар-ұждан мәселесі қарастырылады.
Шәкәрім біріншіден - онтологиялық жолындағы гносеологиялық, таныммен,
екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал
үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына
барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді.
«Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады.
Мұны орысша «совесть» деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым,
өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап
істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды» - дейді.
Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ интеллигенциясының шығармаларындағы негізгі философиялық ізденіс.
2. XX-XXI ғасырдағы отандық философия.
3. Іргелі философиялық мәселелердің
өмір және өлім мәселесімен байланысы:
метафизика және моральдық философия.
4. Қазақ ойшылдарының әлемдік көрмелері.
5. Философиялық көзқарастардың әлеуметтік-саяси аспектілері
6. Қазақ философиясының өмір және өлім негізгі сипаттамасы.
7. Қазіргі заман қазақ философиясында өмірдің мәні.
4 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 4.1 Негізгі әдебиеттер 1.Ғабитов, Т.Х. Философия [Мәтін]: Оқулық / Т.Х. Ғабитов.- Алматы: ТОО "Лантар
Трейд", 2019.- 337б.- ("Оқулық "орталығы грифі берілді). -2экз
2.Габитов, Т.Х. Философия [Текст]: Учебник / Т.Х. Габитов.- Алматы: ТОО "Лантар
Трейд", 2019.- 380 б.- (Рекомендовано РУМС МОН РК). -2экз
3. Ғабитов, Т.Х. Философия негіздері [Мәтін]: Оқулық / Т.Х. Ғабитов.- Алматы: ТОО
"Лантар Трейд", 2019.- 337б.-2экз ("Оқулық "орталығы грифі берілді). ҚР ЖОО
Ассоциациясының шешімімен ең таңдаулы оқулық қатарына енген."Рухани жаңғыру"
бағдарлама аясында дайындалған
4.Ғабитов, Т.Х. Қазақ философиясы [Мәтін]: Оқулық / Т.Х. Ғабитов.- Алматы: ТОО
"Лантар Трейд", 2019.- 206б. -2экз
5.Ғабитов, Т.Х. Ғылым тарихы мен философиясы [Мәтін]: Оқулық / Т.Х. Ғабитов.-
Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2019.- 337б. -2экз