Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да
еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы,
себепсіз құбылыс
болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында
қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға
байланысты екендігімен түсіндіреді.
Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік
заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық
көзқараста болғанын
көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам,
оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды
екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың
қалдығы» деген
еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы
ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: