Дін этностардың оқшаулану факторларының бірі
болып табылады және этнос
мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын зерттеуден, оның
этнологиялық анықтамалары шығады.
Жоғарыда айтылғандар – дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері. Бірақ, жеке-
жеке алғанда дін деген не, ол қалай пайда болды, хақ дін деп қайсысын айтамыз,
деген
тәрізді сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Теология мен философияның өзі
көзқарастар қайшылығы болып табылады. Сондықтан дінді әлемдегі құбылыстарды
қабылдау мен түсіндірудің, әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы, жеке адамдардың
және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі немесе мәдени
феномен тұрғысында қарстыру
бізді діннің шын табиғатына бір қадам жуықтата түседі.
Достарыңызбен бөлісу: