Международный гуманитарный технический



Pdf көрінісі
бет36/43
Дата19.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#69228
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Шпенглер (1880-1936 жж.) болды. Оның ойынша, тарихта әртүрлі мәдениеттер өз-өзін 
тудырып, гүлдеп, акырында өмірден озады. Тарихтағы әрбір мәдениет дара, өзінің ішкі 
қайталанбайтын құрылымымен көрінеді. Бір мәдениеттің шеңберінде өмір сүрген тұлға 
екінші мәдениеттің ерекшелігін толығынан ешқашанда ұға алмайды. Сондықтан оларды 
тек сырттай салыстыру арқылы ғана бағалауға мүмкіндік аламыз. 
Әрбір мәдени типтің тарихтағы өмір сүруі шамамен 1200-1500 жылға созылады. Әрбір 
мәдениет «жастық шағынан өтіп, есейе келе» өз жұмсақтығы мен шабытынан айырылып, 
қатая бастайды. Өмір мұздаған салқын лебізді ақыл-ой (рационализм) торына түсіп, 
тікелей шындықтан өрбитін шабыт, шығармашылық техникалық үстемдікке ауысады. 
Ақырында мәдениет цивилизацияға ауысып, қоғамның алып материалдық денесі оның 
рухын тұншықтыра бастайды. Еуропаның күйреуі осыдан басталады. 
XX ғ. ортасында ағылшын ғалымы Арнольд Тойнби (1889-1975 жж.) цивилизациялық 
талдаудың жаңа түрін дүниеге әкеледі. Оның ойынша, тарихтағы әрбір цивилизация 
қоршаған ортаға бейімделудің негізінде өзіне тән рухани құндылықтарын, шаруашылық 
формаларын жасайды. Сондықтан жер бетіндегі мәдениет формалары әрқашанда әртүрлі 
болмақ. Бірақ казіргі жағдайда Атлантикалык цивилизация дүние жүзіндегі басқа 
халықтарға үстемдік көрсетіп, олардың мыңдаған жылдар бойына жинаған мәдени 
тәжірибесіне, құндылықтарына нұқсан келтіруде. Дегенмен де А.Тойнби тарихқа деген 
О.Шпенглердің пессимистік көзқарасына қарсы. Тарихи дамуда белгілі бір мәдениет 
қандай қиындық көрсе де, оны адамның ерікті де жауапты іс-әрекеттері аркылы жеңе 
алады. Оны көрсету үшін ойшыл тарихи сопылыққа екі жаңа категория енгізеді. Біреуі - 
қоғам 
алдына 
қоятын 
тарихтың Талабы болса, 
екіншісі 

оған 
берілетін 
қоғамның Жауабы. Цивилизацияның өсуі, әрі қарай күрделенуі - сол нақтылы заманның 
қойған Талаптарына сәйкес келетін шешімдер, Жауапты табу болмақ. Егерде ондай 
Жауапты элита таба алмаса, онда ол цивилизацияның сағы сынып, оның күйреуіне жол 
ашылады. Сонымен цивилизация тағдыры азшыл шығармашылық топтың іс-
әрекеттерімен тығыз байланысты. 


А.Тойнбидің енгізген бұл категорияларының методологиялық маңызы өте зор. Ол әсіресе 
модернизация, жаңару үрдісіндегі көп дамып келе жатқан елдерге аса қажет. 
Тәуелсіздіктің басында, Елбасының басшылығымен жасалған жаңа ұлттык саяси элиталы 
шешімдерінің арқасында заманның қойған Талабына біз дұрыс Жауап қайтара алдық. 
Соның нәтижесінде Қазақстан өз тәуелсіздігін уыстан шығармай, жаңа мемлекеттің 
іргесін нығайтуда. Егерде сол кезде басқа элита тобы болып, заманның Талабына сәйкес 
Жауап таба алмағанда, Қазақ елінің тағдыры аянышты болуы мүмкін еді. 
Қазіргі адамзаттың дағдарысынан шығу жолын ойшыл Бүкіл дүниежүзілік рухани 
бірліктен көреді. Ал ол үшін дүниежүзілік діндердің аса қадірлі жақтары біріктіріліп, 
бірегей Дүниежүзілік дін дүниеге келуі керек. Сонда ғана әртүрлі цивилизациялардың 
басы бірігіп, бүкіл адамзаттың әрі карай дамуына жол ашылады, деп А.Тойнби өз 
ойларын корытады. Цивилизациялық талдаудың соңғы үлгілерінің біреуі XX ғасырдың 60 
жж. аяғында жасалған болатын. Осы кезде К.Маркстің жасаған формациялық теориясына 
канағаттанбаушылық байқалды. Өйткені Кеңес Одағындағы мемлекеттік меншікке 
негізделген жоспарлық экономика Батыстағы капиталистік жекеменшікке негізделген 
нарықтық экономикамен сайыска түсе алмай, артта қала бастады. Ал К.Маркстің 
формациялык теориясы бойынша, социализм капиталистік коғамның жеткен жетістіктерін 
басып озып, одан да гөрі асқан өндіргіш күштерді тудыруы керек еді. Осы ахуалды ескере 
отырып, Д.Бэлл, Р.Арон, У.Ростоу сияқты Батыс ойшылдары К.Маркстің коммунизм 
теориясын «утопиялық, ешқашанда өмірге келмейтін сағым» ретінде қарап, олай болса 
қоғамды талдаудағы жаңа әдістеменін керек екенін алға тартты. Сондықтан Батыс 
әлеуметтік философиясында формациялық талдаудың орнына цивилизациялық сараптау 
жолының тағы бір түрі келді. 
Бұл талдаудың негізінде жатқан анықтаушы - қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы, яғни 
бұл әдістемені де қоғамды материалистік жолмен түсінудің бір түрі ретінде қарауға 
болады. Оны кейбір кезде «технологиялық детерминизм» деп атайды. 
Осы тұрғыдан оның алғашқы сатысын аграрлық цивилизация деп атайды. Ол алғашқы 
қауымдық қоғамнан кейін дүниеге келеді. Оның өмір сүруі тарихта бірнеше мың 
жылдарға созылды. Оның негізгі мінездемелеріне келер болсақ, халық ауылдарда 
шоғырланған және материалдық игіліктердің бәрі дерлік сонда өндіріледі. Қалалар әлі 
кішігірім ғана, онда тек мемлекеттік шен иелерімен қатар ақсүйектер ғана тұрады. Енді 
еңбекті ұйымдастыру принципіне келер болсақ, ол мәжбүрлік, зорлық-зомбылыққа 
негізделген: толығынан иесіне тәуелді құл мен жартылай тәуелді шаруа, әрине, жақсы 
өнімді жұмыс істеуге мүдделі емес. Сондықтан мемлекеттің күш қолдану мекемелері 
көлемді болып келеді, өйткені оқтын-оқтын езілген таптар көтеріліске шығады. Бірақ 
қоғамды өне бойы қолдың күшімен ұстап тұруға болмайды. Сондықтан бұл қоғамның 
рухани тірегі ретінде бүгінгі таңдағы дүниежүзілік діндер пайда болады. Қайсыбір діннің 
негізгі атқаратын қызметі — езіліп, зардап шеккен адамның жан дүниесіне рухани әсерін 
тигізіп, тыныштандыру, қарымына о дүниедегі жұмақты ұсыну болмақ. 
Мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген бұл қоғам жаңа дәуірде индустриалдық 
цивилизацияға ауысады. Бұл қоғамның дүниеге келуі, негізінен, машиналық өндірістің 
пайда болуымен байланысты. Олай болса, материалдык игіліктердің пілдей бөлігі қалада 
өндіріле бастайды, ауыл болса тек шикізат өндіретін дәнекерге айналады. Негізгі халық 
урбанизация (urban - қалалық, лат. сөзі) үрдісіне түсіп, қала тұрғындарына айналады. 
Орасан зор мыңдаған жұмысшылар бір жерде шоғырланған зауыттар мен фабрикалар 
пайда болады. Адамдардың бір-біріне тәуелділігі жойылып, занды түрде олардың құқтары 
теңеледі. Соның нәтижесінде зорлық-зомбылыққа негізделген еңбек жойылып, оның 
орнына экономикалық мүдделілік келеді. Бір жағынан, капитал иелері, екінші жағынан, 
жұмыс істеу қабілеті, күшінен басқа ештеңесі жоқ адамдар бір-біріне қосылып, еңбек 
үрдісін кұрайды. Индустриалдық қоғам өндіргіш күштерді бірнеше ғасыр шеңберінде 
бұрың-соңды болмаған дәрежеге көтереді. Өне бойы жаңарып жатқан машиналар мен 
өндіріс жабдықтарын игеру үшін халықты ағарту, білім беру қажет болды. Жалпы 


алғанда, халықтың тұрмыс және мәдени деңгейі анағұрлым биік дәрежеге көтеріледі. 
Дегенмен екі қарама-қарсы мүдделері бар капиталистер мен жұмысшы таптар арасындағы 
қайшылықтар өршіп, әртүрлі таптық күрес формаларын тудырады. Ақырында, 350 жыл 
шамасына созылған тез қарқынды индустриалдық даму екі үлкен дағдарысқа келіп 
тіреледі: олар бір-бірімен тығыз байланысты энергетикалық және экологиялық 
қиындықтар болатын. 
Аталған дағдарыстардан шығу жолында жаңа компьютерлік технологиялар дүниеге келіп, 
энергияны аз пайдаланатын, олай болса, экологиялық жағынан да ұтымды өндіріс 
ошақтары пайда болады. 
Сонымен XX ғ. 60 жж. біршама индустриалдық жағынан дамыған қоғамдар 
постиндустриалдық (роst 

кейінгі) 
сатыға 
көтеріледі. 
Оны 
кейбір 
кезде 
информациялық (ақпараттық) қоғам дейді. Бүгінгі таңда постиндустриалдық сатыға 
жеткен елдерде 1 млрд. жуық адам өмір сүреді (әдебиетте оларды «алтын миллиард» деп 
атап кеткен). Бұл елдерге Батыс Европа елдерін, АҚШ, Канада, Австралия мен Жаңа 
Зеландия, Жапония, Малайзия, Сингапур т.с.с. жатқызуға болады. 
Бұл сатыға жеткен қоғамдар қандай сапалық ерекшеліктерге жетті? 
Постиндустриалдық мемлекеттердің негізгі институтына университеттік білім беру 
саласы айналып отыр. Ол елдердегі жоғары оқу орындары негізінен үш шеңберден 
тұрады. Оның өзегін лекциялар оқылатын, семинарлар жүргізілетін оқу кешендері, екінші 
шеңберде - ғылымның ең соңғы жетістіктерінің негізінде жасалған лабораториялар, 
үшінші шеңберінде эксперименталды шеберханалар мен аз көлемді түрде жаңа 
технологиялардың негізінде ойлап шығарылған заттарды шығаратын мекемелер 
орналасқан. Яғни шығармашылык деңгейге кетерілген жастардың неше түрлі 
идеяларының іске асуына барлық жағдайлар жасалған. Соның арқасында, университеттер 
өндіргіш күштердің дамуының негізгі қайнар көзіне айналуда. Біздің жас мемлекетімізде 
де университеттердің дамуына жағдай жасалып жатқаны осы тұрғыдан алып қарағанда 
түсінікті болар. Әрине, бүгінгі таңда біз оқу орындарының лабораториялық базаларын 
күшейтуге ең алдымен көңіл аударуымыз қажет. 
Постиндустриалдық қоғамды кейбір кезде «тұтыну қоғамы» деп атайды. Өйткені өндіргіш 
күштердің орасан зор дамуының нәтижесіндс халықтың көпшілігінін материалдык ахуалы 
биік деңгейге жетіп, қолдағы байлықтан ләззат алуға бағытталған, сол арқылы өзін 
қоғамға көрсету (демонстративтік тұтыну) өмір салты қалыптасты. Сонымен «homo 
consumer» (тұтынушы адам) дүниеге келді. 
Бүл арада біз постиндусгриалдық қогамның теріс жақтарын талдауга көшемізБірінші 
қоятын сұрағымыз: индустриалдық қоғамдағы адамды құрал ретінде пайдалану, 
байлықты, капиталды негізгі мақсат-мұрат тұту жойылды ма? Әрине, жоқ. 
Постиндустриалдық коғам өндіргіш күштерді өте биік дәрежеге көтеріп, миллиондаған 
адамдардың орасан зор күш-қуатын босатты. Ол күш-қуат қоғамның рухани жаңаруына, 
адамдардың жан-жақты дамып, шығармашылық деңгейге көтерілуіне жұмсалудың орнына 
материалдык заттар арқылы өмірден неше түрлі сезімдік ләззат алуға бағытталады. 
Өйткен себебі, капиталдың өне бойы өсуі нарықтағы айналымның тез өтуімен тығыз 
байланысты. Керісінше жағдайда ол тоқырауға ұшырайды. Сондықтан жыл сайын жаңа 
тауарлардың сан алуаны шығарылып, жарнама аркылы адамдарға таратылады. Оларды 
тұтынатын адамдар өздерін өмірдің желісінен қалмадық деп есептейді де, тұтына 
алмағандар өзін бишара ретінде сезінеді. Мүндай өмір салты көбірек тұтынуды өмір 
мақсатына айналдырадыал ол үшін көбірек ақша табу керек, оның жолында сайысқа 
түсіп, стреске ұшырап, неше түрлі транквилизаторларды қолданып, ақырында көп 
адамдар жүйке ауруларына шалдығады. Өмірдің мән-мағынасы жойылған адам әлеуметтік 
ауытқулыққа (социальная аномалия) шалдығып, қылмыстық жолға, я болмаса 
маскүнемдік, нашақорлық, тіпті өмірден бас тартуға (суицид) дейін барады. 
Постиндустриалдык қоғамда көп адамдар өзін еркінмін деп сезінгенмен, іс жүзінде, 
биліктегілердің байқалмайтын нәзік ықпалынын шеңберінен шыға алмайдыОны іске 


асыратын -сол елдердегі «Mass-media» (насихат, ақпарат беру) құралдары. Саясаттану 
тілінде оны «public relation» ,қысқаша, «Р.К.» (бұкаралық қарым-қатынас) деп атайды. Ол 
әсіресе сайлау кезінде кеңінен қолданылады. Оның кейбір «кара» жақтары біздің елімізге 
де келіп жетті емес пе? 
«Осындай өмір салтының негізінде Батыс қоғамдарында тұлғалық ерекшеленуліктің 
орнына біркелкілік келіп, іс жүзінде халык бұқарасының көпшілігі массаға (біркелкі 
адамдарға) айналды», - деп қорытады XX ғ. испан ойшылы Х.Ортега-и-Гассет. Оған 
себепкер болған өндірісті конвейерлеу, миллиондаған бір-біріне толығынан ұқсас 
заттарды жасау және оны тұтыну, орташа, тіпті тұрпайы талғамға сәйкес келетін мәдениет 
туындыларын жасау және оны миллиондаған адамдардың тұтынуы т.б. 
Постиндустриалдық қоғамдағы өзгерістерді талдай келе XX ғ. ұлы гуманисі 
А.Швейцер адамның материалдық күш-қуаты өскен сайын, оның руханиятының 
тайыздана беретінін өкіліне айтады. Ол осы қоғамдағы мәдени-адамгершілік дағдарысты, 
адамдардың бір-біріне деген карым-қатынасының жүдеуін, адам болмысының мән-
мағынасының азғанын, адамдардың бір-бірімен толыққанды да сән-салтанатты 
дидарласуының жетіспейтіндігін көрсетеді. Американ-неміс философы Э.Фромм Батыс 
адамының бақытты өмірді шексіз тұтыну жолында іздеуінің жалған жол екенін көрсетеді. 
Ал Нобель сыйлығыньщ лауреаты К.Лоренцке келер болсак, техникалык прогрестің 
айнала қоршаған ортаны аздырғаны жөнінде, табиғаттың айбындылығы мен сұлулығына 
қазіргі адамның мән бермей-тінін, оның күшті де ыстық сезімдерінің саркылып, зардап 
пен қуаныш-шаттықтың орнына зерігудің келгенін қазіргі адамзаттың күнәсі ретінде алға 
тартады. Ал Франкфурт мектебінің өкілі М.Хоркхаймер жоғарыда көрсетілген 
кемшіліктердің негізгі себебін Батыс адамының коршаған ортаны өзгертіп, билеп-төстеуге 
бағытталған құштарлығынан көреді. 
Бұл айтылған пікірлерден шығатын бірауыз сөз - ол қазіргі Батыс технократизмі мен 
сциентизмінің болашағынын жоқтығы, бұл жолда адамзаттың бірде-бір негізгі 
мәселелерінің шешілмейтіндігі болса керек. Қазіргі адамзаттың корланған сан алуан 
қайшылықтары тек қана рухани жаңару, қайта түлеудің негізінде шешілуі қажет. 
Біздің ойымызша, бұл жолда көшпенділердің адамзатқа берері баршылық. Өйткені олар 
ар-намысты материалдық байлыққа жетуден гөрі биік ұстаған. Қазақ санасында «қанағат» 
ұғымы үлкен орын алады. Жалпы алғанда, өмірлік бағытқа деген көзқарастың негізінде 
Батыста «ене-бойы жетіспейтін экономика», ал Шығыста «молшылық экономикасы» өмір 
сүреді деген пікірді біз Батыс ойшылдардың өзінен естиміз. Бір карағанда мұндай пікір 
ақылға сыймайтын абсурд сияқты. Бірақ оның шындығы мынада. Батыс коғамында 
өндіргіш күштер анағұрлым биік дәрежеде болғанымен, тойымсыз коғамды 
қанағаттандыру мүмкін емес. 
+Шығыс қоғамында экономиканы адамның негізгі қажеттіліктерінің өтелуімен 
байланыстырады. Ал одан артық өндірілген заттар молшылыққа әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет