Международный гуманитарный технический



Pdf көрінісі
бет8/43
Дата19.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#69228
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
Философия

 


№ 3 тақырып 
 
Сана, рух және тіл. 
Жоспары: 
1. Жан, ақыл, парасат, рух.
2.Антикалық философиясын-дағы рух пен парасаттың космологизмі 
3.Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы. 
Негізгі ұғымдар: 
Антика философиясы, субстанция, натурфилософия, классикалық философия, эллиндік 
философия. 
Жан, ақыл, парасат, рух. Антикалық философиясындағы рух пен парасаттың 
космологизмі. Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр 
дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі. Сананың гносеологиялық моделдері. 
Жаңа заман философиясындағы тума идеялар концепциясы және cogito статусы. Неміс 
классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері. Шәкәрімнің үш 
анығы. Шәкәрім рух туралы. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Тәндік және 
руханилық. 
Мазмұны 
Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері. Сананың 
қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез. Сананың шығу тегі мен мәні: 
негізгі концепциялар. Шығыс философиясындағы сана мәселесі. Сана құрылымы. 
Бейсаналық, 
сана, 
санадан 
жоғары. 
Сананың 
сезімдік-перцептілік, 
эмоциялық, құндылықтық-мотивациялық, 
жігерлік, 
логикалық 
компоненттері. 
Бейсаналықтың 
философиядағы 
негізгі 
концепциялары 
(З.Фрейд, 
К.-Г.Юнг). 
Постмодернистік философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез). Сана және 
өзіндік сана. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, 
өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік. 
Сана және ұлттық сана-сезім. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық 
сана-сезім. Рухани жаңғыру – ұлттық сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келуі. 
Ойлау және тіл. М.Қашғаридің тіл философиясы. ХХ ғ. философиясының 
«лингвистикалық бұрылыс»: сана философиясы тіл философиясы ретінде (аналитикалық 
және структуралистік интерпретациялары). Тіл және ұлт. Латын графикасына көшудің 
қазақ ұлты мен қазақ тілінің дамуындағы рөлі. Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – 
адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және 
рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, 
философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың 
балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары 
қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған. 
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан өлмейтін 
құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға 
балаған. Халқымыздың “шыбын – жан” деген сөзі осындай ұғымнан туындаған. 
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір 
сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын 
қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан 
түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп 
түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай 
аладымыс. 
Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. 
Сол органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер – нуклеин 
қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге 
жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда болды деген сұрзу өзінен-өзі шешіледі. 


Енді сол клетканың пайда болуымен жоғары дамыған организм – адам, оның санасы 
аралығында табиғатта жүз миллиондаған, бәлкім миллиардтаған жылдар жатқан болар. 
Ендігі мәселе – сана деген не, ол қалай пайда болды, мәні неде деген сияқты сұраулар. 
Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек 
ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – аса 
күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. 
Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14 – 15 миллиардтай. 
Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ, сыртқы 
тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және 
аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары 
арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) 
қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты 
байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер 
қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді. 
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы 
қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды 
деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, 
оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет 
дейміз. Халықта: “Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, 
шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек. 
Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге 
сүйіп айтады? Олардың ойынша,адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, 
жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда 
объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол 
ненің бейнесі деп күдік айтады. 
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізгеәсер ететін – 
сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми 
оларды қорытады, шешім жасайды. Әрейне адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні 
сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша 
айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат 
ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель 
де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім 
жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нірсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс 
сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше. 
Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстын екінші 
құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара 
жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден, ыстық пен суықтан, 
жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, үгетіліп қиыршық құмға айналады. Теңіз 
жағасындығы тастар қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын 
су толқыны. Сана да – дәл осындай әсердің нәтижесі. Дүние танымда адамдардың 
іздерісмүмкіндіктерінорасан 
зор 
дамытқанғылымкиберннетика. 
Ол 
күрделі 
информацияны қабылдап, оны сұрыптап, талдап белгілі жүйеге түсірпі, нақтылы шешімге 
келтіретін және ол процестерді баққаратын ғылым. 
Сана белгілі бір дәрежеге – сана – сезімге айналады. Сана – сезім өзін — өзі сезініп, ұғыну 
арқылы жететін сананың еі жоғарғы сатысы. 
Сана – сезім дегеніміз – адамның өзін — өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекентенетін 
субъект ретінде тұсіне бастауы. Адамның сана сезімі қанша таптық, топтық, қоғамдық 
сана 
– 
сезімдерге 
тығыз 
байланысты. 
Тағы адам өзін табиғаттан бөліп қарай алмайды. Саналы адам бөлініп алады. Сана өзінің 
шығу жағынан екігші. Бірақ сана енжар емес, белсенді перменді рөлі бар құбылыс. Оның 
белсенбілігі – бейнелеуді таңдай алады, келешекті болжай біледі. Сана дұниені бейнелеп 
қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайды. Құрылыстар мен 


машиналарды табиғат дайын күінде бізге сыйламайды, адам жасайды. Сол арқылы сана 
затқа айналады, заттандырылыды. 
Халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуі ұлттық, әлеуметтік прогрестің басты үрдісі болып 
табылады. Жаңару жағдайында бұл үрдіс ғылыми-техникалык революция ықпалымен әрі 
қарай дами түспек. Кейінгі жылдары саясаттанушылар, социологтар, психологтар, 
философтар мен тарихшылар ықыласы аталмыш тақырыпқа арта түскенімен, оның 
көптеген қырлары зерттеуді қажет етеді. Әлбетте, бұл проблеманың барлық тұйткілдерін 
бір мақалада қамту мүмкін емес. Сондықтан, мен ұлттық сана-сезім өсуінің кейбір 
қырларын ғана ашып көрсеткім келеді. 
Соңғы кезде Қазақстанның этникалық, этносаяси қауымдастығын зерттеуде ұлттық сана-
сезім мен оның өсу проблемасы үлкен маңызға ие болып отырғаны белгілі. Осыған 
байланысты ғылыми әдебиет пен мерзімді баспасөзде «ұлттық сана-сезім және оның өсуі» 
деген үғымның өзін айқындауда айтарлықтай алшақтықтар байқалып жүргенін айта 
кетуіміз керек. Мұндай алшақтықтар, менің пікірімше, біріншідсн, аталмыш құбылысты 
танып-білудің күрделілігінен; екіншіден, оның ұзақ уақыттар бойы ғалымдар назарынан 
тыс қалып келгендігінен, үшіншіден, ұлттық санасезім ұлттық санамен тендестіріле 
қаралғандықтан, ал тертіншіден, оның мәніне дұрыс түсінік берілмей, тіпті жөн-жосықсыз 
бұрмалануынан туындаса керек. 
Қазақстан халықтары ұлттық сана-сезімінің өсуін талдамас бұрын әуелі ұлттық сана 
дегеніміздің өзін түсініп алғаны жөн. Ұлттық сана -ұлттар мен ұлыстардың рухани 
дамуының мәнін, деңгейі мен ерекшеліктерін айқындайтын әлеуметтік, саяси, 
экономикалық, эстетикалық, философиялық, діни және өзге де көзқарастар жиынтығы. 
Мейлі, қазақ немесе басқа ұлт болсын ұлттық сананы олардың жекелеген өкілдері 
туғызбайды, ол ұлттық қауымдастықтағы ұжымдық санада пайда болады. 
Демек, Қазақстан халқының ұлттық сана-сезімі — олардың ұлттық санасының өзегі мен 
негізгі құрамдас бөлігі. Ол — республиканың нақты халқын, оның өткенін, бүгінгісі мен 
болашағын, басқа халықтар арасындагы орны мен ролін өзіне арқау етіп алады. Мысалы, 
қазақ халқының ұлттық сана-сезімінде негізінен оның өзге ұлттық қауымдастыктарға 
қатынасы «өзінікі» және «өзгенікі» дегеннің ортақтығы мен айырмашылығы сипатын 
түйсінуі болмақшы. Осыған байланысты оның ұлттық сана-сезімінде мәселенің дұрыс 
немесе теріс көрініс табуы да мүмкін. Сондықтан ұлтшылдық және шовинистік 
сезімдсрден ада, шынайы интернационалистік сана-сезім ғана халықтың шынайы ұлттық 
мүддесін бейнелей алады. 
Қазақстан халықтарының ұлттық сана-сезімі жедел дамумен қатар уақыт ағымына қарай 
өзгеріп те отырады. Ұлттық сана-сезім бұл, сайып келгенде, халықтың өзінің қадір-
қасиетін танып-білу, өзі турасындағы ұғымдар жүйесі деген сөз. Қазақстандықтардың 
ұлттық сана-сезімінің белгілі бір құрылымдық белгілеріне ұлттық тегін тануын, озық 
дәстүрлеріне ұлттық мактанышын, республика мен адамзат прогресінің дамуына қосқан 
үлесін, этникалық санасьн, аумақ, мәдениет, тіл, тарихи өткен кезеңі, ұлттық мүдцелсрі 
туралы түсінігін, өзге халықтарға көзқарасын жатқызар едік. 
Осылайша, ұлттық сана-сезім бұл адамдар қауымдастығы ретіндегі халықтың өзінің 
өткені мен қазіргісін, даму деңгейін, қоғам прогресіндегі орны мен ролін, бостандық 
дәрежесін, адамгершілік келбетін, мұраттарын сезініп, экономикалық өмір, аумақтық 
байланыстар, мәдениет, тіл, психикалық болмыс арқылы ұштасып жататын әлсуметтік іс-
қимыл субъектісі ретіндегі өз мәнін танып-бағалауы болып табылады. 
Қазақстан халықтарының ұлттық сана-сезімінде демократиялық кұрылыс табиғатына тән 
жалпыадамзаттық, интернационалдық белгілер қалыптасады. Біздің республика халқының 
ұлттық сана-сезімі жалпыадамзаттық құндылықтармен байып, оның кемелденуіне жол 
ашады деп пайымдаймыз. Осыған байланысты Қазақстан халқының ұлттық сана-сезімі 
өсуінің қандай себептері бар деген сұрақ туындайды. Біріншіден, демократиялық құрылыс 
халықгардың қайта түлеуі мен дамуының қуатты көзі болып табылады. Ол барлық 
халықтардың экономикалық және мәдени прогресіне қолайлы жағдайлар туғызады. 


Ұлттық факторлардың орнығуы, жаңаруы мен дамуы үшін жаңа сапалы негіз 
қалыптасады. 
Екіншіден, қазақстандықтардың білімі мен мәдени дәрежесінің өсуі, олардың әлеуметтік-
саяси белсенділігінің артуы ұлттық мүдделердің мәні мен ролін сезініп, олардың ұлттық 
сана-сезімді орнықтыруға бастайтын жолдарын саралауға көмектеседі. Адамдардың 
танымдары жаңарып, өз халқының өткені, бүгіні мен болашағы туралы үғымы байи 
түседі. 
Үшіншіден, ұлттық сана-сезімнің өсуі Қазақстан халықтарында жүріп жатқан шоғырлану 
үдерістеріне және ішкі бірліктердің күшеюіне негізделеді. Бұл түста кейбір халықтар 
санының жедел табиғи өсуі де елеулі маңыз атқарады. 
Біздің республика халықтары сана-сезімінің өсуі заңды объективтік құбылыс. Әңгіме даму 
үрдісі мен халықтардың жақындасуын білдіретін өзіндік әлеуметтік-психологиялық 
феномен жайында болып отыр. Сондықтан жалпы қазақстандық сананың қалыптасуы мен 
дамуына орай республиканың барша ұлттары ұлттық сана-сезімдерінің өсуі де жалғаса 
түспек. 
Осы арада ұлттық сана-сезімнің үздіксіз өсуінің қандай әлеуметтік салдары болады деген 
мәселе туындайды. Ол ұлтаралық кикілжіңге, халықтар арасындағы жатсынушылық пен 
қырғи қабақтық көріністерге, ақырында ұлтшылдық пен шовинизмге әкеліп соқтырмай 
ма? Әлде халықтар достығын, Қазақстан халқының бірлігін нығайту арқылы ұлттық сана-
сезімнің дамуын реттеп отыру мүмкін бе? 
Халықтардың ұлттық сана-сезімдері күрделі әлеуметтік-психологиялык кұбылыс 
екендігін ескере отырып, мұның жағымды жағымен қатар жағымсыз тұстары болатынын 
да айта кеткен ләзім. Мысалы, Қазақстандағы казактардың өз мәдениетіне, тарихи 
өткеніне шектен тыс ден қоюы өз тарихын, ұлттық өмір тұрмысын әсіре 
марапаттаушылыққа, өз халқын асыра бағалап, Қазакстандағы казактардың және басқа 
халықтардың үлесі мен жетістіктеріне кемсітушілікпен карауына әкеліп соқтырады. Сол 
сияқты чечен халқының үлттык сана-сезімінің өсуі, айталык, ұлттық дандайсушылыққа, 
өркөкіректікке, төзімсіздік пен басқа да келеңсіз әрекеттерге ұрындыруы мүмкін. 1986 
жылғы желтоқсанда Алматыда, сондай-ақ, Жаңаөзенде және республиканың баска да 
аудандарында болған ұлтаралық қақтығыстар үлттық сана-сезімдегі өзгерістердің айқын 
мы-салы бола алады. 
Өзіне сын көзімен қарамаушылық көп ретте «интернационалдылық» немесе ұлтшылдық 
көріністерін тым әсірелеп жіберуге немесе ұлттык жалпыадамзаттық мүдделермен 
қабыспайтын орыстандыруға, өзінің мүмкіндік-қабілеттерін асыра бағалаушылыққа 
ұрындырады. Қол жеткендерін шексіз дәріптеушілік әсіресе голощекиндік және колбиндік 
көзендерге тән құбылыс болды. 
Республиканың кез кслген халқының оның санының аз-көптігіне қарамастан, өздеріне тән 
құндылықтары, өз тарихы бар. Әрбір адамның өз тарихын, өз халқының салт-дәстүрлерін 
мақтан тұтуы табиғи нәрсе. Сондықтан уақыт пен ұлтаралық қарым-қатынастардың 
табиғи 
үдерісін 
айналып 
өтіп, 
қазақстандықтардың 
санасын 
жедел 
түрде 
«интернационалдандыруға» 
ұмтылу 
үлкен 
қателік 
болар 
сді. 
Әрі 
«интернационалдандыру» ұлттық ерекшеліктерді жоққа шығару, барлық мәселеге 
біржақты қарау тұрғысынан түсініліп келгенін де ескеруіміз керек. 
Осылайша ұғынылған «интернационализм» іс жүзінде кері әсер етіп, жұртта 
этноцентристік пиғыл туғызады. Қазақстан халықтары өмірін «интернационалдандыруды» 
жеделдету үрдісі тек ұлттық факторға қысым жасап қана қоймай, оның ұлттық сана-сезім 
мен маңызды әлеуметтік-психологиялык діңгегі — ұлттык мақтаныштың езін 
елемеушілікке әкеліп соқтырды. Ұлттық мүдделерді аяқасты ету көптеген аудандары 
экологиялық апат жағдайында қалған Қазақстанның табиғи байлығын талан-таражға салу, 
орталық ведомстволық мүдделерді дәріптеу қазақ халқының ұлттық сана-сезімінде 
жатырқаушылық, ашыну мен наразылық күйлерін туғызды. 


Бұл арада өмірдің қай жағы болмасын ұлттық мүдделерге келіп жанасқанда ұлттық сана-
сезім өзіндік көңіл-күйге де қатты әсер етеді. Бұған қазақ халқы өте әділ назар аударды. 
Ол Қазақстан аумағында 40 жыл бойына ядролық қарулардың кең көлемді сынақтары 
жүргізілгені және жүртшылықтың оны тоқтату жөніндегі талаптарына құлақ аспағаны 
туралы ренжіп, қайғырды. Әрине мүндай шешімдердің оспадарсыздығы қазак халқының 
ұлттық сезіміне қаяу түсірмей қоймағанын белгілі. Тағы бір мысал, Қазақстан сирек 
кездесетін пайдалы қазбаларға бай екендігі белгілі, бірақ шын мәнінде республиканың 
осындай өз байлығына өзі иелік ете алмауы оны бейшаралық пен отарлық жағдайға душар 
етті. 
Осыған байланысты орталықтың аузын арандай ашқан алпауыт министрліктері мен 
ведомстволары өздерін бөтен елдегі жаулап алушылар сияқты сезініп, Қазақстан 
байлығын ту-талақай етіп, судай сапырып отырғанымен, рсспубликаның әлеуметтік-
экономикалық дамуына, оның экологиялық, мәдени, дәстүрлік ерекшеліктеріне аса 
салғырт қарағандарын да айта кету керек. Мысалы, «ғасыр жобасы» аталынған терістік 
өзендерін бұру немесе Қазақстанды бір жақты монокультуралық дамуға ғана бағыттап, 
оның ұлан-ғайыр аумағын атом полигондарына айналдыру тәрізді қаскөйліктер нағыз 
қылмыстық 
әрекеттердің, 
адамдар 
тағдырына 
деген 
түрпайы 
төрешілдік 
немқұрайдылықтың куәсі болып табылатыны даусыз. Мүның үстіне, ғалымдардың 
деректеріне сүйенсек, Қазақстанға қудаланып келген халықтар санының ұзын-ырғасы 1,5 
миллион адам болса, ал тың игеруге деген желеумен басқа республикалардан 1 млн. 300 
мың адам көшіп келген. Осының бәрі ұлтаралық қатынастарда алауыздық туғызып, 
жергілікті жерлерде ұлт саясатының бағасын кұлдыратып жіберді. Сөйтіп, бұлар 
әлеуметтік торығушылық, енжарлық, әділетсіздікті сезіну т.б. секілді әлеуметтік-
психологиялық салдарларға әкеп соқты. 
Ұлттық сана-сезім және ұлттық сезім дегендер аса кінәмшіл де нәзік. Тіпті баска үлт 
өкілдерінің әзіл ретінде аңдаусыз айтқан бір ауыз сөзінің акыры да насырға шауып кетуі 
оп-оңай. Мысалы, Алматыдағы желтоқсан оқиғасына байланысты бұқаралық ақпарат 
құралдарында пайда болған «қонаевшылдык»; КОКП ОК қаулысындағы «қазақ 
ұлтшылдығы» деген байбаламдар да қазақ халқының ұлттық сезімін жараламай қойған 
жоқ. Осы «қазақ ұлтшылдығы» деген сөз ешқандай негізсіз, бүкіл қазақ халқы үшін ар-
намыска тиетін сөз. Мен мұны тек казақ халқының емес, бүкіл Қазақстан халқының 
намысына тиер сөз деп бағалар едім. Мұнымен шұғылданған комиссия болған жағдай 
жариялылык пен демократия салдары деген қорытындыға келді. 
Батыс мәдениеті әкелген «толеранттылық» немесе сананың ашықтығы идеясы қазақ елі 
үшін өте өзекті болып отыр. Өйткені көптеген ұлттар мен ұлыстар жиналған қауым 
өзгенің мәдениетін менсінбеуі мүмкін емес. Елдердің аралас-құраластығы олардың 
арасында экономикалық қатынастарды ғана емес, мәдени, рухани байланыстарды да 
күшейте түседі.Қазіргі уақытта бүкіл әлем толеранттылыққа тәрбиеленіп жатқандай. 
Жаңадан өсіп келе жатқан ұрпақтың санасында кертартпалыққа қарағанда, өзгенің 
мәдениетіне қызығушылығы әлдеқайда жоғары, саяхаттауға құштар. Өзге елдің салт-
дәстүрі мен мәдениетін, табиғаты мен географиясын білгісі, көргісі келеді.Бүкіләлемдік 
толеранттылық ағылшын тілінің әмбебап тіл болып қалыптасуына әсер етті. Егер әлем 
халықтары толеранттылыққа тәрбиеленбегенде, ағылшын тілінің де үрдіс алуы қиындау 
болар еді. Елбасы мақаласында қарастырылған «сананың ашықтығы» ұғымының үш 
белгісі аталады. Оның бірі өзге мәдениетті игеру, көру, түсіну болса, екіншісі жаңа заман 
ағымына бейімделу, түбегейлі өзгерістерге бой үйрету, үшіншісі озық мәдени 
жетістіктерді үйрену, меңгеру.Адамның оқып білгенге, естіп түсінгінге қарағанда, көріп 
түсінген әлдеқайда әсерлі болмақ. «Көп көрген – көреген» дейді мұндайда халқымыз. 
«Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра» деген мәтелдің астарында көзбен көріп, 
көңілге түйгеннің зердесі әлдеқайда зейінді екенін меңзейді. Сондықтан көбірек көруге, 
қызықтап қайтуға тырысқан игілік болмақ. Көп көргеннің таным көкжиегі кең болады. 
Көкжиегі кең тұлға алыстан байыптап, ұзақтан ойланатын болады. Мұны Елбасының 


мақалада айтылған ойымен сабақтауға болады: «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» 
деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – 
табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. 
Ақпарат дереккөзі: 
https://massaget.kz/mangilik_el/47792/
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет