Международный гуманитарный технический



Pdf көрінісі
бет6/43
Дата19.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#69228
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Философия

№ 2 тақырып 
Философияның пәні мен әдісі 
Жоспар: 
 
1. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары. 
2.Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының сан қырлылығы және 
философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі. 
Мазмұны 
Қазақ 
философиясы 
қалыптасуының 
тарихи 
ерекшеліктері 
Ежелгі заамннан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі 
халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша 
әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін 
бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи 
жолдардан өтті. 
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық элементтерінен 
бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та 
жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-
диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да 
еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш 
көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы 
басқа мәселелері болды. 
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, 
айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның 
объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы 
алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, 
мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар 
шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік 
көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, 
құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы 
басқалар еді. Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының 
прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да 
қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі. Қазақ 
философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына 
сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған 
жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік. Бұл айтқандардан 
қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған, бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір 
тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, 
таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау – 
ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық 
шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың 
біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан онда 
адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мән бар 
еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз 
мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, 
«ұрламай» 
жеткізу 
– 
бұл 
философия 
тарихындағы 
ғажап 
құбылыс. 
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын 
көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар. Халық эпостары, 
ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер – адамдарды 
табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік 
мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени 
ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-
тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.Табиғи және әлеуметтік 


өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы 
түсінік – бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және 
негізделген көзқарас болған жоқ, сондықтан ол философияның басты бағыттары да 
айқындалмаған еді. Қазақ философиясының тарихы – халық тарихының ең маңызды 
құрамдас бөліктерінің ірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, 
бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы – 
халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол 
қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп 
үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, 
адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес. 
Халықтың ұлт қазаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы 
ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке 
жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзініңі жемісті жетістіктерімен 
ерекшеленеді. VI ғасырдан бастап Қазақстанның қазіргі аумағында алғашқы қауымдық 
құрылыс ыдырап оның орнына феодалдық әлеуметтік-экономикалық формация орныға 
бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет