Международный журнал информационных и коммуникационных технологий


НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА



Pdf көрінісі
бет106/187
Дата17.10.2023
өлшемі3,05 Mb.
#117203
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   187
Байланысты:
15-10-PB

НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА: 
ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ»
Осы жиында Н.Ә.Назарбаевқа осы бағытта табанды саясат жүргізіп келе жатқан басшылардың бірі 
ретінде сөз беріліп, «Бөлшектенген атом әлемді бөлшектеп жүрмесін» атты баяндамасы тыңдалды. Онда 
елбасшысы Қазақстанның бұдан бұрынғы ұсынысы- ел территориясында Халықаралық ядролық отын 
қорын құруға дайын екендігін білдірді. Сонымен бірге ядролық қарудан азат өңірлер үшін халықаралық 
деңгейде қандай да бір құқықтық нормаларды белгілеуді ұсынды. Барлық мемлекеттерді ядролық 
сынаққа тиым салатын шартқа тездетіп қосылып, оны бекітуге үндеді. Осының алдында сөз болған 
әскери мақсатта пайдаланатын бөлшектенетін материалдарды өңдеу және өніруге тиым салатын шартты 
мемлекеттердің ұйымдасуымен тездетіп қабылдау қажеттігін негіздеді [6].
Баяндамада Орталық Азия аймағы өзін қарусыз аймақ деп жарияланғаны атап өтіліп, осы тәжірибені 
әлемнің өзге де аймақтарына тарату ұсынылды. Елбасы өзін толғантып жүрген тағы бір мәселе ядролық 
клубқа қолында ядролық қаруы бар басқа да мемлекеттерді мүше ету керектігін және клуб мүшелерін 
өздерінің әрекеттерін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесімен келісе отырып жүргізуге міндеттеу қажеттігін 
баса көрсетті. Ендігі кезекте Баршаға бірдей ядролық қарусыз әлем Декларациясын барлық мемлекеттер 
біріге отырып қол қоюды жылдамдатуды ұсынды [6].
Төртінші ұсыныс
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылы АҚШ-та ядролық қауіпсіздік туралы 
саммит аясында «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінде баяндалған жағдайлар. Бұл баяндамада Елбасы 
«ХХІ ғасыр. Соғыссыз әлем» атты бағдарлама құру керек деген ұсыныс жасады. Сонымен бірге БҰҰ-да 
жаппай қырып-жоятын қаруларды жасау және одан әрі жетілдіру мақсатында пайдаланылатын ғылыми-
техникалық жаңалықтарды Тіркеу реестрін құру; ядролық қарудан таза аймақтардың тәжірибесі 
негізінде кең көлемді Бейбітшілік өңірлерді құру; БҰҰ-ның қарусыздандыру жөніндегі конференциясы 
қызметінің жаңа стратегиясын жасау сияқты ұсыныстар жасалды. Бұл ұсыныстардың бәрі ядролық қаруды 
пайдалану ол жер бетіндегі адамзаттың түпкілікті жойылуына алып келеді, сондықтан ядролық қаруды 
жасауға кеткен шығынды халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, табиғатты қорғауға жұмсаған 
тиімді деген ойлардан туындағаны сөзсіз. Сонымен бірге осы баяндаманың өзінде Қазақстанның 
әлемнің болашағына, өсіп келе жатқан ұрпақтың болашағына алаңдаушылығын көрсетеді. 
Бесінші ұсыныс
2019 жылы Астана клуб мәжілісінде сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев ядролық қарусыз 
көшбасшылардың Жаһандық альянсын құруды ұсынды. Мұндай одақ құрудың қажеттілігі ядролық 
қарусыздану және оны таратпау мәселелерінің үнемі күн тәртібінде тұру қажеттігі және оны ілгерілету 
үшін беделді, жаһандық деңгейде арнайы кеңістік құруға мүдделіліктің артып отырғандығынан 
туындайды деп көрсетті Елбасы [7].
Ендігі жерде әлем қауымдастығын алаңдатып отырған мәселе осы ядролық қарудың террористердің 
қолына түсу қаупі. 2008 жылы Қазақстан парламенті 2005 жылы БҰҰ қабылдаған «Ядролық терроризм 
актілерімен күрес туралы» халықаралық Конвенцияны бекіткен болатын. Қазіргі кезде халықаралық 
терроризм актілері әлемнің әрбір түпкірінен үнемі орын алып отырған жағдайда, ядролық терроризм 
қаупін жоққа шығаруға болмайды. Ядролық қару террористердің қолына түссе онда бүкіл адамзаттың 
өміріне үлкен қауіп төнері сөзсіз. Сондықтан мемлекеттердің ядролық нысандарды аса жоғары сақтықпен 
күзетуі, жалпы ядролық қаруды иеленуге деген ұмтылысты тоқтатқаны дұрыс болар еді.
Қазақстан әрқашанда кезінде АҚШ Президенті Б.Обама бастаған жаһандық саммиттің құрметті 
мүшесі десек артық емес. 2010 жылы Вашингтонда бастау алған осы бір жаһандық іс-шараның мақсаты 
ядролық қаруды сынауды тоқтату, ядролық қаруларды біртіндеп жою және жер бетінде ядролық қарудан 
таза әлем құру болып келеді. Қазақстан жағы 2012 жылғы Сеулде, 2014 жылғы Гаагада өткізілген 
саммиттерге қатысып, осы бағытта істеліп жатқан шаралар мен ұсыныстарын талай көрсеткен болатын. 
Саммиттің соңғы бас қосуы 2016 жылы Вашингтонда өткені бәрімізге белгілі.
Ғаламдық деңгейде өткізілген бұл саммиттердің басты мақсаты- ядролық қауіпсіздікті, әсіресе кейінгі 
кезде қауіпті болып тұрған ядролық терроризм қаупінің алдын алу, ядролық қаруға қажетті материалдарды 
өндірмеу, бақылауға алу және осы материалдар мен ядролық қаруды жасау технологиясын таратпау, 
ядролық нысандарды қорғау, төмен байытылған ядролық отынды пайдалану мәселелері қарастырып, 
барлық мемлекеттерді саммит барысында қабылданған құжаттарды орындауға жұмылдыру болып 
табылады. Алайда кейінгі кезде әлемнің әр түрлі аймақтарында орын алып отырған қақтығыстар және 
осыған қатысты белді мемлекеттердің, жергілікті елдердің арасындағы алауыздықтар бұл мәселелерді 
түпкілікті шешуге кедергі болып отырғаны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет