Сведения об авторах:
Иембекова М.О.,
к.т.н., доцент, Университет международного бизнеса.
Отен Г.Ж.,
к.т.н., доцент, Южно-Казахстанский государственный педагогический университет.
About authors:
Iembekova M.O.,
Candidate of Technical Sciences, Associate Professor, University of International
Business.
Oten G.Zh.,
Candidate of Technical Sciences, Associate Professor, South Kazakhstan State Pedagogical
University.
International Journal of Information and Communication Technologies, Special issue, march 2022
89
НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА:
ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ»
УДК 070.11
Қалиаждарова Ш.
1*
1
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Алматы, Қазақстан.
*
Эл.пошта: s.kaliazhdarova@mail.ru
Байланыс тел: +7701-735-3260
МОБИЛЬДІ АУДИОВИЗУАЛДЫ ЖУРНАЛИСТИКА: ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ INSTAGRAM STORIES-ТІҢ ОРНЫ
Аңдатпа.
Мақалада бүгінгі таңдағы аудиовизуалды журналистиканың маңызы, соның ішінде
Instagram желісінің ақпарат таратудағы орны туралы айтылады. Желідегі сторис функциясын бұқаралық
ақпарт құралдары және кәсіби журналистердің қолдануы, Instagram парақшаны қажет ақпаратты,
пайдалы мәліметтерді қабылдаудың негізгі арнасына айналдыру жолдарына ғылыми сараптама
жасалады.
Түйін сөздер:
Instagram Stories, мобильді құрылғылар, бэкграунд, блог, микроблог, креолизация,
анимация.
Кіріспе
Журналистер қызметінде әлеуметтік желілер ықпалы күннен күнге күшейіп келеді. Әсіресе масс-
медиа өкілдері инстаграм желісін тиімді пайдаланып отыр. Инстаграм – тақырып, ақпарат табу көзі ғана
емес, аудиториямен тікелей байланыс орнату, кәсіби имидж, медиабренд қалыптастыру ортасы.
Соңғы уақытта халықаралық журналистер жиындарында инстаграм сторис қызметінің аудиторияға
ықпалы туралы көп айтылып жүр. 2018 жылы Италияда өткен медиаөкілдерінің басқосуында спикерлер
Instagram Stories-тің ақпарат құралдары жұмыстарын ілгерілетудегі ықпалына басымдық танытты.
Деректерге сүйенсек, дүние жүзі бойынша 1 млрд адам Instagram желісін қолданады. Қаралу
жағынан ол Facebook-тан кейінгі орында тұр. Ал Instagram Stories-ті күн сайын 500 млн адам көреді
[1]. Theopenasia.net зерттеу орталығының 2020 жылғы деректері бойынша Instagram желісін 6,8 млн
Қазақстандық қолданады [2].
Заманауи мобильді құрылғылар бейнені сапалы түсіру, өңдеуге және жылдам таратуды жеңілдетіп
отыр. Мамандар пікіріне сүйенсек, бүгінгі таңда контент жеделділігі трендте. Әлеуметтік желідегі
мәтінді оқып, суреттерді қарап отыратындар саны азайған. Инстаграм лентадағы постың дәурені өтіп
барады. Керісінше, бейне stories форматына сұраныс артып келеді. Бұл форматтың Инстаграмның басқа
функцияларынан негізгі айырмашылықтары:
- Енді ғана түсірілген фото және бейнеден тұратын уақытша лента;
- Контентті түрлі эффектілермен өңдеуге болады;
- Сурет, бейне, мәтін, эмодзилармен әрлеу;
- Контент 24 сағаттан кейін автоматты түрде өшіріледі.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай инстаграм желісі арқылы вирусты постар өте жылдам таралады.
Сонымен қоса, мобильді түсірілім мен деректерді желіде сақтау мүмкіндігінің жоғарлығы (облачный
сервис) журналистер қызметін ілгерілетуге ықпал етіп отыр.
Instagram Stories-тің журналистер қызметіне тиімділігін төмендегі факторлар арқылы байқауға
болады:
- Оқиға ортасынан дереу ақпарат тарата алады;
- Өзі жазып, түсіріп жатқан материалына аңдатпа бере алады;
- Оқиға ортасынан түрлі лайфтар береді;
- Тікелей эфирге шығу;
- Сауалнама жүргізу;
- Журналистік материал үшін нысан, кейіпкер таба алады;
- Авторлық материал дайындау;
- Жеке имиджін қалыптастыру;
- Жеке имидж арқылы белгілі бір масс медианың имиджін ілгерілету.
Инстаграм желісін ұтымды пайдаланып жүрген тележурналистер тәжірибесіне назар аударып көрелік.
International Journal of Information and Communication Technologies, Special issue, march 2022
90
Достарыңызбен бөлісу: |