Международный журнал информационных и коммуникационных технологий


НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА



Pdf көрінісі
бет104/187
Дата17.10.2023
өлшемі3,05 Mb.
#117203
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   187
Байланысты:
15-10-PB

НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА: 
ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ»
Семей сынақ алаңында тұрып БҰҰ-ның Бас хатшысы Қазақстанның Семейдегі сынақ алаңын 
жапқандығына және сонымен бірге Орталық Азия өңірін ядролық қарудан таза аймақ деп жариялағанына 
қолдау білдіретінін айтты. Семей сынақ алаңында тұрып БҰҰ-ның Бас хатшысы Қазақстанның осы 
жердегі сынақ алаңын жапқандығына және сонымен бірге Орталық Азия өңірін ядролық қарудан таза 
аймақ деп жарияланғанына қолдау білдіретінін айтты. Сонымен қатар бұл үлкен істі басқа мемлекеттердің 
де басшылары өздеріне үлгі етіп, осындай игі істерді атқарғаны дұрыс екендігін білдірді. Бас хатшы 
осы жерде тұрып барлық жер шарындағы мемлекеттердің Қазақстанның осы бір тамаша істерінен, 
саясатынан тәжірибе, үлгі алу қажеттігін негіздеді. Сонымен қатар Пан Ги Мун елбасшысының осы 
бағыттағы жүргізген жұмыстарына маңыз бере отырып, Н.Назарбаевтың осындай жақсы істі басқа 
мемлекеттерден талап етуіне болатынын айтып демеу берді [1]. Мұның өзі БҰҰ-ның Бас хатшысы 
Қазақстанның және оның сол кездегі басшысы Н.Ә.Назарбаевтың осы бағыттағы ұстанымына және 
еліміздің ядролық қаруды таратпау жолындағы табанды саясатына берген бағасы еді.
Екінші қадам.
1992 жылы Қазақстан өз территориясындағы ядролық қарудан бас тартқандығы 
болды. Еліміз өз территориясындағы ядролық қарудан бас тартатынын жариялағанымен, мемлекеттің 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ең алдымен белді, ядролық қаруы бар мемлекеттерден 
Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне нұсқан келтірмейтіндей кепілдік алуы керек болды.
1992 жылы Америка Құрама Штаттарына алғаш рет ресми сапармен бару қарсаңында «Вашингтон 
пост» газетіне берген сұхбатында Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның екі ядролық державаның – Ресей мен 
Қытай- ортасында тұрғанын атап көрсетті. Ресейде Солтүстік Қазақстанды қосып алуды көздеген 
ұлтшыл- патриоттар бар. Қытайда Қазақстанды тарихи жағынан өздерінікі дейтін күштер бар. 
Біз Қазақстанның территориясынан ядролық қаруды шығарамыз, бірақ біздің тәуелсіздігіміз бен 
территориялық тұтастығымызға Ресей, Қытай және АҚШ кепілдік беруі керек деп баса көрсеткен еді 
[2,471].
Осыдан соң 1994 жылы 5-желтоқсанда Будапештте ЕҚЫҰ-ның саммиті кезінде АҚШ, Ресей, 
Ұлыбритания елдері Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумда АҚШ, Ұлыбритания, Ресей мемлекеттерінің Қазақстан Республикасының территориялық 
тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қарсы күш көрсету немесе оны қолдану қаупін төндіруден бас 
тартатындығы атап көрсетілген.
Осы кезде еліміз ішінде ядролық қарудан бас тарту туралы саясатқа қарсы топтар да болды, дегенмен 
бүгінгі күні дәл сол кездегі шешімнің дұрыстығына еш күмән жоқ екендігі сөзсіз деуге болады. Себебі, 
біріншіден, белді державалар өздерінің ядролық күшін толықтырып, жаңартып жатқанмен еш уақытта 
жер бетінен адамзаттың толығымен жойылып кетуіне әкелетін ядролық соғысқа жол бермейтіні анық, 
екіншіден, ядролық қару ешуақытта қолданылмайтын болса, оған артық қаражат шығарудың ешқандай 
қажеттілігі жоқ еді, өйткені ядролық қаруды ұстау шығыны онсыз да экономикасы әлсіз еліміз үшін дәл 
сол сәтте өте ауыр жағдай тудырар еді, үшіншіден, ядролық қаруды өзімізде сақтап қалатын болсақ, 
белді державалардың тарапынан біршама қысымға ұшырайтынымыз сөзсіз болды, ал бұл енді ғана 
тәуелсіздігін алған еліміздің одан әрі дамуына кедергі болары анық жағдай болатын. Міне, осы аталған 
себептерге байланысты еліміздің ядролық қарудан бас тартуы маңызды қадамдардың бірі болған деген 
қорытынды жасауға болады.
Үшінші қадам. 
1994 жылы ақпанда Қазақстан МАГАТЭ-ге мүше ретінде қабылдануы, 1993 жылы 
Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің ядролық қаруды таратпау туралы Шартты (ЯҚТШ) бекітуі, 1996 жылы 
қыркүйекте Қазақстан 1994 жылы Вена қаласында қабылданған, ядролық қондырғылар қауіпсіздігіне 
тікелей арналған «Ядролық қауіпсіздік туралы конвенцияға» қосылуы және 2005 жылы Қазақстан 
ядролық терроризм актілеріне қарсы күрес туралы Халықаралық конвенцияға қосылуы болды. 
Сонымен бірге 2010 жылы еліміздің басты Заң шығару органы атом энергиясын бейбіт бағытта 
пайдалануға қатысты төрт халықаралық құжатты талқылап, бекітті, олар: «Ядролық авария жағдайындағы 
немесе радиациялық авария жағдайындағы көмек ту ралы конвенция», «Ядролық авария туралы жедел 
хабарлау жөніндегі конвен ция» және «Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және 
радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенция» [3].
Төртінші қадам.
Қазақстан ядролық қаруды иеленуге қарсы саясатын аймақ шеңберінде дамыта 
отырып, өңір елдерінің де осы бағытта бірлесуіне ұйытқы болғандығы және соның арқасында 
Қазақстанның бастамасымен, Өзбекстан басшысының ұсынысымен 2006 жылғы 8- қыркүйекте Семей 
қаласында Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері өңірді «ядролық қарудан таза аймақ» 
деп жариялаған Шартқа қол қоюы болды. Себебі аймақ елдері үшін дәл осы кезеңде ядролық қарудан 


International Journal of Information and Communication Technologies, Special issue, march 2022 
85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет