Международный журнал информационных и коммуникационных технологий


НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА



Pdf көрінісі
бет105/187
Дата17.10.2023
өлшемі3,05 Mb.
#117203
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   187
НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА: 
ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ»
көрі, елдің қаражатын экономикалық және әлеуметтік дамуды қолдауға жұмсау, халықтың жағдайын 
жақсарту алдыңғы кезекті тұрды. Сонымен бірге ядролық соғыс адамзат өмірінің соңғы көрінісі ретінде 
белгілі және ондай дұрыс емес әрекеттерге баруға тосқауыл қою үшін осындай бірлескен әрекеттердің 
жүзеге асырылуы өте маңызды, қажетті іс екендігін барлық мемлекеттер түсінді. Ал осы Орталық Азия 
мемлекеттері үшін ядролық клубқа енетін мемлекеттер тарапынан 2015 жылы қауіпсіздік кепілдігі 
рәсімделген хаттамаға қол қойылуының өзі бұл әрекеттің белді державалар тарапынан да қолдауға ие 
болғандығының көрінісі болып табылады.
Бесінші қадам.
Қазақстан бүкіл әлемде ядролық қаруды жою бағытындағы қозғалыстың бастамашысы, 
көшбасшыларының бірі болып келеді. Еліміздің бастамасы бойынша ядролық қарудан азат әлем құру 
жолындағы қозғалысты ұйымдастыру, кеңейту бағытындағы АТОМ жобасы жүзеге асырылуда. Бұл 
жоба ядролық қаруларды сынауға қарсы әлем қауымдастығын біріктіруге бағытталған халықаралық 
науқан болып табылады. Сонымен бірге Қазақстанның территориясында МАГАТЭ-мен біріге отырып 
төмен байытылған ядролық отын Қоры құрылды. Осының өзі еліміздің ядролық қарусыз әлем құрудағы 
нақты атқарып жатқан шаралары және қосқан үлесі деп пайымдауға болады.
Алтыншы қадам.
2015 жылы Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы бірінші рет 
«Ядролық қарудан азат әлем құру» туралы барлық мемлекеттерге ортақ Декларация қабылдады. Мұның 
өзі еліміздің осы бағытта тынбай жүргізіп келе жатқан саясатының арқасында болды деуге болады. 
Сонымен бірге бұл жағдайға 2011 жылы Астана қаласында өткен «Халықаралық ядросыз әлем үшін» 
форумына қатысушылар бірауыздан «Ядросыз әлем үшін» деген Астана Декларациясын қабылдауының 
да ықпалы болғандығы сөзсіз.
Жетінші қадам.
Қазақстан Президентінің 2016 жылы «Ядролық қауіпсіз әлем және жаһандық 
қауіпсіздік үшін» сыйлығын тағайындауының өзі осы бағыттағы саясаттың тұрақты жүргізіліп келе 
жатқандығының айғағы болып табылады. Алғашқы сыйлықты іріктеу комитеті МАГАТЭ-нің бұрынғы 
бас директоры Юки Амано мен Ядролық сынақтарға жаппай тиым салу туралы шарт ұйымының 
атқарушы хатшысы Лассина Зербоға берілді [4]. Осының өзі Қазақстанның әлем жұртшылығын ядролық 
қаруға қарсы бірігіп күресіп, адамзатты жаппай қырып-жоятын қарудың бұл түрін мүлде шығармауға 
бірігіп үн қосуға шақырған саясатының маңызды қадамы екендігін айғақтайды.
Ендігі кезекте Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұсыныстары мен бастамаларына 
тоқтап өткіміз келеді.
Еліміз өзінің сыртқы саясатында ядролық қаруды таратпау саясатын осы уақытқа дейін тұрақты 
жүргізіп келеді және осы бағытта аймақтық, әлемдік деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын 
жандандырып, жаңа қауіптерге қарсы күрес шараларын белгілеуде үнемі ұсыныстарын білдіріп келеді. 
Бірінші ұсыныс.
Н.Назарбаев БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 62- сессиясында сөйлеген 
сөзінде ядролық қаруды таратпау туралы Шартты (ЯҚТШ) қазіргі кезеңдегі жағдайларға, қазіргі 
ғаламдану заманында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып беймдеуге ұсыныс жасады. Өйткені 
Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша ЯҚТШ - ның негізгі қағидалары ядролық емес мемелекеттерге арналған, 
яғни ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге ғана санкцияларды қарастырған. Ядролық қару бар державалар 
барлық елдерді қарусыздануға, ядролық қаруды ұстамауға, таратпауға, оны жасамауға шақырғанмен, 
өздері ядролық қаруларды шектеуге, қысқартуға және жоюға қатысты ешқандай әрекет жасамай отыр. 
Президенттің пікірінше осы жағдай басқа мемлекеттерді ядролық қаруды иемденуге ұмтылдырады.
Бұл жағдай «халықаралық құқықтың негізгі принциптеріне қарама қайшы келеді: біреулерге қаруды 
иемденуге және оны жетілдіруге рұқсат берілген, басқаларына ұстауға және жасауға тиым салынған. 
Мұның өзі дұрыс емес, әділетсіздік, тепе- теңдік емес»[5]
Екінші ұсыныс.
Ядролық қаруды қысқартудың жолдарын зерделеуде Елбасының үнемі ізденуде 
болғанын оның келесі ұсыныстарынан көруге болады. Осыған байланысты Елбасы «Бейбітшілік 
кіндігі» атты еңбегінде де осындай ұсыныстарының бірін былай деп негіздейді: осынау көпшілікті 
қырып-жоятын қаруды қысқартудың неғұрлым тиімді жоларын тауып жүзеге асыру үшін осы қаруды 
көлденең және тік таратпау туралы шарт жасауға қол жеткізу қажет. Себебі қазіргі ғаламдық қатер бұл 
қарудың санының көбеюінде емес, осы қарудың өзінің мемлекеттердің қолында болуында екендігі 
сөзсіз. Сондықтан ядролық қаруы бар барлық мемлекеттер өздерінің қаруларын қысқартуы керек. Сонда 
ғана әлемдегі осы қарудың түрінен туындайтын қауіптерді жоюға болады [2,285-286].
Үшінші ұсыныс.
2010 жылдың 12-13 сәуір аралығында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік 
туралы саммитінде жасалды. Бұл саммитте де Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жолындағы 
саясатына ерекше жоғары баға берілді және Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа «Батыс- Шығыс» институтының 
«Бейбітшілік және алдын алу дипломатиясы» сыйлығы табыс етілді. 


International Journal of Information and Communication Technologies, Special issue, march 2022 
86


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет